«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер



бет5/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жазудың қандай түрлері бар? 2. Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі қандай?
3. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері жайлы не білесің?
4. Орфографияның қандай ұстанымдары бар?
5. Транскрипция және транслитерация нені қарастырады?
6. Орфоэпияның қарастыратын мәселесіне не жатады?


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Фромкин В. Тіл біліміне кіріспе/ В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамс. – 10-басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 608 бет.
2. Тер-Минасова С. Г. Тіл және мәдениетаралық коммуникация/ С.Г. Тер-Минасова. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 320 бет
3. Лотман Ю. Семиосфера/ Ю. Лотман. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 640 бет.
4. Пинкер Стивен. Тіл – инстинкт: тіз мен сана туралы жаңа ғылым / Стивен Пинкер. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 386 бет.
5. Янсон Т. Тіл тарихы: Кіріспе/ Т. Янсон. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 244 бет.
6. Аханов К. «Тіл білімінің негіздері». Алматы-«Санат» 1993ж.

4 тақырып: Лексикология.Сөздік құрамның стильдік қабаттары


Жоспары:
1. Лексикологияның міндеті мен зерттеу нысаны, салалары
2.Сөз және оған тән басты белгілер. Сөздің жалпылаушылық қызметі.
3.Сөздік құрамның тарихи дамуы.
4.Тілдің актив және пассив қабаттары
5.Архаизмдер мен историзм, неологизмдерЖалпыхалықтық лексика.
6.Әдеби, кітаби, қарапайым тіл, ауызекі сөйлеу тілі лексикасы

Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді.


Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктен екендігін қарастырады. Ономосиологияның айрықша бір саласы – ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады. Лексикологияның жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында деген сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады.
Сөз - өте-мөте күрделі тілдік единица. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Тарихи тұрғыдан қарағанда, сөз мағыналары негізгі мағына және туынды мағына деп аталатын екі түрге бөлінеді.Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алып қарағанда, сөз мағыналарын екі түрге бөліп қарауға болады: оның бірі – тура мағына, екіншісі келтінді (немесе ауыспалы) мағына. Сөздің келтірінді мағынасы бір емес бірнеше болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет