АВ: ат, ой-ланды, ақ-тар;
АВВ: ант, өрт, ұлт, ырс-ырс;
Бітеу буын – дауыссыздан басталып дауыссызға аяқталады.
ВАВ: бас-тар, бас-тық;
ВВАВ: шкаф, шлаг, шлем;
Тақырып бойынша ұсынылатын рефераттар:
Қазақ тіліндегі буын құрамының ерекшеліктері.
Қазақ тіліндегі буын туралы көзқарастар.
Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз.
Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады.
Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы.: бөрене, жеребе, кереует, кінәз, үстел. Сондай-ақ тіліміздегі байырғы сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер.Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан әр түрлі болып келеді.
Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.
Сөзді буынға бөлу және тасымал мәселесін алғаш айтқан да А.Байтұрсынов. «шақырғанға» деген сөзді буынға бөліп, қалай тасымалдауға болатынын, болмайтынын түсіндіреді» Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады: ант, ұлт, ұлттық. Оның үстіне қазақтың байырғы буындары қос дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы еске берік ұстанған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын болмайды. Қазақ сөзінің буын жігін тап басып, дәл анықтайтын бұл қарапайым қағиданы меңгеруге көп білімнің керегі жоқ. Осыны ұстанып небір көп буынды сөздерді де оп-оңай буынға бөлуге болады: қа-на-ғат-тан-дыр-ма-ды.
«Қазақ тілінің орфографиясының негізгі ережелерінде» (52-бап): «и, у әріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады». Яғни тіліміздің тарихи даму нәтижесінде буынға байланысты, қалыптасқан заңдылықтар орындалады. Сөздің жолға сыймаған бөлігін келесі жолға көшіру тасымал арқылы буын жігінен жасалады.Мысалы, қа - лам, қа-зір, мек-теп сияқты сөздерді тасымалдау қажет болса, осы көрсетілген буын жігінен бірінші буынды жазып, екінші буынды келесі жолға тасымалдауға болады. Сөзде бірнеше буын болғанда да, сыйған буындар жол соңына жазылып, қалған буындары келесі жолға тасымалданады. Мына сөздерді осы көрсетілгендей буын жігінен түрліше тасымалдауға болды: ақыл – дастық, хабарландыру, хабар – ландыру, хабарлан –дыру.
Достарыңызбен бөлісу: |