«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер


Тақырып бойынша ұсынылатын мәселелер



бет37/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

Тақырып бойынша ұсынылатын мәселелер:

    1. Дыбыстардың бір – біріне әсер етуі.

    2. Қазақ тіліндегі ықпалдың түрлері.

Тілдің сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық категория - екпін. Екпін де бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей ортақ қалыптасқан құбылыс .Адам сөйлеп тұрғанда, сөйлем ішінде орналасқан сөздердің буындары мен дыбыстары немесе жеке сөздері біркелкі айтылмайды: бір сөзі қалған сөздерге немесе сөз тіркестеріне; бір буыны басқа буындарға; бір дыбысы басқа дыбыстарға қарағанда, күшті, көтеріңкі, айқын, басым айтылады да, қалған сөздері не буындары не дыбыстары бәсең, кейде тіпті күңгірт те айтылады: сөздің айтылуына, мағынасына, сөз ішіндегі дыбыстардың сапасына, сөйлемнің мағынасына екпіннің тигізетін әсері күшті болады. Сондықтан екпін тіл салаларының бәріне де қатысты. Сөйлеп тұрғанда, екпінді өз нормасынан ауыстырсақ, сөздің тұрыс айтылу қалпы бұзылады да, сол сөздің мағынасына, кейде тіпті сол сөйлемнің мазмұнына да әсер етуі мүмкін .
«Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз».
1) Сөйлемдегі сөздің не буынның, не дыбыстың оқшаулануына байланысты, бұл категорияның да нақтылы бөлінген түрлері бар. Жалпы екпін категориясының сөз екпін, ой екпін, тіркес екпін, көңіл күй екпін деп бөлінетін түрлерінің бірінен екіншісінің айырмасын, ұқсастығын, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін арнайы білу қажет. Бір-бірімен мағына жағына байланысқан әрбір екі сөз әдетте сыртқы тұлғалары ғана байланысып қоймайды, сонымен қатар, сөйлем ішіндегі орын тәртібі арқылы да байланысады. Сөздің сөйлем ішіндегі орны – грамматикалық қатынастын негізгі бір түрі, сондықтан сөйлемдегі бір сөздің дағдылы, арнаулы орны өзгерсе, ол өзгеріс сол сөйлемге азды - көпті басқадай ерекше мағыналық мән үстейді:сөйлем мүшілерінің стильдік, логикалық мәні өзгеріп отырады.
Ә. Жүнісбеков қазақ тілінің фонетикалық жүйесін мұқият зерттеудің нәтижесінде индо европа тілдеріне тән осы құбылыстың орынсыз тықпаланып келгенін, түркі тілдерінде сөз екпінінің жоқ екенін, оның қызметін бұл тілдерде сингармонизм атқартының дәлелдеді.
Тіліміздегі фонетикалық факторлар жалпы тіл ғылымының, оның фонетика саласын зерттеуші ғалымдардын дыбыс алмасулары туралы айтқан пікірлері қазақ тіліне де ортақ екенін байқатады. Сондықтан дыбыс алмасулары, олардын түрлері жайындағы жалпы тіл біліміндегі теориялық материалдар қазақ тіліндегі дыбыстық алмасулар да айқындауды жетекші теориядан бола алады.
Сөз ішіндегі фонемалардың өзгеруі негізінде дыбыс алмасулары үш түрде пайда болады . Олар – шектік / позициялық / өзгерістер, игерулі /комбинаторлық / өзгерістер, игерусіз / спонтандық немесе тарихи дағдылы / өзгерістер.
Бұл –фонемалардың бірі сөз ішінде орналасқан шектің / позицияның / тигізген әсерінен пайда болатын өзгерістер. Тіліміздегі кейбір фонемалардың кідірістен / паузадан / не бұрын, не соң қолданылуы; кей фонемалардың сөздің я буынның нақтылы шегінде / басында, ортасында, соңында / айтылуы: сөз ішінде екпін түскен буындардан екпіні жоқ басқа буындардың алыс не жақын тұруы; қазақ тіліне жат әрқилы дыбыстар қолданылуы сияқты жағдайлар әрқашан қолайлы бола бермейтіндіктен, шектік өзгерістер пайда болып отырады. Қазақ тілінде өте жиі кездесетін мынадай шектік өзгерістерді есте сақтап, дыбыс өзгерістерінің басқа түрлерінен ажырата білу өте қажет.Қазақтың байырғы сөйлеу тілінде кейбір сөздің бас шегінде тұрған фонемалардың алдынан артық дыбыс қосып айту кездеседі . Мысалы : рас- ырас; лақ –ылақ , риза- ыриза ,т.б. Бұл жағдайда қатар екі не үш дауыссыздан басталатын сөздерді айтуда да кездеседі . Мұның өзі «р», « л» немесе екі дауыссыздан басталатын сөздерді айтудағы қалыпсыздықтан шыққан .
Қазақ сөздерінің буын құрамында бір тектес екі фонема қатар қолданылмайды . Ал орыс тілі арқылы келген халықаралық және арабтан енген сөздердің көпшілігі осындай фонемалардын тіркесінен құралған. Ауызекі сөйлеу тілінің әдеттіңде осындай сөздер ішіндегі дыбыс тіркесінің арасында дыбысты қосып айту кездеседі . Мысалы : класс-кыласс, трактор-тырактор. Қазақтың байырғы сөздері бірнеше дауыссыз фонемалардын қатар тіркесуімен аяқталмайды. Сондықтан дауыссыздардың тіркесімен аяқталған басқа тілдерден ауысқан сөздерді айтуда олардың соңына артық дыбыс қосылып айтылып отырады. Мысалы: Омск- Омскы, факт- факты , банк- банкі , самовар –самауырын.
Бұл сияқты құбылыс әдеби тілімізге енген кейбір сөздердің жазылуында қалыптасып келеді. Бірақ мұндай сөздерді дұрыс жазу үшін орфографиялық сөздіктерді басшылыққа алу қажет. Кез-келген фонема кез-келген орынды қалай болса, солай кездейсоқ алмаса бермейді. Әр сөздің құрамындағы дыбыс құрылысының түрленіп қолданылу аясы, лексика –грамматикалық мағыналарының жігі, біріншіден, сол сөздің құрастырып тұрған жеке фонемаларының әр тектес фонематикалық ерекшеліктеріне және позициялық әсерлерге қатысты болса: екіншіден,іргелес қатар тұрған жеке фонемалардың бірінің екіншісіне немесе бір-біріне тигізген табихи ықпалығынан да болады .
Қазақ тілінде көптеген түбір сөздер әр түрлі грамматикалық мағынаға ауысқан кезде, олардың құрамындағы кейбір дыбыстар алмасып, ауытқып отырады. Белгілі түбірдегі бір фонеманы басқа дыбыстық түрге ауыстырмасақ, бізге қажетті лексика-грамматикалық мағына жасалмайды, мысалы: сөз-сөйле, көз-көзде-көр, бау-байла, жап-жабық-жауып –жамыл, жоқ-жоғалды-жойылды, тоқ-тоғай ды, тығыс-тығыршық, ренже-ренжіс-реніш. Әдетте тез сөйлеудің нәтежесінде жеке сөздердің құрамындағы әр тектес фонемалар сөйлеу қарқынымен үнемделіп, ықшамдалық айтылады. Кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай мағыналық өзгеріске ұшырамай –ақ бірнеше түрге ауысып айтылуы мүмкін. Бұл ауызекі сөйлеу түрінде, жергілікті говарларды жиі кездеседі. Мысалы: сүйсінші-сүйінші –шүйінші, мысық-мышық, патша-патса, сырау-сұрақ, қыстау- қыстақ, қоста-қошта, секер-шекер, батыру-матыру, тұзақ-дұзақ, құдағай-құдағи, т.б. Тарихи өзгеріске түсетін дыбыстар әртектес. Дәл қазіргі кезде бұлардың өзгеруіне мақты себеп белгісіз болғандықтан, фонемалар өз-өзінен басқа дыбысқа ауысып тұрған сияқты болып көрінеді. Бірақ тіл дамуының өте ерте кезінде, ежелгі дәуірлердегі тіл заңдылықтарының әсерімен өзгеріп, ұзақ уақыт бойы сөйлеу қалтасып кеткен құбылыстар болуы мүмкін. Яғни дыстардың спонтандық өзгерісі –ескі дәуірдің қалдығы. Мысалы, « жап » деген сөздің әр түрлі грамматикалық мағынаға ауысуындағы дыбыстарға көңіл аударсақ, түбірдің соңғы дауыссызы («п») бірде «у», бірде «б», бірде «м» болып түрленіп тұр. Бірақ осы дыбыстың түрленуі қоршап түрған фонетикалық жағдайлар (дыбыстар буын саны, буын түрі, позиция) бірдей. «П» фонемасының «б», «м», «у» дыбыстық түрлеріне ауытқып өзгеруі қазіргі кездегі фонетикалық әсерге игеруге емес. Дыбыстардың спонтандық өзгерісін тек терең этимологиялық талдау негізінде ғана тісіндіруге болады.
Сөз құрамындағы фонемалардың тарихи тұрғыда өзгеріп, ауысу процестерін зерттеу жеке сөздердің этимологиясын, оның бастапқы шығу төркінін, тарихи қалыптасуына, көне дәуірдегі мағынасына танып білуге мүмкіндік береді.

Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін.


Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болды. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Акцентуациялық жақтан жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. Тіл – тілде энклитикаға айналатындар көбінесе көмекші сөздер. Мысалы, сен ғана, үйге дейін, алыс па, жақын ба, айта ғой тәрізді тіркестердің құрамындағы ғана, дейін, па, ба, ғой деген шылау сөздер өз алдына дербес екпінге ие бола алмай, энклитикаға айналған. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.

14 Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет