«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер



бет41/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

Фонетиканың басқа процестері.
Фонетиканың басқа процестерінің біразы ассимиляция немесе диссимиляцияға
негізделеді.
Диэреза көп жағдайда ассимиляцияға негізделеді. Диэреза дегеніміз сөз ортасында дыбыстың түсіп қалуы немесе өзгертіліп айтылуы. Мысалы, честный –чесный, повестка – повеска, скучно – скушно, что – што, класс – клас т.б.
Эпентеза екі дыбыстың аралығында қосалқы дыбыстың келіп кіруін айтады. Мысалы, метр – метір, т.б.
Протеза сөз алдынан бір дыбыс қосылып айтылуы. Мысалы, шкаф – ышкаф, стакан – ыстакан т.б. Қазақ тілінде Р, Л әріптерінен басталып жасалатын сөз алдыда сөйлеуде дауысты дыбыс қосылып айтылады. Мысалы, рахмет – ырахмет, лақ – ылақ , лас – ылас т.б.
Эпитеза сөздің соңына дыбыстың қосылып айтылуы. Мысалы, өзбек тілінен және орыс тілінен енген сөздерде кездеседі: киоск, танк, пропуск, диск сөздері орыс тілінде киоска, танка, пропуска, диска түрінде айтылады да, жазылады. Ал қазақ тілінде киоскі, танкі, пропускі, дискі түрінде айтылады.
Апокопа. Тіл-тілде кейбір сөздердің соңындағы дыбыстардың түсіп қалу құбылысы апокопа деп аталады. Апокопа құдылысына ұшырайтындар көбінесе кірме сөздердің құрамындағы элеметтер. Иран тілінен енген тахт сөзінің соңғы дауысты дыбысы түсіп қалып, қазақ тілінде тахті түрінде. Араб тілінде бахт сөзі қазақ тілінде бақыт түрінде қолданумен қатар соңғы дыбысы түсіріліп бақ түрінде аталады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері қандай?
2. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы не білеміз?
3. Қазақ тіліндегі буын үндестігі (Сингармонизм) дегеніміз не? 4. Дыбыс үндестігі (Ассимиляция)дегеніміз не?
5. Неге диссимиляцияны (лат.ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі деп қарайды?
6. Тілдегі қандай басқа да фонетикалық құбылыстарды білесің?
7.Екпін (акцентуация) дегеніміз не?
8. Оның қандай басты түрлері бар ?
9. Екпіннің басқа тілдердегі атқаратын орны қандай ?
10.Екпінге қатысты Н.А. Басқақов пен А.Н.Коноковтың қандай пікірлері бар?
1. Фонетикалық құбылыстардың түрін ажыратыңыз.
2. Фонетикалық құбылыстарды зерттеген ғалымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет