Қазіргі таңДАҒы халықаралық ҚҰҚЫҚТАҒы адам және азаматтардың ҚҰҚЫҚтары мен бостандықтарын реттеудің Өзекті мәселелері


АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ



бет10/18
Дата22.04.2023
өлшемі0.79 Mb.
#472593
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ МД ОКК

3 АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ


3.1 Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше болуы

Қазақстан алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше болып сайланды. Шешім қарашаның 12 жұлдызында БҰҰ Бас ассамблеясының 67-ші сессиясы барысында қабылданған.


Сайлауда әлем мемлекеттері ішінен 183 ел Қазақстан Республикасының канди­­датурасын таңдап, бірауыздан дауыс бер­ген. Ендігі кезекте Қазақстан адам құ­қын қорғау жолында бірқатар маңызды ша­ралар қабылдап, осы бағытта халық­аралық ұйымдармен бірігіп жұмыс істейтін бола­ды. «Сайлауда бағы жанған мемлекет­тер арасында жинаған дауыс бойынша, біздің еліміз бесінші орынға, Азия-Тынық мұхит мемлекеттері қатарынан екінші орынға табан тіреді. Бұл - Қазақстан мен БҰҰ арасындағы 20 жылдық ынтымақ­тастық тарихындағы ең жоғарғы көрсет­кіштердің бірі һәм бірегейі», – дейді ресми өкіл [53, 2 б.]. Оның айтуынша, кеңестегі бес орынға аталған топтан Қазақстан, Пәкістан, Корея, Жапония және Біріккен Араб Әмірліктері сұ­раныс берген. Аталмыш сайлаудың нәти­жесінде БҰҰ Адам құқықтары жөнін­дегі Кеңесіне бас-аяғы 18 мемлекет жаңадан мүшелікке іліккен. Сайлаудан сүрінбей өткен мемлекеттердің өкілеттігі 2013 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Белді ұйымның Адам құқықтары жө­ніндегі кеңесі 2006 жылғы 15 наурызда құрылған. Кеңес адам құқықтарын қорғау саласындағы жетекші халықаралық орган қатарынан саналады. Құрамына 47 мем­лекет кіретін Кеңес жұмысы БҰҰ-ға мүше мемлекеттер үшін ашық түрде өткізіледі. Олар БҰҰ БА мүшелерінің тікелей және құ­пия дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен үш жылға сайланады.
Қазақстан адам құқықтары жөніндегі Кеңестің жұмысын белсенді қолдайды. Және тұлғаның құқықтары мен бостандық­тарын қорғау мен жүзеге асыру саласын­дағы құқық қорғау тетіктерімен ынтымақ­таса жұмыс істейді. Қазақстанның сыртқы істер министрі Адам құқықтары жөніндегі кеңес сессиясының жоғары деңгейлі сег­менті жұмысына жыл сайын қатысады. 2010 жылы ақпанда Қазақстан Женевада БҰҰ Адам құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің жаңа құқық қорғау тетігі – Әм­бебап мерзімдік шолу аясында өзінің бірінші ұлттық баяндамасын ұсынып, табыс­ты қорғап шыққан болатын. Біздің еліміздің БҰҰ-ның ең ірі құқыққорғау құ­рылымына сайлануы Қазақстанның адами әмбебап құқықтары мен бостандықтарын дәйекті нығайту мен қорғаудағы жетістік­терінің танылуы және осы саладағы бел­сен­ді халықаралық ынтымақтастыққа деген қатаң ұстанымының айқын дәлелі деп есептеуге болады. Кеңеске қабылдану – үлкен жетістік.
Еліміздің БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелікке сайлануы, сөз жоқ, ерекше қуанышты әрі аса маңыз­ды жаңалық. Алайда, бұл мәртебе бізге жай­дан-жай беріле салмағанын, мемле­кет­тің адам құқықтары саласында осы уа­қыт­қа дейін атқарған елеулі жұмыстарының бағасы ретінде берілгенін ескеруіміз керек. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз тәуелсіздігімізді маңызды орынға қойды. Сол үшін атом қаруынан бас тарттық. Бұл әскери маңызды мәселе төңірегінде шетел­дің көрнекті саяси тұлғалары жағым­ды пікірлер білдірген болатын. Яғни адам құқығын қорғау-Тәуелсіздікті қорғаудан, оны баянды етуге бағытталған игі әрекет­терден басталады. Елбасының бастамасы­мен елде адам құқығын қорғайтын 60-тан астам конвенция қабылданған екен. Осылардың негізінде ұлтаралық келісім заманы орнады. Соның жарқын дәлелі – елімізде өзге ұлт өкілдерінің құқықтарын қорғау үшін Қазақстан халқы Ассамблея­сын құрдық. Мұндай институт ешбір елде жоқ. Ұлттар арасында туындаған кикілжің, түсініспеушіліктер туындап жатса, Ассамблея аясында қаралып, шешім табады. Діни конвенция, әйелдерге қатыс­ты кемсітудің барлық нысандарын жою конвенциясы секілді қай-қайсысы болсын, шетелдік бақылаушылардың есебінде тұрғандықтан да, Қазақстан белді ұйымға мүшелікке қабылданды деп ойлаймын. Өз кезегінде бұл мүшелік біздің елге адам құқықтарын қорғау бағытында қазіргіден де зор күш-жігер жұмсауды міндеттеп, халық­аралық деңгейде орасан жауапкер­шілік жүгін артатыны анық.
Негізінен, мүшелікке Қазақстан, Эсто­ния, Германия секілді үш елден тапсы­рыс болғаны мәлім. Эстония мен Германия Еуропадағы дамыған мемлекеттер қатары­нан саналады. Құқықтық жағынан келген­де, оларды көбіне-көп өзімізге үлгі ететіні­міз жасырын емес. Соған қарамас­тан, Қазақстанның мүшелікке өтуі үлкен жетістік деп қабылдауға болады. Бұл - Қазақстан­дағы жалпы адам құқықтары төңірегінде жасалып жатқан шаруалардың негізінен оң сипатта екендігінің және оның халықара­лық деңгейде мойындалып отырғанды­ғының бірден-бір белгісі. Әлбетте, бұл – бір күнде келген жетістік емес, жиырма жыл бойы мемлекетіміздің жүргізген ішкі және сыртқы саясатының жемісі. Қуанышты жаңалықтың жүктейтін жауапкершілігі де зор. Өйткені адам құқығы мәселесі төңі­ре­гін­де белді мүшесі бола отырып, өз тара­пы­мыздан кемшіліктерді мейлінше жою үшін күш салуымыз қажет. Мәселен, ақпа­рат­тық қолжетімділік тұрғысынан бір­аз жұ­мыс істеу керек. Кейбір билік өкілдері түр­лі сылтауларды алға тартып, қоғамға қа­жет­ті ақпараттарды беруден бас тартып жа­тады. Бұл жағы заңдық тұрғысынан рет­телуі тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, ақпа­раттық қолжетімділікке қатысты заңның қабылдануын тездетеді деп сенеміз.
Біріншіден, Қазақстан азаматы әлем­нің қай түпкірінде жүрсе де, оның құқығы тап­талмайды. Себебі дамыған мем­лекет­тер­дің басым бөлігі кеңеске мүше. Екінші мә­селе, Қазақстан өзіне жа­уап­­ты міндет алып отыр, өзге мемле­кет­тер­дің азаматта­рының құқық­тары біздің елде де қорға­лады. Бұдан соң, заң­ды сұрақ туады: не себепті таңдауға Қазақ­стан ілікті? Жиырма жылдың ішінде біз­дің еліміз экономика, білім, спорт саласын­да­ғы жетістіктері мен ел­дің ішкі және сыртқы сая­саты жағынан бол­сын, әлем мемлекет­те­рін мойындата біл­ді. Өзімнің жеке пікі­рімше, хан­дық билік­тің кезінде адамдар­дың құқық­та­ры жақ­сы қорғалды. Шыңғыс ханның ке­зіндегі заңдылықтар, «Қасым­хан­н­ың қасқа жолы, Есімханның ескі жолы», Тәуке хан­ның жеті жар­ғысы ұлы даладағы адам баласының құқық­тары бұ­зыл­мас үшін жасалған. Енді, мі­не, Қа­зақ­станның кеңес­ке мүше болуы – сол ата-бабымыз­дан қалған өмірлік мәні әлі де ес­кірмеген құнды заңдылықтарды өмірге қай­­­т­адан алып келетіндей.
Адам құқықтары саласындағы жүйелі жұмыстардың жемісі Қазақстан Республикасының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мү­шелікке қабылдануы мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылдары ішінде жүргізіп келе жатқан, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін да­мы­ту­ға бағытталған жос­парлы әрі белсенді жұмысының нәти­жесі деп санай­мын. Біздің еліміз халық­ара­лық құқық қорғау құжаттарының ба­сым көпшілігіне қосылды. Адам құ­қық­тарын қамтамасыз ету үшін норма­тив­тік және институционалдық база, сон­дай-ақ азаматтық қоғам­ды дамытуға жағдай жасалды.
Еліміздің аталған Кеңеске қабылдануы Қазақстанның гуманитарлық саладағы қыз­метіне берілген халықаралық қауым­дас­тықтың оң бағасын қуаттайды.
Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мү­шелік Қазақстанға БҰҰ-ның жұмысына оның маңызды құқыққорғау органдары­ның бірінің аясында мейлінше белсенді қа­тысуға, халықаралық құқыққорғау қо­ғам­дастығына ықпалдастықты жедел­дету­ге және осы салада оң тәжірибе­лер­мен ал­масуғ­а мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Кеңестегі мүшелік әр­бір азаматтың Конституциямен және заң­дар­мен кепілдік етілген құқықтарының тиім­ді жүзеге асырылуын әрі қарай қам­та­масыз ету бойынша жауапкершілікті еселей тү­седі. 2002 жылы Қазақстанда Омбудсмен инс­титутын құру осы тұрғыдан алғанда, мем­лекеттің прогресс жолынан ауытқы­май­тын мықты ерік-жігерін айғақтайды.
Бүгінгі таңда Омбудсмен Қазақстан­дағы құ­қыққорғау ұйымдарының кең ауқымы­мен ғана емес, шетелдіктермен де сындар­лы әрекетестікте. Оның мем­лекеттік орган­дар жүйесіндегі бірегей рөлі елдегі адам құ­қықтары турасында обьективті көзқарас қа­лыптастыруға сеп­тігін тигізеді. 
Қазақстанның ұлттық құқыққорғау ме­ке­месі 2012 жылы БҰҰ-ның ұлттық құ­қық­­­­қорғау мекемелерінің халықаралық үй­лестіру комитетінде аккредитациядан сәт­ті өтті. Бұл оқиғаны да мемлекеттің құқық ­қорғау тетіктері тиімді жұмыс істеуі үшін жасап жатқан ұмтылыстарын мойын­дау ретінде қарастырған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет