Қазіргі таңДАҒы халықаралық ҚҰҚЫҚТАҒы адам және азаматтардың ҚҰҚЫҚтары мен бостандықтарын реттеудің Өзекті мәселелері


ҚОРЫТЫНДЫ Магистрлік диссертацияны жазу барысында төмендегідей байлам-тұжырымдар мен қорытындыларға қол жеткізілді



бет17/18
Дата22.04.2023
өлшемі0.79 Mb.
#472593
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ МД ОКК

ҚОРЫТЫНДЫ


Магистрлік диссертацияны жазу барысында төмендегідей байлам-тұжырымдар мен қорытындыларға қол жеткізілді:
1. Адам құқығы халықаралық құқық саласы негізгі азаматтық саяси экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен адам бостандықтарын қалыптастыратын нормалардың жиынтығы және адамның жеке құқықтары мен бостандықтарын дұрыс орындауын қамтамасыз ететін (сақталуын құқықтық ұйымдастыру механизімдері). Адам құқығы дегеніміз- адам мен азаматтың бостандықтарын бекітетін, оларды сақтау мен орындалуын қамтамасыз ететін халықаралық құқық нормалардың жиынтығы.
Адам құқығы халықаралық салаларының бірі. Халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары ұзақ тарихи қалыптасудың эталондары мен стандарттардың нәтижесі ретінде қалыптасты.
Адам құқығын қорғау әлемдік қоғамдастыққа жүктелген ең маңызды міндеттер қатарына жатады. Қауіпсіздік пен тұрақтылыққа жаңа қауіп-қатерлердің пайда болуы әлемдік қауымдастықты адам құқықтарын қамтамасыз ету тетігінің тиімділігіне белсенді және мақсатты түрде қол жеткізуге ынталандырады. Жалпы, қазіргі әлемде болып жатқан оқиғалар мен қоғамдық үдерістер адам құқықтарын қорғау мәселесіне көп көңіл аудартады. Сондықтан қазіргі кезеңде халықаралық ұйымдар адам құқықтарын қорғау бойынша қызметін күшейтті. Тарихқа жүгінсек, халықаралық ұйымдардың адам құқығын қорғау бойынша қызметі бұрыннан және түрлі формаларда жүзеге асырылуда. Бастамасы 1919 ж. Халықаралық еңбек ұйымын құрумен Ұлттар Лигасының тиісті Конвенциясын қабылдаумен қаланды. Алайда екі бірдей дүниежүзілік соғысты бастан кешіргеннен кейін ғана әлемдік қоғамдастық жеке тұлғаны бағалай бастады. Мәселен, БҰҰ Жарғысы (1 бап, 3 тармақ) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ жүйесіндегі және аймақтық халықаралық ұйымдардың шешімдерін айтпағанда, тек БҰҰ-ның өзі адам құқықтары бойынша 60 жуық декларациялар мен конвенциялар құрастырып, қабылдады. Адам құқығы халықаралық қатынастардың анықтаушы факторы ретінде 1948 ж. желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қабылдануынан кейін қалыптаса бастады. 1950 жылдан бастап әр 10 желтоқсанда Адам құқықтар күні атап өтіледі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы алғашқы халықаралық әмбебап құжат ретінде адам құқықтарының қазіргі заманғы тұжырымдамасының негізін салды және оның халықаралық қатынастарда таралуына ықпал етті. Декларацияның баптары қазіргі халықаралық құқықтың және әлемнің барлық мемлекеттерінің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы халықаралық келісім-шарт еместігіне қарамастан, соның негізінде БҰҰ-ның басқа барлық құжаттары қабылданатын ереже ретінде қалыптасты. 1946 жылы құрылған БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комиссиясы Декларация негізінде адам құқығы саласында маңызды халықаралық құжаттар құрастырды. Сонымен қатар, Бас Ассамблея 1950 ж. БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссар Басқармасын құрды. Басқарма өз қызметін 1951 ж. 1 қаңтардан бастады. Биполярлық әлем жағдайында азаматтық-саяси немесе әлеуметтік-экономикалық құқықтардың басымдылығы жөнінде сөз таластыру болғанын айта кету керек. АҚШ бастаған Батыс елдері адамның азаматтық және саяси құқықтарын қорғау тетігі жөнінде халықаралық құжатты құрастыруды ұсынды. Өз кезегінде социалистік елдер экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт құрастыруды ұсынды. БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комиссиясы екі жақтың мүддесін ескере отырып, екі құжат даярлады. Нәтижесінде 1966 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактті (1976 ж. 23 наурызда 35 мемлекет бекіткеннен кейін күшіне енген) және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактті (1976 ж. 3 қаңтарда күшіне енді) қабылдады. Осы пакттерде Декларацияға қосылмаған өз табиғи байлықтары мен ресурстарын еркін қолдану құқығы мен халықтардың өзін-өзі билеу құқықтары қосылды. 1966 жылы азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактпен қоса осы Пактке Факультативтік хаттама қабылданды. Факультативтік хаттамада 1977 ж. азаматтық және саяси
құқықтар туралы Халықаралық пакт негізінде құрылған БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комитетінің уәкілеттігін жүзеге асыру тәртібі мен қызметінің регламентациясы бар. Факультативтік хаттама өз күшіне 1976 жылы енді. Биполярлық жұйе ыдыраған кезде эксперттер адам құқықтары жөніндегі либералдық тұжырымдамалардың нығаюы туралы көп айтатын. Оған дәлел ретінде посткеңестік кеңістіктегі жалпы адамзат құндылықтардың басымдығы туралы көзқарастардың кең таралуы есептелген. Алайда 90-жылдардың соңындағы бұрынғы Югославия аумағында және 2003 жылы Иракта болған жағдайларға байланысты БҰҰ-ның көптеген елдері гуманитарлық интервенция идеясына, тәуелсіз мемлекеттердің егеменді құқықтарына қол сұғу үшін «адам құқықтарының егемендіктен жоғары болуы» туралы тезисті қолдануға қарсы сынаумен алға шықты. Нәтижесінде адам құқықтарының қазіргі тұжырымдамасы ерекше тарихи және мәдени ортадағы либерализмнің батыстық концепциясы негізінен туындағандықтан Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қағидаларының әмбебаптығы жөнінде күмәндар туралы көзқарастар пайда болды. 2000 ж. 8 қыркүйекте қабылданған БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясында адам құқықтарын қамтамасыз ету үшін жаңа шаралардың қабылдану керектігі көрсетілді. 2002 жылдан бастап БҰҰ мекемелері мүше-елдерде ішкі және сыртқы саясатта «құқық қорғаушылық қадам тұжырымдамасын» (Human Rights Based Approach) басқару идеясын белсенді насихаттады. Құқық қорғаушылық қадам тұжырымдамасы 2003 жылы толықтай құрастырылып, БҰҰ-ның реформалау стратегиясының бір бөлігі болды. Осы мақсатта адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссар Басқармасының дәрежесі көтерілді. БҰҰ өкілдіктерінде адам құқықтары бойынша кеңесшілер институты құрылды. БҰҰ реформасы аясында адам құқықтары бойынша Комиссия 2006 жылы БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Кеңесіне ауыстырылды. Адам құқықтары бойынша Кеңес БҰҰ жүйесіндегі басты құқық қорғаушылық мекеме болып табылады. Бас Ассамблея 47 орынға Кеңес мүшелерің сайлайды. Әр мүшенің өкілеттілік мерзімі 3 жыл және ешқайсысы қатарынан екі мерзімнен артық мүше бола алмайды. Орындар БҰҰ-ның аймақтық топтары арасында былай бөлінеді: 13 орын Африка, 13 - Азия, 6 -Шығыс Еуропа, 8 - Латын Америка және Кариб бассейні елдеріне, 7 орын батыс еуропалық және басқа мемлекеттерге. Адам құқықтары бойынша Кеңес, бұрынғы Комиссия сияқты, баяндаушылар, эксперттер арнайы іс-шараларын немесе адам құқықтарының жеке мәселелері және белгілі бір аймақтағы адам құқықтарының жағдайы жөнінде (2010 ж – Бурунди, Камбоджа, ҚХДР, Гаити, Мьянма, Палестина аумағы, Сомали және Судан) жұмысшылар тобын тағайындау мен жоюмен айналысады. 2012 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында Кеңес құрамына Казақстан Республикасы сайланды. 2006 жылдан бастап адам құқықтары бойынша Кеңес мемлекеттер төрт жылда бір рет тапсыратын адам құқықтарының жағдайы жайлы ұлттық есеп берудің жаңа тәжірибесін – адам құқықтары бойынша әмбебап кезеңдік баяндама (Universal Periodic Review) енгізді. Бұл БҰҰ-на мүше-мемлекеттердің адам құқықтары саласындағы міндеттері мен міндеттемелерінің орындалуын жиі шолу жасайтын тетік. Бір жыл ішінде 48 елдегі жағдай талқыланады. БҰҰ-дағы жарқын оқиғалардың бірі Ресейдің адам құқықтары бойынша Кеңесте 2009 жылы ақпанда ұлттық кезеңдік баяндама беру болды. 2010 ж. 5 қарашада АҚШ осындай шолу алғашқы рет жасады. 2011ж. шілде айында Кеңес шеңберінде Қазақстан Республикасының алғашқы рет ұлттық есебі тапсырылып, мемлекеттік құқық қорғау тетіктеріне баға берілді.
2. Адам құқықтарын қорғаудың басты кепілі қуатты, демократиялық, жақсы ұйымдасқан мемлекет болып табылады. Осыған байланысты ел ішіндегі және сыртындағы сындарға жалтақтамастан, біз демократиялық дәстүрлерді дамытумен қатар оларды қорғаудың жеткілікті дәрежедегі қатал жүйесін қарастыруымыз қажет. Сайып келгенде, заң бұзушылық үшін қатаң талап қою керек. Жала жабу, параға сатып алу, зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік шаралары белгіленуі, ал қажет болса, тиісті заңдарды қайта қарау және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттыру қажет деп санаймыз.
Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, жақсы тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру - Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты. Адам құқықтары туралы білімді өрістету - адам құқықтарының сақталуына кепіл болады. Ал, өз құқықтары мен міндеттерін жете білген адам еш уақытта жаңсақ баспасы анық.
Алдына қойған мақсатты шешудің толықтылығы. Диплом жұмысын жазу барысында бітіруші Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың сотпен қорғалу құқығы мәселесіне байланысты Қазақстанның тарихи кезеңіне қатысты әдебиеттермен қатар, жалпы адам мен азаматтың құқығының сотпен қорғалуының конституциялық құқықтық негіздерін айқындауға бағытталған, отандық және шетелдік монографиялық еңбектерді, мерзімді басылымдарда бала және отбасына қатысты мақалаларда, тұжырымдарда неке институтының негіздерін айқындайтын қазақстандық және шетелдік нормативтік құқықтық актілерді кең көлемде пайдаланған. Сондықтан да, бітіруші тарапынан зерттеудің мақсаты толығымен шешілген деп санаймыз.
3. Қазіргі таңда адам құқығын қорғау және құрметтеу әлемдік қауымдастыққа жүктелген ең маңызды міндеттер қатарына жатады. Адам құқығын қорғау бойынша халықаралық ұйымдардың қызметі бұрыннан және түрлі формаларда жүзеге асырылуда. Бастамасы 1919 ж. Халықаралық еңбек ұйымын құрумен Ұлттар Лигасының тиісті Конвенциясын қабылдаумен қаланды. Алайда екі бірдей дүние жүзілік соғысты бастан кешіргеннен кейін ғана әлемдік қауымдастық жеке тұлғаны бағалай бастады. 1945 ж. БҰҰ құра отырып, мемлекеттер Жарғының 1 бабында, ұйымды құрудағы мақсаттардың бірі «нәсілге, жынысқа, тілге және дінге бөлместен адам құқығы мен негізгі бостандықтарына деген құрметтеуді дамыту мен кеңейту» болып табылады деп келісті. БҰҰ-ын құрушылар қауіпсіздік, экономикалық даму және адам бостандығы бір бірінен ажырамас нәрсе. МОТ, ЮНЕСКО және БҰҰ жүйесінің басқа ұйымдарының және аймақтық халықаралық ұйымдардың шешімдерін айтпағанда, тек БҰҰ-ның өзі адам құқықтары бойынша 60-ге жуық декларациялар мен конвенциялар құрастырып, қабылдады. Бұл актілер мүше-мемлекеттерге адам құқығы саласында заңды міндеттемелер ғана артып қоймай, мемлекеттердің міндеттемелерінің сақталуын бақылаудың халықаралық тетіктің нақты жүйесін құруды да қарастырады. Бұл жүйе, қазіргі таңда, екі дәрежеде дамуда: әмбебап және аймақтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет