Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет107/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   217
философия хасанов

«Қоғамдық келісім» еңбегінде мемлекеттің пайда болуы «байлардың 
келісімі» арқылы пайда болды деді. Олай болса, деспотизмнен қалай 
құтылуға болады? Бұл мәселені ағартушы билікті демократияландыру 
арқылы, яғни халықты заң шығару қызметіне араластыру арқылы шешуді 
ұсынады. Тек сонда ғана мемлекет ӛзінің міндеттерін тікелей атқаратын 
болады – қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ӛз азаматтарының теңсіздігі мен 
бостандығын қаматамасыз етеді. Оған жету үшін азаматтар екі жақтың да 
құқықтары мен міндеттері кӛрсетілген «қоғамдық келісімге» келулері тиіс.
«Эмиль немесе тәрбие туралы» деп аталатын еңбегінде Руссо 
тәрбиенің ескі феодалдық-таптық жүйесін қатаң сынға алды. Ол тәрбиенің 
мақсаты адамгершілігі жоғары, зиянды кеселдерден таза, еңбекті қадірлейтін 
белсенді азамат тәрбиелеу деп біледі. Ӛзге де ағартушылар секілді Руссо 
тәрбиенің қоғам ӛміріндегі мәнін бәрінен де жоғары қойды, оның мәнін 
«жаңа адам» қалыптастырудағы және басты моральдық, әлеуметтік 
мәселелерді шешудегі рӛлімен түсіндірді.
Дени Дидро (1713-1784 жж.) Ламетри, Гольбах, Гельвеция және басқа 
да француз материалистерімен пікірлес болды, олар ӛз зерттеулерінде 
ағылшын 
эмпирик 
ғалымдарының 
физикадағы, 
математикадағы, 
астрономиядағы, жалпы жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктерін 
кеңінен пайдаланды. Ол үш онжылдық қатарынан жалғасқан кең ауқымды 
ағартушылық жобаға – «Энциклопедия немесе ғылым тілі мен ӛнердің, 
кәсіптің түсіндірме сӛздігін» жариялау ісіне дем беріп, идеялық қозғау салды.
Дидро зерттеулерінде феодалдық қоғамның «адамның ақылына 
сыймайтын» ескі кӛзқарастарын сынаумен бірге, таным мен ӛнер теориясы, 
дін мен этика мәселелеріне де ӛзінің назарын аударды.
Дидроның философиялық кӛзқарастары «Табиғатты түсіндіру туралы 
толғамдар», «Д`Аламбердің Дидромен әңгімесі» және «Материя мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет