ғасырдың
соңындағы
француз
буржуазиялық
революциясының
идеологиялық дайындығын шыңдаған ойшылдардың бірі болды.
Философияда Вольтер Локктың сенсуализмін жалғастырып, оның
ізбасары болды. Тәжірибе – таным кӛзі деп есептеді. Сондай-ақ, ол
белгілі
бір деңгейде агностик те, деист те болды. Вольтер Құдайдың бар екенін
рационалды
жолмен дәлелдеуге тырысты, ал бұл сыр ақтару туралы діни-
мистикалық ілімге қайшы келетін еді. Құдайдың болмысын әлемнің қатаң
жаратылысымен дәлелдейді. Ол діннің «практикалық»
пайдасын ғана
мойындайды, себебі дін «қарапайым халықты» тізгіндеп ұстау үшін ғана
керек, сондай-ақ ол «тәртіптің» де кепілі деді. Сонымен бірге, Вольтер
католицизмге, ырымға,
ескі нанымға, фанатизмге қарсы күресті. Оның
философиясының қайшылықты жақтары кӛп болды: католицизмді түбірімен
сынай отырып, Құдайдың бар екенін және діннің қажеттілігін мойындайы;
абсолютизмді сынайды да, «ағартушылық абсолютизмді» қолдайды. Вольтер
ірі буржуазияның идеологы болды, себебі теңсіздік мәңгілік бола береді және
ол әлемнің мызғымас заңы деп есептеді.
Достарыңызбен бөлісу: