Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


 XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы



Pdf көрінісі
бет165/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   217
философия хасанов

9.7. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы 
рационализм мен иррационализм; неогегельдік, неокантшылдық, 
эмпириомонизм, интуитивизм, экзистенциализм (Н.Н. Страхов, Б.Н. 
Чичерин, А.И. Введенский, А.А. Богданов, Н.О. Лосский, Л. Шестов) 
 
Н.Н.Страхов (1828-1896 жж.) – ғалым, табиғат сынақшысы және 
жазушы. Ол ӛзінің «Әлем тұтастық ретінде» еңбегінде әлем үйлесімді және 
органикалық тұтастық болып табылады, онда бәрі бір-бірімен ӛзара 
байланыста болады. Олар «тірілер мен құбылыстардың иерархиясын» құрады 
және оның қақ ортасында адам тұрады, – деп тұжырымдады. Ол прогресті 
жақтаушы және рухани ӛмірдің эволюциясының негізін жасаушы болып 
табылады.
Страхов Ресейде де, Батыста да рухани мәдениеттің тӛмендеуін 
байқады. Оның себебі – «материализмнің, позитивизмнің, нигилизмнің 
бәлелі кесірінде», деп кӛрсетті (Н.Лосский).
Страхов славянофилдік тұрғыдан Ресейдің рухани кӛтерілуін 
философиядағы материализм, позитивизмнің деструктивті сипатта болуында 
деп атады.
Орыс заңгері және тарихшы Б.Н.Чичерин (1828-1904 жж.) 
либерализмдік тұрғыда гегельдік мұраны талдап түсіндірді. Ол орыс тарихын 
жазудың «мемлекеттік мектебінің» кӛрнекті ӛкілі, конституциалық 
монархияның жақтаушысы болды. Ол тек монархияда ғана либеральдық 


идеялардың тәуелсіз құқықтары мен тұлға бостандығына негізделген 
қоғамдық ӛмір мен мемлекеттіктің берік үйлесімді бірлігіне қол жеткізуге 
болады деп сендірді. Чичериннің негізгі философиялық идеялары оның 
«Ғылым мен дін» (1879), «Ғылымдағы мистицизм» (1880), «Логика мен 
метафизиканың негізі» және т.б. еңбектерінде баяндалған. Жас кезінде 
гегельдік философияға қатты еліктеп, ол әрі қарай да оның тұғырлы 
ұстанымдарын басшылыққа алды.
Чичерин: нағыз шындыққа философиялық тұрғыда қарау «қарама-
қайшылықтардың», бәрінен бұрын материалдық әлем мен «ойлайтын 
субъектілердің» үйлесім табуында, – деп жазды. Ақылды тірлік иесі ретінде 
адамдардың іс-әрекетін прогрестің әмбебап – онтологиялық сипаты 
анықтайды, ең сонында бұл әрекет абсолюттік рухта тамырланады, ол 
адамзаттың және әлем дамуының диалектикалық үдерісін бағыттайды. 
Чичерин тек адамға тән бостандықты жоғары бағалады. Ол шекті және 
шексіз тірлік иесі бола отырып, адам басынан бастап Абсолютке қатысты», – 
деді.
Адамның «абсолюттілігі» мен «шексіздігі» бірінші кезекте оның 
ақылымен және абсолюттік рухтың ақиқат түрі ретінде анықталады. 
Чичериннің айтуынша, әлемдегі ӛтіп жатқан құбылыстарды аңғарудың 
«жоғары ғылымы» тарих болып табылады, атап айтқанда, тарихтың 
метафизикасы. Тарихи үрдістерде ол идеялардың даму логикасын 
айқындайды. Онда ол осы үрдістің мәнін кӛрсетеді, сондықтан тарихи 
пәндердің арасында адам ойының тарихы, философия тарихы үлкен маңызға 
ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет