–демократтардың позициясына кӛшті, кейіннен большевиктерге қосылды.
Богдановтың бірінші ғылыми еңбегі – «Экономика
ғылымының қысқаша
курсы» болды. Богданов «Табиғатқа тарихи кӛзқарастардың негізгі
элементтері» атты еңбегінде философияның стихиялық материализмінен
марксистік философияның тексерісіне келді.
Богданов ӛз философиясындағы
эмпириомонизмнің Мах пен
Авенариустың эмпириокритицизмінен басымдығын атап кӛрсетеді. Ол екі
түрлі тәжірибені – (физикалық және психикалық) анықтаумен шектелмейді.
Олардың арасындағы генеративті байланыс пен тәуелділікті – ұжымның
тәжірибесіне «физикалық» қатарды, ал «психикалық»
қатарды жеке
тәжірибеге апару жолы арқылы орнатады. Богдановтың бұл ұжымдық
тәжірибені жеке тәжірибенің орнына қайта қоюы – тәжірибені идеалистік
түрде түсіну кезінде қоғамдық ғылымдарға
махизмнің кіріп кетуін
жеңілдетті.
Богдановтың кӛзқарастарында идеализм мен релятивизм қоғамдық
сананы түсіндіру кезінде кӛрінді. Ол сәулеленудің материалистік
теориясының орнына сананың болмысқа «ыңғайлануы» идеясын жасады. Ол
содан кейін мынадай қате пікірге келді: «фетиштік» сана «практикалық түрде
ынғайлы», қоғамда «мақсатқа лайық» және «толығынан қолжетімді». Оның
айтуынша, жалпы философиялық ұғымдар – материя, рух,
субстанция,
абсолюттік ақиқат сияқтылардың белгілі бір дәуірде және сол дәуірден тыс
жерде ешқандай маңызы жоқ. Адамдардың еңбек қатынасынан туған
«танымның пұттары және фетиштерін» білдіреді. Ақиқатты «ұжымдық
тәжірибені ұйымдастырушы» ретінде қарастырады.
Сондықтан оны жалпы
мағыналылықтағы «объективтілік деп түсіндіреді». Ол үшін осындай уақыт,
себептілік, заңдылық тәжірибенің ұйымдастырушысы түрінде кӛрінеді.
Богданов материалистік диалектиканы «әлемдік дамудың формальды
заңы» деп есептеп, оған «тепе-тендіктің» механикалық
теориясын қарама-
қарсы қойды.
Богдановтың пікірі бойынша, ӛндірістік қатынастар дегеніміз –
«алғашқы ұйымдастырылған идеологиялық комбинациялардың тобы».
Сондықтан «қоғамдық болмыс» пен «қоғамдық сана»ұғымдарын бірдей деп
есептеуге болады.
Орыс
философиясындағы
иррационализмнің
кӛрнекті
ӛкілі
экзистенциалист
Достарыңызбен бөлісу: