Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Тарихи процестің доминанттары



Pdf көрінісі
бет202/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   217
философия хасанов

Тарихи процестің доминанттары туралы мәселе, сарп еткенде, адам 
мінез-құлығының архетиптерін белгілейтін детерминанттар туралы 
мәселеге келіп тіреледі. Сорокин табиғаты түрлі факторлар кешенінің 
ықпалымен әлеуметтік ӛзара қатынастар жүйесіне аяқ басқан адамдар 
баршаға бірдей нормалар мен құндылықтарға негізделген қоғаммен 
қабылдана алатын мінез-құлық стереотиптерін қалыптастыруға қабілетті 
болған кезде ғана, қоғам бола алады. Бейнебір әлеуметтік «ӛзімшілдікті» 
конституциялайтын қоғам қалыптасатын тәрізді – бірақ бұл әрбір қоғамды 
тек оған ғана тән «мағына, норма, құндылық» тұрғысынан ұғынып, 
сипаттауға болады. Осы элементтер біржолғы мәдени сапа ретіндегі жүйенің 
негізін құрайды. 
Осылайша, «құндылық» ұғымы Питирим Сорокиннің тарих фило-
софиясының орталық ұғымына айналады. Міне, осы нәрселер қоғам келбетін, 
оның мүшелеріне тән мінез-құлықты, нәтижесінде, оның тағдырын да 
белгілейді. 
Бұл тұжырымдамалардың барлығына келесі ерекшеліктер тән: қоғам 
ілгерілеуінің европацентристік, біржелілі сызбасынан бас тарту; жергіліктілік 
пен алуан түрлі сапалылық тән келетін кӛптеген мәдениеттер мен 
ӛркениеттердің бар болуы туралы тұжырым; тарихи процестегі барлық 
мәдениеттердің бірдей мәні туралы пайымдау. 


Қазіргі философиялық ой бӛлініп кӛрсетілетін кезеңдердің іріленуі 
жағына қарай аяқ басты. Мәселен, бастыс оқулықтарында кӛбірек қолда-
нылатын тәсіл бойынша келесілер бӛлініп кӛрсетіледі: 
1) дәстүрлі қоғам (капиталистікке дейінгі);
2) капиталистік қоғам (XVII – XVIII ғасырларда Батыс Еуропада 
қалыптасқан индустриялық қоғамның ерте, ӛтпелі формасын, сондай-ақ, XIX 
ғасырдың ортасынан бастап индустриялық қоғамды қамтиды);
3) постиндустриялық қоғам (ХХ ғасырдың ортасынан бастап).
Осылайша, адамзат ӛркениеттің үш «толқынынан» ӛткендей болады. 
Дәстүрлі қоғамда ауыл шаруашылық басым болса, постиндустриалықта– 
қызмет кӛрсету саласы басым болған, соңғы аталған салада негізгі рӛлді 
ақпарат атқарады. Қазіргі қоғамдағы ақпарат оның дамуына әсер ететін 
факторға айналып отыр. 
«Индустриялық 
қоғам» 
термині 
философиялық 
әдебиеттерде 
әлеуметтанудың негізін қалаушы – О.Конт пен Г.Спенсердің арқасында 
пайда болды. «Постиндустриялық қоғам» ұғымы ғылыми айналымға қазіргі 
кездің американдық ғалымы Д.Беллмен енгізілді. Индустриялық және 
постиндустриялық қоғамдардың айырмашылығы Д.Беллдің пікірі бойынша, 
индустриялық 
қоғамның 
«ӛзекті 
институты» 
жеке 
меншік, 
ал 
постиндустриялық қоғамдікі – шығармашылық білім болып табылуында.
Міне, ғасырдың үштен бірінен астам уақыттан бері Кембридж 
университетінің (Ұлыбритания) ғалымы У.Ростоудың «экономикалық даму 
кезеңдерінің теориясы» деп аталатын тұжырымдамасы кеңінен танымал 
болып, ӛзінің кӛптеген жақтаушыларын тапты. Ол қоғамның дамуында бес 
«кезеңді» бӛліп кӛрсетеді: 
1) дәстүрлі қоғам;
2) ӛрлеу үшін алғышарттар қалыптастыру кезеңі;
3) ілгерілеу кезеңі;
4) даму кезеңі;
5) жоғары деңгейде жаппай тұтыну кезеңі.
У.Ростоу, нәтижесінде, дәстүрлі және қазіргі қоғамның арасындағы 
айырмашылық, оның ойынша, қаражат салу деңгейі халықтың ӛсіміне 
қатысты тӛмен болу-болмауынан құралады деп түсіндіреді. Қоғам 
тарихының алдыңғы кезеңденуін басшылыққа ала отырып, дәстүрлі қоғам 
дегеніміз не екендігін түсінуге болады, бірақ У.Ростоумен кӛрсетілген басқа 
кезеңдер нақтылауды талап етеді. «Ауысу барысындағы қоғам» – бұл 
«ілгерілеу» үшін жағдай жасалатын, яғни индустриялық ӛркениетке ӛтуге 
қажет жағдайлар жинақталатын кезең. Ілгерілеу кезеңі (сатысы) – бұл ӛндіріс 
әдістерінің ӛзгеруіне байланысты ӛнеркәсіптік революция кезеңі. Даму кезеңі 
– «бұл экономиканың ӛзі қалаған нәрселерінің бәрін болмаса да, бәрін дерлік 
ӛндіруге техникалық және кәсіпкерлік мүмкіндіктері бар екендігін кӛрсететін 
кезең».
«Экономикалық даму кезеңдерінің теориясы» дүниежүзілік тарихтың 
дәстүрлі, индустриялық және постиндустриялық қоғамдарға бӛлуге ӛте 
жақын.


Постиндустриялық қоғам тұжырымдамасы американ әлеуметтанушысы 
Даниэл Беллдің 1973 жылы жарық кӛрген «Болашақ постиндустриялық 
қоғам» кітабында берілді. Ол аталған қоғамның негізгі белгілерін 
қалыптастырады: қызмет кӛрсету экономикасын құру, ғылыми-техникалық 
мамандар қабатының басымдылығы, қоғамдағы жаңалықтар мен саяси 
шешімдердің кӛзі ретіндегі теориялық ғылыми біліммен атқарылатын 
орталық рӛл, ӛзін-ӛзі қолдап тұратын технологиялық дамудың мүмкіндігі, 
жаңа «зиятты» техниканың шығарылуы.Экономикадағы жаңа қырларды 
талдай келе, Белл қоғамда дамудың индустриялық кезеңінен постин-
дустриялық кезеңіне ауысу басталғандығы, және экономикада ӛндірістік 
емес, қызмет кӛрсету секторының басымдылығы туралы тұжырым жасаған. 
Бұл тұжырымдамаға Элвин Тоффлердің позициясы жақын.
Тоффлер «бірінші толқын» деп «ауыл шаруашылық ӛркениетті» 
атайды. Қытайдан Үндістанға дейін, Бениннен Мексикаға дейін, Грециядан 
Римге дейін ӛркениеттер қалыптасып, бір-бірімен қақтығысу нәтижесінде 
құлдырауға ұшырап жатты. Дегенмен, бұл айырмашылықтардың артында 
іргелі ортақ тұстар да жасырын қалады. Қайда болмасын, жер экономиканың, 
тіршіліктің, мәдениеттің, отбасылық ұйымдастыру мен саясаттың негізі 
болды. Барлық жерде қарапайым еңбек бӛлінісі басым болып, бірнеше анық 
бӛлінетін касталар мен кластар болды: ақсүйектер, дін басылар, сарбаздар, 
құлдар немесе крепоснойлар. Барлық жерде де билік тым ӛктем болды. Қай 
жерде де адамның шыққан тегі оның ӛмірдегі орнын белгілейтін. Барлық 
жерде экономика орталықсыздандырылған болғандықтан, әрбір қауым 
мұқтаждық сезінген нәрселердің басым бӛлігін ӛзі жасап шығарумен 
айналысты. Үш жүз жыл бұрын – жарты ғасыр әрі-бері болуы мүмкін, бүкіл 
жерді айналып шыққан соққы толқындары ежелгі қоғамдарды қиратып
мүлдем жаңа ӛркениетті қалыптастырған жарылыс болған. Мұндай жарылыс 
ретінде, әрине, ӛнеркәсіптік революция саналады. Оның еркіндікке 
шығарылып, бүкіл әлемді басып алған алапат күші – «екінші толқын» – ӛткен 
кезеңнің институттарымен қатынасқа түсіп, миллиондаған адамдардың ӛмір 
сүру салтын ӛзгертті. 
ХХ ғасырдың ортасына қарай, «бірінші толқын» күштері қиратылып, 
жер бетінде «индустриялық ӛркениет» қалыптасты. Дегенмен, оның жаппай 
билігі ұзаққа созылған жоқ, себебі оның жеңісімен бір уақытта әлемді үшінші 
«толқын» (постиндустриялық) басып алды, ол ӛзімен бірге жаңа институттар, 
қатынастар, құндылықтар ала келді. 
Тоффлер шамамен 50-жылдардың орта тұсынан бастап, ӛнеркәсіптік 
ӛндіріс жаңа сипатқа ие бола бастайды деп кӛрсетеді. Кӛптеген технология 
салаларында техника түрлерінің, тауар үлгілерінің, қызмет түрлерінің саны 
ӛсті. Еңбектің мамандандырылуы бұдан бетер бӛлшектене бастайды. 
Басқарудың ұйымдастырушылық нысандары кеңейеді. Басылымдардың 
кӛлемі ұлғая түседі. Тоффлердің пікірі бойынша, осының барлығы 
кӛрсеткіштердің тым бӛлшектенуіне алып келіп, информатиканың пайда 
болуын шарттады. Ол болашақ қоғамды индустриялық ӛркениетке дейінгі 
кезеңге жаңа технологиялық база негізінде қайта оралу ретінде суреттегісі 


келеді. Тарихты үздіксіз толқынды қозғалыс ретінде қарастыра келе, 
Тоффлер болашақ әлемнің ерекшеліктерін талдайды, оның ойынша, оның 
экономикалық тірегі ретінде электроника мен ЭЕМ, ғарыштық ӛндіріс, мұхит 
тұңғиығын пайдалану және биоиндустрия болады. Міне, аграрлық (Бірінші 
толқын) және ӛнеркәсіптік (Екінші толқын) революцияларды аяқтайтын 
Үшінші толқын осы. 
Тоффлер қоғамдық ӛзгерістерді техникалық ілгерілеудің тікелей 
рефлексі ретінде зерттейді. Ол қоғамдық ӛмірдің түрлі тұстарын талдайды, 
бірақ басты басымдылық ретінде технологиялық саладағы ӛзгерістерді 
қарастырды (бұған энергетикалық базаны, ӛндіріс пен бӛліністі жатқызады). 
Бірақ бұл Тоффлердің қоғамның техника дамуында атқаратын рӛлін 
зерттеуден кӛңілін басқа нәрселерге бӛліп отырғандығын білдірмейді.
Ол демократияның бұдан әрі дамуы керектігін кӛрсетеді. Оның 
пайымдауына сүйенсек, феодализм барысында бір ғана ресурс – жердің 
меншік иелері үстемдік еткендігі туралы айтуға болады. Ал капитализм 
барысында – ӛндірістің барлық құралдарының меншік иелері. Социализм 
барысында бюрократия тұтас құрылым ретінде бүкіл экономиканың 
ұжымдық меншік иесіне айналды. Тоффлердің ойынша, постиндустриялық 
қоғамда да бюрократия үстемдік етуін жалғастыруда. Бірақ оның билігі 
шектеулі. Біріншіден, экономиканың ӛзінде – жеке және ұжымдық 
секторлармен. Екіншіден, бюрократияның ӛзі тұтас құрылым ретінде емес, 
бӛлек-бӛлек кӛрініс табады. Үшіншіден, бюрократия топтары жеке 
меншікпен түрлі дәрежеде бірігіп, бітіседі. 
Ӛркениеттік тұжырымдаманың аты шулы ӛкілдерінің бірі Мануэль 
Кастельс саналады. Оның «Information Age: Economy, Society and Culture» 
монографиясы ақпараттық технологиялардың дамуымен тудырылған 
ӛркениеттік процестерді талдауға арналған. Ол адамзат ХХ ғасырда негізінен 
ӛндірістің үстемдік еткен екі тәсілі: капитализм мен этатизм барысында 
тіршілік еткендігін айтады. Кастельс капитализм ӛзінің форма құраушы 
ерекшеліктерін сақтайды – жалдамалы еңбек пен капитал жинақтаудағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет