кӛзқарасы, және де осы кӛзқарастың негізінде қалыптасқан кӛзқарастар,
идеялар, танымның және қызметтің ұстанымдары, бағалы бағдарламалар.
Адам қоғаммен белгілі бір қатынаста: отбасына, ұжымға, ұлтқа, әлемге
қатынасты ӛмір сүреді. Адамда әрқашанда дүние туралы кӛзқарас қажеттілігі
болады, ол ӛмірдің әмбебап кескіні деп аталады.
Ӛмірдің әмбебап кескіні адамдардың ғылыммен және тарихи
тәжірибемен жинақталған білім деңгейі. Әр дәуір, әр қоғам, демек әр адам
адамзатты толғандырған сұрақтарға анық немесе болжай жауап бере алады.
Бұл жауаптардың жүйесін шешу жолы мен шешімі – дүниетанымның бүкіл
дәуірдің және жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастырады.
Адам ортақ білімдерге ие болып, ӛзінің осы дүниедегі орнын, ӛзінің
әрекеттерін қадағалап, ӛзі үшін ортақ және
жеке мақсаттары анықталған
дүниетанымның негізінде таниды.
Дүниетаным – ол адам ақылының іргетасы. Алған білім, қалыптасқан
иман, ойлар, сезімдер, кӛңіл-күй бір жүйеге бірігіп, адамның ӛзін-ӛзі және
бүкіл дүниені тануына кӛмектеседі. Дүниетаным – интегралды білім,
адамның тәжірибесінде жекеленген кластар. Ол, біріншіден, жекеленген
білім, тәжірибенің қызметі.
Екіншіден, рухани байлық, адами, эстетикалық
идеалдардың қалыптасуына әсер етеді.
Миф – тарихи дүниетанымның ең кӛне түрі, қоғамның алғаш
қалыптасуында рулық қауымнан бастап қалыптасқан. Мифтің құрылымында,
яғни жырлардың, аңыздардың негізінде басты сұрақтарға, аспан әлемі мен
табиғат
жағдайларының, жануарлар мен адамның пайда болуы жайлы
сұрақтарға жауап берілген. Мифологияның кӛп бӛлігін космологиялық
мифтер, әлемнің құрылымы жайлы түсінік қамтиды. Мифте адамның ӛмір
сүру түрлері, ӛлім мен ӛмір құпиясы, адамдар күтетін түрлі сынақтарға қатты
кӛңіл бӛлінген. Ерекше орынды «батырлық» жайлы мифтер және
«тұрмыстық» мифтер алады, адамдардың жетістіктері: отты жағуы,
құралдарды ойлап табуы,
егін шаруашылығының дамуы, жабайы
жануарлардың қолға үйретілуі, ал біздің заманымызда – қоғамдық мифтер.
Мифологияда дүниетанымдық сұрақтарды шешудің негізгі ұстанымы
генетикалық болатын. Дүниенің алғаш пайда болуы жайлы, табиғат
құбылыстары мен қоғамдық құбылыстар, «
кім нені жаратты?» деген
аңыздан құралды. Гесиодтың «Теогониясында», Гомердің «Иллиада» мен
«Одиссейінде» дүние келесі жағдайда пайда болды деп жазылған.
Алғашында
тек мәңгі, шексіз, қара Хаос, онда дүние жаратылысының кӛзі
жатты. Шексіз Хаостан бүкіл дүние мен мәңгі тірі Құдайлар, жер Құдайы –
Гея пайда болды. Хаостан ӛмір нәрі, күшті, бәрін тірілтетін махаббат –
мейірімнің шындықтың, сұлулықтың жоғары түрі пайда болды.
Миф ӛзіне екі аспектті біріктірді: диахроникалық (ӛткен ӛмір жайлы
аңыз) және синхроникалық (бүгінгі мен болашақ жайлы түсінік).
Мифтің арқасында ӛткен ӛмір болашақпен ұштасып, ұрпақпен рухани
байланысты қамтамасыз етті. Мифтің мазмұны алғашқы адамдарға жоғары
деңгейде шындық пен абсолюттік сенімді білдірді.
Мифтің негізгі міндеті адамға білім немесе түсінік беру емес еді. Ол
сенімдердің нақты түрі және мінез-құлықтың қалыптасуы үшін қызмет етті.
Оның реттеуші қызметі дүние мен адамның, табиғат пен қоғамды, жеке тұлға
мен қоғамның арасында тепе-теңдікті ұстау болды.
Мифологияға жақын, бірақ одан айырмашылығы бар, ол
діни
дүниетаным, жер қойнынан пайда болып, әлі бӛлектенбеген, қоғамдық ойда
дифференциалданбаған. Мифология сияқты, дін қиял мен сезімге жүгінеді.
Бірақ, мифке қарағанда дін жердегі, оның ӛзіндік ерекшеліктерін (жазықтық
пен таулы жерлер) «араластырмай» екеуін екі қарама-қарсы полюске бӛледі.
Шығармашылық құдіреті күш – Құдай, табиғат пен табиғаттан тыс тұрады.
Құдайдың болмысы ашықтық сияқты, адам сияқты уайымдайды. Шындық
ретінде адамның жаны мәңгі, бейітке барғаннан кейін де оның ӛмірі мәңгі
және Құдаймен кездесетінін біледі.
Дін – дүниетанымның екінші тарихи түрі, ол мифологиямен тығыз
байланысты. Діни дүниетанымның ӛзіндік ерекшелігі –
табиғаттан тыс
күштерге, қасиетті басқа сену. Діни дүниетаным әрқашан мифологиядан
тұрады, себебі онда түрлі мифтер, әулиелер мен Құдайлар ӛмірі жайлы
баяндалатын аңыздар қатысады. Әр дін ӛзіне соқыр сенімдердің,
ырымдардың әсері және ырыми мекемелердің жүйесін, ғаламның құрылымы
– ғылымдардан тыс түсініктемелермен түсіндіріледі.
Адамзат тарихында дін, діни Шығыс пен Батыста түрлі жағдайда
болды. Әр діни дүниетанымның орталығында жоғары құндылықтың ізденісі,
ӛмірдегі адал жолды, тіпті, мақсаттар мен
олардың транцеденттік саласы,
жер емес, «мәңгі» ӛмір делінді.
Діннің негізгі қызметі адамның ӛмір қиындықтарын, ӛткен қиын
кезеңдерін жеңе отырып, оны абсолютті мәңгі етіп кӛтеру. Философиялық
тілмен айтқанда, дін адам бойындағы транцедентті (сананың арыдан шектен
шыққанын табатын) «орнықтыру» үшін шақырылған. Дін жүрекке үміт
ұялатып, бар болмысымен адамдардың қарекетіне мағына береді, демек, адам
ӛміріне тұрақталады. Діни сенім соқыр сенімді, ол мәртебелі
пайғамбарлардың, шіркеу әкелерінің, қасиетті
жазбалардың негізінде
құралған. Ол сенімнің білімнен асқақ екендігін жариялады.
Діни дүниетанымның ерекшеліктері:
-
діни мәртебелер мен табиғаттан тыс күштерге деген соқыр сенім;
-
ӛмірді жердегі ӛмір, табиғат, аспан ӛмірі, табиғаттан тыс
күштерге бӛлу;
-
сананың дамуына шек қою;
-
иман деңгейінің қалыптасуы.
Тұрмыстан айырмашылығы мифтік, діни, философиялық дүниетаным
адам мен дүниенің рационалды санасына, олардың арақатынасы мен ӛзара
әрекетіне бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: