Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет117/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   217
философия хасанов

«Рух феноменологиясы» еңбегінде Гегель сананы объективтік 
идеализм тұрғысынан түсіндіреді. Оның ойынша, сана «ӛзін-ӛзі санамен 
ұғатын ақиқат, егер адам ақиқатты санамен танығысы келсе – ӛзін танығысы 
келетін идеяға жақын болуы керек». «Логика ғылымында» Гегель 
Абсолюттік идеяны «ойдың анықтауышы» және әлемді ӛзінің түсінігімен 
құратын күш деп түсіндіреді. «Табиғат философиясы» еңбегінде осы 
тұжырымдаманы дамыта келіп, табиғат болмысындағы «заттарды бір-бірінен 
ажырату» қалай жүзеге асатынын кӛрсетеді. Абсолюттік идеяның келесі ӛзін-
ӛзі іске асыру әрі тану сатысы – ұғымдарды санамен ұғудың субъективті 
(адамның психикасы) және объективтік (қоғам, тарих) алғышарттары «Рух 
философиясы» еңбегінде қарастырылады.
Осылайша, «абсолюттік идеяға» тірек болатын процесс деп табиғатты 
емес, адамзаттың рухани дамуын, яғни қоғамдық сана формаларының (ӛнер 
мен дін және философия) дамуын айтты. Ол үшін философия ӛзін-ӛзі 
дамытқан «абсолюттік идеяның» (логиканың) ең жоғары үлгісі болып 
табылады. Сол себепті де Гегель философия тарихын «абсолюттік рухтың» 


ӛзін-ӛзі тану тарихы деп атайды. Философиялық білім ол үшін абсолютті 
сипатқа ие. Абсолюттік идеяның ӛзін-ӛзі тану процесі нақ осы сатыда шегіне 
жетеді, сол сияқты философия да осы тұста аяқталады деп тұжырымдайды 
Гегель.
Вл. Соловьевтің ойынша, Гегель үшін «Құдай дегеніміздің ӛзі 
философиялық ақыл, ол тек жетілген философияның арқасында ғана ӛзіне 
тән абсолюттік кемелділікке ие болады». Бұл кӛзқарастың негізі бар, себебі 
Гегель ӛзінің ілімімен «философияның дамуы аяқталатынына» сенді. Ӛйткені 
Гегель абсолюттік Рухтың пайда болуы мен дамуын, ӛзін-ӛзі тануын 
түсіндіріп берген болатын. Гегельдің философиясына сүйенетін болсақ, Идея 
Рухтың ӛзін-ӛзі дамытуының ең соңғы шегі. Сондықтан осы сатыда ол ӛзін-
ӛзі танып, ӛзін-ӛзі тану процесін аяқтайды, сӛйтіп, ӛзінің рухани «бастауына» 
қайта оралады. Абсолюттік идеяның ӛзін-ӛзі дамытуының осы сатысында 
«тікелей қатынасқа түсетін» әлем адамзаттық рух (ойлау) деңгейінде, яғни 
ӛнер мен діннің, философияның кӛзқарастары тоғысында ұғынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет