Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет116/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   217
философия хасанов

Абсолюттік идея ұғымы Гегельдің философиялық жүйесінің негізін 
құрайды. Абсолютті идеяны біртұтас жаһандық ақыл және ол барлық 
заттардың мәні мен ішкі мазмұнын құрайды деп түсіндірді. Абсолюттік идея 
(жаһандық рух, жаһандық ақыл), оның ойынша, жасырын түрінде барлық 
табиғи, қоғамдық, рухани құбылыстардың жиынтығынан тұрады. Осы 
тұжырымдамаға сәйкес адамзаттың рухани мәдениетінің дамуы «жаһандық 


ақылдың» шығармашылық күштерінің біртіндеп танылуы деп түсіндіріледі. 
Ал индивид ӛзінің рухани дамуы барысында «жаһандық ақылдың» ӛзін-ӛзі 
тану сатыларын басынан кешіреді. «Заттардың сезіммен танылған белгілерін 
атаудан бастап, «абсолюттік білімге» жеткенге дейінгі кезеңді, яғни рухани 
даму процесін іштей басқаратын заңдар мен формаларды» танығанға дейінгі 
кезеңді басынан ӛткереді».
Болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі ұстанымы Гегельдің теориялық 
жүйесіндегі басты ұстаным. Оның мәні мынада: «логикалық тарихилықтың 
алғышарты» болып табылады. Басқаша айтқанда, тарихи процестің мәнін ол 
процесс ӛзінің барлық даму сатыларынан ӛтіп, дамудың жоғары шегіне 
жеткен кезде ғана ұғуға болады. Тарихи процесс ӛзінің дамуының ең жоғары 
шегіне жеткенде ғана мәнділігін танытады. Оның даму логикасы идеясына, 
ӛзін-ӛзі іске асыру үшін орындалатын тарихи процеске байланысты. Демек, 
логиканың заңдары табиғат пен тарихи процеске тән болып келеді. Сол 
себепті Гегель әлемдегі процестердің барлығы ақылға сыйымды, логикасы 
бар және тӛменнен жоғары қарай дамиды деді: «Дүние ақылға сыйымды, 
ақылға қонымды нәрсенің барлығы ерте ме, кеш пе шындыққа 
айналады».
«Логика ғылымы» еңбегінде Гегель идеалистік диалектиканың негізгі 
үш заңын, «болмыс», «мәнсіздік», «сапа», «ӛлшем», «мәнділік», «тепе-
теңдік», «айырмашылық», «қайшылық», «қажеттілік пен кездейсоқтық», 
«мүмкіндік пен шындық» ұғымдарын (категорияларын) қарастырады. 
Категориялардың дамуын түсіндіре отырып, олардың бірінен-бірі 
туындайтынын, бірімен-бірі байланысты болатынын және олар танымның 
мәні мен болмысқа тән жалпы байланыстарды білдіреді дейді. Ұғымдар, 
Гегельше, ақиқаттың және «ойды анықтаудың» негізі, ал табиғат одан тӛмен, 
органикалық әлем, «абсолюттік идеяның» «соңғы» нәтижесі (басқа болмысқа 
ие болуы, ӛзін-ӛзі жоққа шығаруы). Табиғаттағының барлығы рухани 
әлемдегі идеялардың туындысы, оның объективті кӛрінісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет