Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«адамның сезімдерінің кешені»



Pdf көрінісі
бет127/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   217
философия хасанов

«адамның сезімдерінің кешені» деп, субъективтік идеализм тұрғысынан 
анықтайды. Әлемдегі заттардың түр-түсі де, салмағы да жоқ әрі жылы да, 
салқын да емес. Адамдар оларды сезім органдары қалай сезсе, солай 
қабылдайды деді. Дегенмен, махистер бір нәрсені ескермеді, бұл мәселенің 


шешімі маңызды екі сұрақтың – сезім кӛздері қандай және олардың 
қалыптасу тетіктері қандай деген сұраққа жауап бола алмайды.
Белгілі француз математигі әрі физигі Анри Пуанкаре (1854-1912 жж.) 
бірқатар танымдық мәселелерде эмпириокритицизмге жақын келді. 
«Ғылымның құндылығы» атты еңбегінде (1905ж.) ғылымдағы прогресс 
ондағы қалыптасқан ұстанымдардың ӛзіне күмәнмен қарауға әкеледі деді. 
Мысалы, Эйнштейннің ашқан жаңалығы жарықтың жылдамдығы жарық 
кӛзінің 
жылдамдығына 
байланысты 
болмайтынын 
кӛрсетті. 
Радиоқабылдағыштан берілетін қуаттың салмағы тұрақты әрі әрекетке сай 
және ол әрекетке қарсы балама жоқ екендігі Ньютонның үшінші заңына да 
сенімсіздік тудырды. Евклидтің геометриясы жалғыз болуы мүмкін жалғыз 
геометриялық жүйе екендігі жоққа шықты. ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында 
осындай сәйкессіздіктер физиканы тоқырауға ұшыратты.
Қалыптасқан теориялық түсінікке сай келмейтін жаңа ғылыми 
деректер табиғаттың заңдарына конвенция түрінде, яғни шартты сӛйлемдер 
түрінде қарау керектігін кӛрсетті. Заңды шартты түрде жазылған сӛйлем деп 
түсіндіру Пуанкаренің таным теориясының басты ерекшелігі болды
нәтижесінде ол «конвенционализм» деген атау алды. Пуанкаренің ойынша, 
«бұл конвенциялар біздің рухымыздың еркін әрекет етуі нәтижесінде туады 
және оған бұл салада ешқандай кедергілер жоқ. Ол ӛзінің қалауынша 
пайымдайды...» деді.
 
 
8.5. Неокантшылдықтың негізгі мектептері, танымдық және 
әдістемелік мәселелер (Г. Коген, П. Наторп, Э. Кассирер, В. Виндельбанд,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет