«Канттың ғылыми объективтілігі» мәселесін
ғылымның жалпы әдістемесі
ретінде тар аяда сәтті қызмет ететін абстракция түрінде қарастырады.
Оның философиясында ойлау мен қабылдаудың формалары тәжірибе
мен танымның жүзеге асуының шарты болатыны туралы Канттың идеясы
ӛзінің жалғасын тапты. Канттың қабылдау мен ойлаудың априорлық
формалары «біздің ӛмір туралы түсініктерімізді» анықтайтыны секілді,
Э.Кассирердің
«мәдениет формалары» да «біздің ӛмір туралы
түсініктеріміздің» жалғыз ғана формасы болып табылады. «Символдардың
жүйесінен тұратын» барлық мәдениеттің жасалу формалары «әлемді
бейнелеп кӛрсетіп
қана қоймайды, ойлаудың, түсінудің, бейнелер мен
қиялдардың, суреттердің сан алуан амалдарын да кӛрсетеді».
Э.Кассирер тарихи оқиғаны себептердің жинақталған нәтижелерінен де
де жоғары тұрады деп есептейді. Құбылысты сипаттау және түсіну оған әсер
еткен барлық себептерді тауып, жинақтап кӛрсетуден тұрмайды. Құбылысты
түсіну дегеніміз – оны түсіндіру, оның жүзеге асқан тетіктерін тұтастықта
қарау, яғни ерекше жинақтау дегенді білдіреді. Оның ойынша,
«тарихи
түсіну» – интеллектуалдық жинақтау әдісі дегеніміз тарихи ескерткіштерді
жүйелеп, түсіндіру арқылы тарихи шындықты қайта толық қалпына келтіру,
ол
тарихи түсіндіру әдісіне, яғни тарихи процесте жүзеге асып,
тарихтың
тұтастығын қамтамасыз ететін заңдылықтарды анықтауға мүлдем қайшы
келмейді. Ол әлемді түсінудің, бейнелеудің, сезудің, танудың бір формасы,
мәдениет әлемінде адамның объективтенуінің бір жолы ретінде ғылымды
мәдениетпен біртұтастықта қарастырады.
Марбург мектебінің неокантшыл ӛкілдері ғылым туралы түсініктерге
қатысты ӛзгерістерді, әлемнің жалпы ғылыми бейнесі жӛніндегі пікірлерді
ӛздерінше түсіндірді. Канттың теориялық мұраларына сүйене отырып, олар
адамзат ақылының қазіргі ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге
асырудағы
белсенді контруктивтік рӛлі туралы ӛздерінің пайымдарын ұсынды. Осы
пайымдарына сәйкес,
адамның ақылы әлемді бейнелемейді, керісінше,
Достарыңызбен бөлісу: