Арнайы бақылау – бұл зерттелетін құбылысты таңдап қарастыру әдісі. Ашық бақылау



бет1/5
Дата06.11.2022
өлшемі18.27 Kb.
#464117
  1   2   3   4   5
глоссарий


Арнайы бақылау – бұл зерттелетін құбылысты таңдап қарастыру әдісі.
Ашық бақылау – зерттеушіге оны қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік береді, сонымен бірге зерттеуші қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды.
Ашық сауал–жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары алдын ала қарастырылмаған сауал.
Әдіс– оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданылатын тәсілдері.
Әдістеме – дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның методологиясы–ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жері) зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды.Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.
Әңгімелесу әдісі–педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгімелесу әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытынды жасалады.
Баға қою– оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін берілетін бағалау.
Бағдарламалық оқыту– жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы түрі.
Білік -адамның белгілі бір құбылыс, күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті.
Біліктілік (квалификация) – адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті.
Білім – бұл мұғалім мен оқушының мақсатқа жетуді көздеген педагогикалық процесі.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Дағды– іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай жасауға мүмкіндік береді.
Дарындылық– адамның интеллектуалдык мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет