«надандықпен бірге болса онда зұлымдыққа себепші болады... ӛз
табиғатынан қайырымды бола алмайды». Керісінше, ізгі мақсатпен
қолданылса, олар екі есе құнды бола түседі.
Сократтың
рационалды этикасы екі парадоксальды мағынада
берілген: қайырымдылық ол
білім (яғни даналық,
бірқалыптылық, әділдік),
ал жамандық –
білімсіздіктің белгісі («ешкім біліп тұрып күнә жасамайды»).
Адам табиғатынан ӛзіне пайда іздейді, яғни ол ӛз қателігінің құрбаны болып
жатады, бұл сананың қателігі. Тығырықтан шығар жол қайда? Ӛзіндік
танымда. Адам тек қана ӛзінің рухани сезімін ретке келтіру арқылы ішкі
дүниесінің үйлесімділігін тапқанда ғана бақытқа жетеді. Бұл жерде де Сократ
бақыт туралы түсінікті жалғыз айтпайды. Мысалы Гераклит,
Демокрит,
Пифагор айта кеткендей, бақыт – моральдық категория болғандықтан ,
сыртқы ортадан іздеудің қажеті жоқ. Сократ
қайырымдылық мұратқа жету
әдісін жетілдірді, жүйеге келтіріп тереңдетті. Сократ этикасының басты
айырымдық белгісі – қайырымдылықты біліммен байланыстыруы. Адам,
таным, ӛзін-ӛзі
танумен айналыса отырып, қайырымдылық негізін
(ұстамдылық, ерлік, әділдік) үйренуге болатындығын айтты. Ол тек солай
ғана адамға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: