Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Сократтың философиялық әдісі



Pdf көрінісі
бет41/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   217
философия хасанов

Сократтың философиялық әдісі шынайы білімге жетуге бағытталған. 
Шындық таласта танылады. Ӛзімен-ӛзінің диалогындағы мақсат – ӛз 
жандүниесін сезіну, оның мәнін түсіну. Индуктивті талқылауды пайдаланып 
(қисын) пікірдегі қайшылықтардың нәтижесінде, солармен бетпе-бет келе 
отырып, танушы әлдеқайда сенімді білімге ие болады. Бұл әдіс яғни жалпы 
жалқы арқылы танылатын, бірліктің қарама-қайшылығын қалпына келтіру 
жолы – диалектика деп аталады. Сократ осыны жетілдіре отырып, иронияны 
(сылтаурату, қылымсыған надандық) және майевтиканы (жоққа шығару) 
пайдаланады. Осындай тәсілдер кӛмегімен таласта шындық туады. Дұрыс 
қойылған сұрақтар арқылы, яғни ирония (күдік, сылтаурату) кӛмегімен 
«қарсыластың» әлсіз жерін анықтау – Сократ философиясының мәні болып 
табылады. Ирониядан майевтиканы ажыратуға болмайды. Кіндік ӛнер – 
сенімді және білімді игерудегі кӛмек. Барлық процесс дефинициямен 
(тұжырым, анықтамамен) аяқталады. Сонан соң бәрі қайталанады. Осындай 
үлгімен танушы заттың мәнін (ақиқат) аңғарады. Танымның осы тәсілін 
Аристотель жоғары бағалады: «Сократтың басты қызметі сонда, ол 
жалпының анықтамасын үйренуді алғаш қолға алды, зат мәнінің танымға 
негізделетінін тұңғыш мойындады.
Әрине адамның мәні танымның раицоналды тәсіліне Сократтың шексіз 
сенімін – ақиқат қайырымдылық ретіндегі ӛзін-ӛзі басқару, ақиқат шындық 
ретіндегі таным адамның рухани мәні оның кӛрсетуінше берілмейтін 
құндылыққа жатады. Субъект автономы мәселесін кӛтере отырып, Сократ 
философия дамуындағы жаңа бетбұрысты дайындады. Ар және мораль 
интеллект жиынтығы ретінде оның мәнін негіздеп, ойлы және иманды адам 
мәселесінде философияда тӛңкеріс жасады. Полис формалы жатақханалы 
құлиеленушілік қоғам үшін, индивидтің ӛз қаласының азаматы ретінде мәні 
болды. Және оған бәрі міндетті болды. Бұл тұжырым жүйені іштен әлсіретіп, 


қоғамды қопарды. Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі 
адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті 
ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге 
ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен ӛзіне дейінгі философтардың ой-
пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін кӛре білді. Сократтың 
ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек.
Сократ ӛзінің ақиқатты ізденушілігімен демократтар, аристократтар 
үшін нағыз қауіп болды. Грек демократиясы ӛздерінің саяси бақталастарын 
қатаң жазалады: оларды қуғынға ұшыратып немесе ӛлім жазасына бұйырды. 
Оны құртуға себеп те табыла кетті. Ол екі жолдың бірін таңдауы керек болды 
– ақиқатты немесе ӛмірді. Сократ ӛзіне сенімді болды. Оның ӛлім жазасы – 
«әділетсіздікпен» 
күрес. 
Жүйе 
ӛзін-ӛзі 
солай 
қорғады. 
Сократ 
алғашқылардың бірі болды.
Сократтың жасаған таңдауы оның ішкі еркіндігінің қалауы 
болды. Оның оқушылары ондай қайсар болмады. Әйтсе де бірде-бір грек 
философында мұншалықты кӛп әрі сенімді оқушылары болмады. Оның 
таңдауы Диоген Лаэрцийдің сеніміне, Пифиидің «Сократ ӛзінің барлық 
даналығынан да жоғары» деген мадақтауына ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет