Оригеннің нақтылауы бойынша адам рухтан, денеден, жаннан тұрады.
Рух адамның ӛзіне тәуелді емес, ол Құдайдан дарыған және әрдайым ақиқат
пен ізгілікке ұмтылады. Жан болса жеке адамды құрайды, осыдан даралану
басталады, ерік бостандығы адамгершілікті анықтаудың маңызды бӛлігін
құрайтындықтан, Ориген бойынша жақсылық пен жамандықты дәл осы жан
таңдайды. Табиғаты бойынша жан рухқа, ал дене жанға бағынуы тиісті. Бірақ
жанның екіжақтылық күшіне байланысты адамды әуесқойлық пен сезімге
құлшындыра отырып оның «тӛмен бӛлігі» «жоғарысына» қарағанда жиі
басымдылыққа ие болады. Бұның әдетке
айналуына байланысты адам
жаратушымен жасалған табиғи тәртіпті кері етуші күнәһар болып қалады.
Жауыздық Құдайдан да, табиғаттан да емес адамнан, дәлірек айтсақ
бостандықты атүсті, салғырт пайдалануынан.
Оригеннің кейбір жай күйі еретикалықпен саналған,
сонымен қатар
Достарыңызбен бөлісу: