Августин Құдайды – адамды және әлемді ӛзінің еркіне сәйкес жаратқан жеке
тұлға ретінде таниды. Әлем де, адам да құдіретті күшке тәуелді. Осылайша
христиандық философия
жазмыш идеясын және фатализмді негіздейді.
Жазмыш идеясына сүйене отырып, Августин Блаженный
дамудың
теологиялық концепциясын құрастырады. Ортағасырлық кезеңді «қазіргі
заман» түрінде анықтау шіркеу әкелері христиандық әлемді «пұтқа
табынушылар» ортасына қатал қарсы қойғаннан кейін пайда болды.
Августиннің
ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып т.б. оның іс-
әрекеттері, қылықтары Құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі
игілікке (адам оған лайықты болмаса да,) немесе азаптарға (жазықсыз болса
да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың
түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай ӛздері дамитындай мүмкіндік
береді. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынады. Тарихтың даму
негізінде адам санасының ӛзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі Құдай) мен
Құдайға деген сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті
басшылыққа
ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі
патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар Құдайға қарсы,
күнделікті ӛмірдің қызығын күйттейтіндер мен Құдай патшалығы
арасындағы күрес. Августин Құдай патшалығы дегенде жердегі оның ӛкілі –
Рим шіркеуін айтады. Шіркеу Құдай патшалығы атынан сӛйлейтін
болғандықтан, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек.
Достарыңызбен бөлісу: