Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет41/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. 
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қаарсы іс-қимыл туралы», 18 қараша, 2015ж 
2. 
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» Д. Корпебаев, 2017ж 
 
ӘОЖ 343.4 
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ 
Ермагамбетова А., студент 
Ғылыми жетекшісі: Сагиндикова А.К. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа.
Қазіргі танда қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен ең өзекті 
тақырыптардың бірі болып саналады. Мемлекетіміздің басты міндеті сыбайлас 
жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау және жолын кесу, мемлекеттік қызметте тәртіпті 
күшейтуге бағытталған шараларды қарастыру болып табылды. 
Түйінді сөздер: жемқорлық, пара, прокуратура, орган, мемлекет, құқық 
Қазіргі танда қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен ең өзекті тақырыптардың бірі 
болып саналады. Сыбайлас жемқорлық мемлекет ішінен жоюдың басатамасы мен 
жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. 
Осылайша мемелекетіміздің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес болып 
табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысы мен бірге өсіп өркендеп, мол қаражат 
және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейн 
жойылмай отырған мәселелердің бірі. Бұл мәселе еліміздің күннен күнге дертіне 
айналуда. Осы мәселені алдын ала алу үшін, біз жастар қоғам болып белсенділік 
танытуымыз қажет. Ұлы ғұлама Аристотель « Кез келген мемлекеттік құрылыстағы 
басты нәрсе-бұл заңдар өзге де күн тәртібінің істі лауазым иелері баю жолына түсіп 
кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа пайда келуін ойластыратын 
мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болашақ», - деп айтып кеткен ұлы 
ойшылымыз. Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің еліміз де осы мәселені алдын 
алып, оның тамырына балта шабу мақсатында жұмыстар жүргізуде [1]. 
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты күннен күнге заңдар шығуда. 
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу» туралы, Заңның 


122 
басты мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас 
жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз 
ету. Прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту 
мақсатында мемлекеттік қоржынның мақсатты жұмсалуына үнемі тексеріс жүргізіп 
отырады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен 
реттілікті нығайтуды қарастырып жатыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсаты – 
азаматтардың құқықтары мен бастандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық 
көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа 
байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, олардың жолын кесу, ашу, 
олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік 
органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз 
етуді көздейді. Сонымен бірге, оның негізгі міндеті мемлекеттік қызмет саласындағы
басшылықты, мемлекеттік қызмет саласын бақылау, сыбайлас жемқорлық қылмыстары 
мен құқық бүзушылықтарын алдын алу болып табылады [2]. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түініне келе әрбір қоғам дамуының күнегей 
жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-
ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың 
демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан 
қадамды кейінге тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен 
күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Сондықтан да бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды, 
дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегендік пен адалдыққа 
тәрбиелеу керек. Нақ осы тәрбие мен білім беру адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
тұрарлық мәдениетін қалыптастыруына негіз болады. Ерте жастан бастап мінез-
құлықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратындай етіп қалыптау, осы кесапатты 
жоюға мүмкіндік береді деп ойлаймын. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-
қадамын да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның 
барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге 
мүмкіндік береді деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет