115
ӘОЖ 343.4
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА
ҚАРСЫ БІЛІМ БЕРУ
Кошкарбаев Б.С., студент
Ғылыми жетекшісі: Абдиева С.Р.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг
университеті, Ақтау қ.
Аңдатпа. Мақалада рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен
және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту,
этикалық
ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін
жағдайы туралы жазылған.
Түйінді сөздер: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет,
сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тәрбие.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – өскелең ұрпақ тәрбиесімен
байланысты болғандықтан, бұл өте маңызды бағыт.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және білім беру – сыбайлас
жемқорлыққа қоғамдық айыптауды көрсететін құндылықтар жүйесі, сыбайлас
жемқорлыққа төзімсіздік қатынасты көрсетеді, «адалдық пен сатылмау – жүріс-тұрыс
нормасы» берік азаматтық ұстанымдарына тәрбиелеу.
Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы
ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет
және пайдалы тұлға қалыптастыру болып
табылатын тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті болып табылады. Сонымен қатар, рухани-
адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген
тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары
мен оның моральдық
қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді.
Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу жүйесін
қалыптастыру - білім беру жүйесінің бөлек компоненті болып саналады.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру дамыту мақсатында
«Адал Ұрпақ» еріктілер клубтары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің
бастамасы қолға алынуда. «Адал Ұрпақ» деп аты айтып отырғандай, өскелең ұрпақтың
адал да әділ, адамгершілік пен ізгілікті бойына сіңірген тұлға ретінде қалыптасуына
ықпал ететін өзін-өзі басқару ұйымы ретінде қарастыруға болады.
Сондықтан барлық білім беру деңгейлерінің оқу орындарының бағдарламасына
сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу бағдарлама енгізілді.
Қоғамның барлық саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету
бойынша оқыту және тәрбиелеу бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналды. «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы
Заңдарын орындау
мақсатында әзірленген Педагогикалық әдеп қағидаларында педагог қызметкер өз
қызметінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерге ата-аналарынан бастап өзін
қоршаған барша әлемге құрметпен қарауға барынша мүмкіндік жасайды.
Білім беру саласын мысалға алсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
профилактика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие
және білім беруді ұтымды
үйлестіруге негіздеген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында:
- педагог қызметкерлерді аттестау;
116
- мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
- білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
- қамқоршылық кеңестер институтының қызметін ұйымдастыру бойынша
жұмыстар атқарылуда.
Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру - сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу негізі. Облыста техникалық және кәсіптік білім берудегі оқу үрдісін
автоматтандыру мақсатында "Платонус" Электрондық колледж" ақпараттық жүйесін
енгізу жұмыстары басталды. Бұл жүйе Білім және ғылым
министрлігінің ұсынысы
бойынша таңдалды. Республика бойынша жоғары оқу орындарында енгізілді.
«PLATONUS» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі колледждерде оқу процесін
тиімді және оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар
қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
1-сыныпқа қабылдау қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz "электрондық
үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылды.
«Қазақстан Республикасының 2015-2025
жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014
жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, еңбек тәртібінің
сақталуын қамтамасыз ету жөнінде үнемі ескертілуде.
Достарыңызбен бөлісу: