Б. Е. Есжанов Са ты бал диева Г.Қ. жəне т б



Pdf көрінісі
бет65/81
Дата28.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481831
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81
Омыртқасыздар зоологиясы

Теориялық бөлімі: Насекомдардың онтогенезі 2 кезеңге бөлі-
неді: эмбрионалды жəне постэмбрионалды. Насекомдардың пост-
эмбрионалды дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Насекомдардың 
постэмбрионалды даму кезеңі əр алуан, солардың ішінде: тура 
даму немесе анаморфоз, алғашқы даму – протоморфоз, шала түр-
леніп даму – гемиметаморфоз, толық түрленіп даму – голомета-
морфоз, жеткіліксіз даму – гипоморфоз жəне күрделі даму – ги-
перметаморфоз (61 
– 
65-сурет). 
Тікқанаттылар, жартылай қаттықанат тылар, инеліктер, дəуіт-
тер отрядтарының өкілдері шала түрленіп дамиды.


117
Қабыршаққанаттылар, қаттықанаттылар, жарғаққанаттылар, 
торқанаттылар отрядтарының өкілдері толық түрленіп дамиды.
61-сурет. Зауза қоңызының даму сатылары:
А – дернəсіл; Б – қуыршақ; В – имаго: 
1 – кеуде аяқтары; 2 – стигмалар; 
3 – антенналар бастамасы; 
4 – кеуде аяқтарының бастамасы; 
5 – қанаттарының бастамасы
62-сурет. Емен жібек көбелегінің даму сатылары:
А – дернəсіл; Б – қуыршақ; В – имаго:
1 – кеуде аяқтары; 2 – жалған аяқтары; 
3 – стигмалар; 
4 – қанаттарының бастамалары; 
5 – кеуде аяқтарының бастамалары; 
6 – антенналарының бастамасы


118
63-сурет. Дернəсілдердің негізгі типтері:
А – камподеатəрізді дернəсіл (ызылдақ қоңыз); Б – эрукотəрізді
дернəсіл (зауза қоңызы); В – сымтəрізді дернəсіл (шерткіш қоңыз);
Г – жұлдызқұрт дернəсіл (көбелек); Д – бассыз дернəсіл
(қара шыбын)
64-сурет. Кəдімгі теріқанаттың дамуы 
(шала түрленіп дамуы): 
1 – 4 – əртүрлі сатыдағы дернəсілдер; 
5 – ересек теріқанатты (аталық)


119
65-сурет. Көк шегірткенің 
даму сатылары: 
А – дернəсіл; Б – имаго; 
1 – қанаттарының бастамалары; 
2 – қанаттары;
3 – секіргіш аяқтары; 
4 – жұмыртқа салғыш
1-тапсырма: 
1. Насекомдардың шала түрленіп дамуындағы ерекше лік-
теріне көңіл аудару.
2. Толық түрленіп дамуындағы айырмашылықтар, нимфа ның, 
дернəсілдің, қуыршақтардың құрылысындағы ерекше лік-
тері жəне ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау.
3. Насекомдардың жұмыртқалары, əртүрлі типті дернəсіл-
дері, қуыршақтарын қарап, суретін салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет