124
Теориялық бөлімі: Моллюскалар,
буылтық құрттар сияқты
трохофоралы целомды жануарлар. Осыған байланысты оларға мы-
надай белгілер тəн: билатералды симметрия, дене қуысы – целом
жəне оның туындылары – целомодуктылар, спиралды бөлшектену,
трохофоратəрізді дернəсілдер.
Буылтық құрттардан айырмашы-
лығы моллюскалардың денесі сегменттелмеген, бас, тұлға, аяқ не-
месе тек тұлға жəне аяқ бөлімдерінен тұрады. Моллюскалардың
ерекшелігі
–
бақалшағының болуы (66
–
68-сурет).
66-сурет. Бақалшағынан алынған
жүзім ұлуы (арқа жағынан
көрінісі):
1 – бас; 2 – ерін қармалауышы;
3 – көз қармалауышы; 4 – аяқ;
5 – мантия қыры; 6 – өкпе қан
тамырлары; 7 – өкпе венасы;
8 – жүрек перикардиясы;
9 – бүйрек; 10 – несеп жолы;
11 – бауыр; 12 – ішкі қапшығының
ұшы; 13 – бұлшықет; 14 – ақуыз
бөлетін без;
15 – мантия; 16 – жыныс тесігі
67-сурет. Жүзім ұлуының тыныс алу жəне
қан айналу жүйесі, өкпе қуысы ашылған,
мантиясы оңға қарай қайырылған арқа
жағынан көрінісі:
1 – бас; 2 – ерін қармалауышы; 3 – көз
қармалауышы; 4 – аяқ; 5 – мантия қыры;
6 – мантияның кесілген қыры;
7 – мантия қуысының түбі; 8 – перикардия;
9 – қарынша; 10 – жүрекше; 11 – бүйрек;
12 – алғашқы несеп жолы; 13 – мантия;
14 – өкпе венасы; 15 – екінші реттік несеп
жолы; 16 – тікішек; 17 – өкпе қан
тамырлары; 18 – бүйректің сыртқы қуысы;
19 – аналь тесігі; 20 – тыныс алу тесігі;
21 – жыныс тесігі
125
68-сурет. Айқұлақ (Anadonta) анатомиясы, бақалшағы
(сол жақ мантиясы алынған):
1 – мантияның кесілген сызығы; 2 – алдыңғы тұйықтаушы
бұлшықет; 3 – ауыз; 4 – аяқ; 5 – ауыз қармалауыштары; 6 – сол
жақ ішкі желбезегі; 7 – сол жақ сыртқы желбезегі; 8 – оң жақ
мантия; 9 – желбезек сифоны; 10 – клоака сифоны; 11 – артқы
ішек; 12 – перикардия
1-тапсырма:
1. Моллюскалардың бақалшағының сыртқы жəне ішкі құры-
лысына көңіл аударып, суретін салу.
2.
Моллюскалардың денесін сойып, анатомиялық құры лысын
жəне мантиялық комплекс мүшелерін көріп, суретін салу.
3. Қосжақтаулылардың құрылысымен,
табиғаттағы алуан-
түрлілігімен жəне маңызымен танысу.
4. Құрсақаяқтылардың сыртқы морфологиясына: дене бөлім -
деріне, олардың орналасуына, сезім мүшелеріне
көңіл
бөліп, суретін салу.
Достарыңызбен бөлісу: