Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет15/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   98
кең, тар, орташа деген үш түрлі деңгейде 
болып келеді.
 
3-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңді айт. Көте рілген мәсе ле ні өз 
ойыңмен жалғастыр. Сөйлеу барысында интонацияға назар аудар. Әуен, 
қарқын, ұзақтылық, кідіріс, әуез (тембр) бойынша мәтінді оқуға жаттық.
Ұлт намысы
Адам... Адам болу – қасиетті атақ. Адам атың болған соң, сен – ата-
анаңның, еліңнің, Отаныңның перзентісің. Отан алдындағы қарызың 
мен парызың – ең ұлы жауапкершілігің. 
Адами қасиеттердің арқауы – Ар, Ұят, Намыс. Намыс адам өмірінің 
әр сатысында әртүрлі байқалады. Ол мен деген сәби намысы, ол – өзін-өзі 
Ұзақтылық – интонацияның 
уақыттық өлшемі. Сөйлемнің айтылу 
ұзақтылығы қарқынмен тығыз 
байланысты.
1
2
3
Интонация-
ның компо-
ненті – дауыс 
диапазоны
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


20
біле бастаған балғын жастың жігіттік намысы, ол – бойжеткен ару намы-
сы, ағайынның аты озғандағы, ауылдастың тайы озғандағы ер намысы, 
азаматтық намыс, ұлттық намыс. Ұлт намысына мінсең, сен алмайтын 
қамал жоқ. Отанын сүюдің негізі – ұлттық намыс. Намысы бар ұл ай-
бынды келеді, айдынды келеді, жоғалғанды табады, ұмытылғанды алады, 
өркениет төріне жол салады.
(Манаш Қозыбаев)
 
4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтіндегі мақалдар бойынша интонация 
компоненттерін анықтаңдар. Мәтін бойынша ой бөлісіңдер.
Ұят – ең қадірлі қасиет. Адамзат бойында табиғи берілетін ұлы 
құндылық. Ұят – жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа 
кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара 
болушылық. Қазақта «Өлімнен ұят күшті», «Ақылың болса, арыңды 
сақта: ар-ұят керек әр уақытта», «Еңбек өмірді ұзартады, ұят бетті 
қызартады», «Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді» деген мақалдар 
қазіргі уақытта жиі қолданылады. Бала тәрбиесінде де, отбасында да 
осындай тілдік құндылықтар арқылы ұлттық болмысымызды дұрыс 
сақтауға тырысып келеміз.
Ұят туралы ұлыларымыз да айтып кеткен. Хакім Абай атамыз отыз 
алтыншы қарасөзінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» 
деген. Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Мен ұят деген сөзді өте 
жоғары бағалаймын. Ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылық-
тың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазы-
ғы – ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, 
қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда 
иман бар» деп дәйектеп көрсеткен болатын. Махмұд Қашқари «Ұяты бар-
мен – ұрысыс, ұятсызбен – ұстаспа» десе, Жүсіп Баласағұн «Бар бәледен 
ұят сақтайды. Барлық жақсы істің байламы да ұятта», «Ұят – жаман 
ойдың жүгені», «Пәле-жала жолын ұят кеседі. Ұятсыздық – ердің емсіз 
кеселі» деп даналық айтқан еді. Саиф Сараи «Ұятсыз адам иттен де жа-
ман» деп теңеген болатын. Әлішер Науаи «Опасызда ұят жоқ, ұятсызда 
опа жоқ» деген еді.
Шынында, ұяты мол адам жамандыққа бармайды. Себебі оның бойына 
ізгілік қасиет ұялаған. Ата-бабамыз жас ұрпақты әдепсіз қылықтардан 
аулақ болу үшін «ұят болады» деген ырым-тыйымдармен тәрбиелеп 
отырғаны да белгілі. Қазақы дәстүріміздегі әрбір салт-жоралғы, 
тыйымдардың дұрыс орындалуының өзі – ұят пен адалдықтың өлшемі.
(Айгүл Әмірбаева)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет