80
Тілдік бағдар
3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңдар. Адам әрекетінің салдарынан табиғи
ресурстар қандай өзгеріске ұшырайтыны туралы пікірлесіңдер. Мәтіннен
бірыңғай мүшелерді тауып, қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.
Табиғи ресурстарды себепсіз және жөнсіз пайдалану,
өндіріс
қалдықтарының көбеюі, адам әрекетінің салдарынан табиғи ресурс-
тар аумағы, саны, көлемі азая бастады. Сапасы уытты заттар әсерінен
өзгерді, кеміді. Кейбір табиғи нысандар, әсіресе өсімдіктер мен жануар-
лар дүниесінің кейбір түрлері жойылып немесе жоғалып кету алдында
болды. Азаюы жылдан-жылға арта бастады.
Мұндай табиғаттағы кері
әсерлер адамның, қоғамның өзіне де, келешек ұрпағына да зиян екені
анық сезіле бастады. Сондықтан қоршаған ортаның құрамдас бөліктері:
жерді, суды,
жер қойнауын, өсімдіктерді, ормандарды,
жануарлар
дүниесін қорғау қатынастары пайда болды. Табиғи қорларды қорғау,
оларға тиісті экологиялық жағдай жасау,
өсімін молайту, сапасын
жақсарту мәселелері де қоршаған ортаны және оның табиғи қорларын
қорғаудың ең негізгі мазмұнын құрады.
(Ә.С. Стамқұлов. «Қазақстан Республикасының экология құқығы»)
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы бірдей, бір сұраққа жауап беретін,
бір ғана мүшемен байланысатын екі не одан көп мүше лерді
бірыңғай
мүшелер дейді. Сөйлемнің барлық мүшесі: бастауыш та, баянда-
уыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай
мүше бола алады. Бірың ғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулық
(мен, да, және) ар қылы да байланысады. Жалғаулық шылаулар
қайта ланбай,
бір-ақ рет келсе, арасына үтір қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: