Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет89/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   98
 
13-тапсырма. Өздеріңнің көңіл күйлеріңді, са бақта алған әсерлеріңді 
әңгімелеңдер. Бір-біріңе жақсы ті лек, жылы ле біз сыйлаңдар. Достарыңа, 
ата-аналарыңа, мұғалімдеріңе біз дің еліміздегі туристік орындар, саяхатқа 
шығу жөнінде смайликтер, SMS жіберіңдер. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


117
Тілдік бағдар
3–4-сабақ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ
 
1-тапсырма.
 Сұрақтарға ойланып, жауап бер.
 Неліктен туризмнің бір түрін экологиялық туризм деп атайды? 
 Оның басқа туристік нысандардан айырмашылығы неде? 
 Қазақстанның экологиялық туризмі туралы не біле сің?
 
2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда
Дауыс тембріне мән бер.
 
3-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап бер

1. Экотуризмнің дамуы туралы не білесің? 
2. Қазақстандағы экотуризм қай бағыттарда дамып отыр?
3. Өзің тұратын аймақта қандай экологиялық жағдай қа лыптасқан?
4. Тыңдалған мәтіндегі астарлы ой қайсы?
 
4-тапсырма. Мәтінді оқып, оған тақырып қой. Мә тін нің мақала түрінде 
рәсімделуін дәлелде. Ойды жал ғастыр
. Мәтіннен сөйлемнің бірыңғай 
мүшелерін тап.
Бүгінгі таңда туризм – экономиканың ең жоғары кірісті және үдемелі 
дамитын салаларының бірі. Туризм еліміздің әлеуметтік-экономикалық 
дамуын жеделдетумен қатар өлке міздің абырой-беделін арттыруға, 
жұртшылықтың бі лім-танымының жоғарылауына, ақпарат таратудың 
жаңа түрлерін енгізуге ықпал етеді. Туризм дамуының жоғары қарқыны, 
валютаның зор түсімдері экономиканың әртүрлі секторларына белсенді 
әсер етеді, бұл туристік индустрияның қалыптасуына көмектеседі. 
Мұндайды 
күтпеп 
едім!..
Леп белгісі қойылатын сөйлемдегі ой толық 
аяқталмай үзіліп қалғанда, алдымен леп 
белгісі, одан соң көп нүкте қойылады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


118
Туристік индустрия туризм жүйесінің бір жағын құраса, туризм 
жүйесінің екінші жа ғы – туристік ресурстар. Туристік-рекреациялық ре-
сурстар дегеніміз – табиғи, тарихи, әлеуметтік-мәдени нысандар, ту ристік 
көрсету нысандары, сонымен қатар туристердің рухани қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға, олардың физикалық және рухани күштерін қайта 
қалпына келтіру үшін көмек беруге қабілеті бар басқа да нысандар.
Туристік-рекреациялық ресурстар – туристердің рухани, рекреация-
лық қажеттілігін қанағаттандыратын, күш-жігерін қалпына келтіріп, 
сергітетін табиғи (теңіз, көл, өзен жағалауы) және антропогендік (тари-
хи-архитектуралық көрікті жерлер) нысандар. Туристік-рекреациялық 
ресурс тар қатарына: курортты немесе емдік демалыс (минералды су, тау 
баурайы, орман іші, теңіз жағалауы), сауықтыру (ландшафты климат 
жағдайлары, қолайлы жыл мезгілдері, суға түсу маусымы), спорттық-
альпинистік (тау тізбегі, қия жарлар, шатқалдар немесе шөлді-шөлейтті, 
халық сирек орналасқан жерлерге) және экскурсия-туристік (тарихи, 
мә дени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орын дары, 
этнографиялық нысандар, мұражайлар, бірегей таңғаларлық техникалық 
құрылыстар) нысандар жатады. 
(Ұлттық энциклопедиядан, 8-том)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет