59
«Белка» және «Стрелка» атты иттер ұшты.
Бұл екеуі ғарыштан Жер
бетіне аман-есен оралған тіршілік иелері болып есеп теледі. Астрономдар
жұлдыздарды бақылаудың қолайлы жағдайларын жылдар бойы арман-
дап келді. Жұлдыздар мен ғаламшарларды зерттеу үшін, сондай-ақ Жерді
ғарыштан бақылау үшін адамдар ғарышқа ұшырылатын кемелерді ой-
лап тапты. Оларды әртүрлі ғылыми мақсатпен ұшырады. 1961 жылдың
12 сәуір күні әлемде тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин Байқоңырдан
ғарышқа аттанып, «Восток» ғарыш кемесімен Жерді айналып шықты.
Қазіргі заманда жасанды серіктер ауа райы
туралы нақты мәліметтер
алуға
көмектеседі, радио және телебайланыстарды
қамтамасыз етуге,
теңіздегі кемелердің орнын анықтауға т.б. мүмкіндік береді.
Есімді сөз
тіркестерінің сыңарлары қабыса,
матаса, меңгеріле байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: