6.3 Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері
Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша көптеген ғалымдар (С. Б. Елканов, Б. Н. Зязин, О. А. Абдуллина, Н. Б. Крылова) т.б. еңбектер жазған. Тек қана аталып өтілген ғалымдар емес, кез келген ағартушы-педагог, зерттеушілер өз еңбектерінде өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу мәселесіне көңіл бөлген.
Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек ретінде С. Б. Елканов жасаған өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін ұсынуға болады. Ол өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін бірізділікте, яғни оның өту барысының логикасына сәйкес, ондағы қажеттіліктің пайда болуынан бастап, белгілі бір нәтижеге жетуіне дейін қарастырған:
1. Өзін-өзі тану және өзін-өзі бағалау. Өз тұлғасын белсенді дамытушы болу үшін студент өзіне сырттай сыни көзбен, болашақ мамандығының талаптары тұрғысынан қарай білу керек.
Өзін-өзі тану – бір мезетті емес, күрделі үдеріс. Ол басқа адамдармен өзара әрекеттестік жағдайында жүзеге асады. Өзін-өзі тану өзін-өзі сынау нәтижесінде пайда болады.
Өзін-өзі тануды өзін-өзі бақылаудан, өз өмірінің фактілерін талдаудан бастау керек. Студент үнемі өзін-өзі саналы өмірмен жасауы қажет: ол өзін дербес қоғамдық, кәсіби және жеке өмірге дайындап жатқанын, өз бойындағы қайсы қасиеттердің келешекте қажеттігін, немесе керісінше, өз іс-әрекетінің қай тұстары бекер өтіп жатқанын байқай алуы керек.
Өзін-өзі талдау - өзін-өзі танудың екінші тәсілі. Бұл үдеріс - өте күрделі, ол фактілердің сыни бағалануын, оның белгілі құндылықтармен сәйкестілігін талап етеді.
Өзін-өзі талдаудың жиі кездесетін түрі - адамның өзін идеалмен, немесе достарымен, не өткендегі немесе келешектегі өзінің бейнесімен салыстыру тәсілі. Бұл тәсіл студентке өзін даму қозғалысында, үнемі өзгеру үдерісінде көруге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі танудың белсенді тәсілі өзін-өзі сынау болып табылады. Бұл тәсілді қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарында, ұжымдық қарым-қатынас жасағанда, құрылыс жасақтары сияқты қоғамдық жұмыстарда жүзеге асыруға болады.
2. Өзін-өзі ынталандыру. Өзінің кемшіліктері мен жетістіктерін білу олармен күресу қажеттілігін тудыруға жеткіліксіз екендігі жақсы белгілі. Ол үшін мақсатқа ұмтылушылық, ерік күші, т.б. тұлғалық қасиеттер қажет. Өзін-өзі сынаудың ынталандырушы әсері болады. Алдымен, тұлға өзінің кемшіліктерін анықтап, шеше білуі қажет. Екіншіден, өз өміріне белгілі бір мақсат қоя білуі керек. Әрине, мақсатты өз мүмкіндіктеріне қарай қоюы тиіс. Сонымен өзін-өзі сынау мен өмірлік мақсатының болуы өзін-өзі тәрбиелеудің ынталандырушы факторы болып табылады.
3. Өзін-өзі бағдарламалау немесе өзін-өзі тәрбиелеу жоспары әр түрлі формада жүзеге асуы мүмкін: жазбаша түрде немесе саналы мақсаттар мен міндеттер қойып ойша жоспарлау. Бірінші курс студентіне жазба түрдегі жоспарлау қолайлы болып табылады. Кейінірек, өзін-өзі тәрбиелеу процедурасы меңгерілгеннен кейін, жазба нұсқаның қажеті болмайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын жасамастан бұрын, студент өз тұлғасы жайлы нақты ақпаратқа ие болуы керек. Бастапқы бағыттарда қателіктерге жол қойылса, өзін-өзі тәрбиелеу амалға аспауы мүмкін.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасы мен жоспарлау түсініктерін ажырата білу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы тұлғаның толық өзгеру мүмкіндігін анықтауды болжайды. Ал жоспарлау – нақты адам үшін жасалған өзін-өзі тәрбиелеудің нақты әдістері мен құралдары, міндеттері және қолданылатын іс-шаралар.
Өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын студенттердің өздері де жасай алады. Дегенмен, оларға мұғалімнің көмегі немесе атақты адамдардың өзін-өзі тәрбиелеу жоспарларының үлгісімен танысу тиімді. Мысалы К. Д. Ушинский жас кезінде мынадай жоспар құрған:
1. Байсалдылық, кем дегенде сыртқы байсалдылық.
2. Сөз бен іс-әрекеттегі турашылдық.
3. Іс-әрекеттің саналылығы.
4. Шешімді тез қабылдаушылық.
5. Егер қажет болмаса өзі туралы бір сөз де айтпау.
6. Уақытты саналы өткізу.
7. Әр күні кеште өз іс-әрекеттеріне есеп беру.
8. Ешқашан болған нәрсеге немесе болатын нәрсеге мақтанбау».
4. Өзіне-өзі ықпал етудің әдістері мен тәсілдері. Өз тұлғасына ықпал ету әдістері мен тәсілдері жүйесінің шегі болмайды, мұнда әркімнің жеке шығармашылығына байланысты әдіс-тәсілдер әр қилы болуы мүмкін. Әдебиеттерде көп кездесетін өз тұлғасына ықпал етудің келесі тәсілдерін атап өтейік:
1. Өзін-өзі бағалау мен өзі өзіне есеп беру. Жұмыс үдерісінде студент өз қылықтарына сырт көзбен қарауға үйренеді. Өзін-өзі байқаумен салыстырғанда, өзін-өзі бақылау тек қана болған оқиғаны тізімге алып және талдауға фактілерді дайындап қана қоймай, осы шақ пен келешекте жүзеге асатын ой мен іс-әрекетке серік болады. Оның негізгі функциялары: тек қана қабылдау, көру, оқиғаны тізімге алу ғана емес, ал оған баға беру, түзетулер енгізу.
Өзін-өзі бақылау сыртқы әлемдегі құбылыстарды бақылаудан келіп шығады. Игерілгеннен кейін өзін-өзі бақылау әрекеттері адамның өзі жасайтын қылықтар мен әрекеттерге айналады. Ең жоғары дәрежеде өзін-өзі бақылау өзін-өзі тәрбиелеудің құралы мен тәсілі ретінде қолданылады және тұлғаның өзіне бағытталған іс-әрекетінің, қасиеттерінің тұрақталу, бақылау және түзету қызметтерін атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеу үдерісіндегі өзін-өзі бақылау мотивация және іс-әрекет тәсілдерінің сипатына тәуелді болып табылады.
Егер өзін-өзі бақылау өзін-өзі тәрбиелеу мен практикалық іс-әрекет үдерісінде өз-өзіне есеп берумен толықтырылса, онда оның нәтижелілігі жоғарылайды. Өз қылықтары жайлы өз-өзіне есеп беру – бұл өз әрекетіне түзету енгізу, оны қажетті бағытта тұрақтандыру және осы арқылы өз тұлғасын өз санасының және еркінің объектісі ретінде қалыптастыру деген сөз.
2. Өзін-өзі сендіру. Өз өмірінің факттерін талдау негізінде және қатал логикалық нәтижелер көмегімен студент саналы ұстаным - өзінің әрі қарай дамуына әрекет жасауды қалыптастыра алады. Өзін-өзі сендіру арқылы өзін-өзі тануды, өмірдің әр түрлі құбылыстарына деген қатынасты және осының нәтижесі ретінде, - өз мінез-құлқын өзгерте алады. Өзін-өзі сендіру белсенді, кейде ауыр ойлау жұмысын талап етеді. Студент өзін-өзі сендіру үшін өзін неге сендіру қажеттігі туралы ақпаратқа, сонымен бірге талдау, салыстыру, жалпылау және т.б. икемділіктерге, яғни, ойлау үдерістеріне ие болуы керек. Өзін-өзі сендірудің бір түрі өзін-өзі жақтау болып табылады. Өзін-өзі жақтау негізделген болуы керек.
Әрине есептен өзін-өзі жұбату тәсілінің маңызын алып тастамау тиіс. Өйткені ешкім сәтсіздік пен күйзелістерден, үміттерінің ақталмауынан кепілденбеген. Тұлға өзін-өзі сендіру үдерісінде өз іс-әрекеті мен дамуын басқарушы шындыққа ие болған кезде шешім қабылдайды: былайша әрекет жасау керек. Бұндай шешім өзіне бұйрық жасау формасында жүзеге асуы мүмкін.
3. Өзін-өзі күштеу. Кейбір зерттеушілер (мысалы, А. Я. Арет) өзін-өзі күштеуді өзін-өзі тәрбиелеудің адамның өз бойында қажетті қасиеттерді қалыптастыруға көмек беретін ең басты әдісі деп есептейді. Олардың ойынша, өзін-өзі күштеу арқылы адам белгілі бір іс-әрекетке еріседі, өзін-өзі жеңеді.
Өзіне-өзі бағыну өзін-өзі күштеудің бір түрі болып есептеледі. Өзіне-өзі бағыну - өзін-өзі тәртіпке тәрбиелеудің, міндеттерді адал орындау, ұжымның, басқарушының, қоғамның еркіне бағынудың мәні мен мазмұны.
Өзін-өзі күштеу қабілеті ешкімге туғаннан берілмейді, ол өмірлік тәжірибенің жинақталу үдерісінде қалыптасады. Студенттік шаққа дейін ол жеткілікті толық және тұрақты қалыптасуы керек. Бұл қабілеттің қалыптасуы борыш пен жауапкершілік сезімінің қалыптасуымен сәйкес келеді.
Өзін-өзі күштеудің тағы бір түрі өзін-өзі меңгеру. Өзін-өзі күштеу мен өзін-өзі меңгеру өзін-өзі тәрбиелеудің құралдары мен тәсілдері ретінде нақты тәсілдерде жүзеге асады. Олардың жіктелуін бұл құбылыстардың тұлға қасиеттері ретіндегі психикалық мазмұнының логикасы бойынша құруға болады. Біріншіден, интеллектке бағытталған тәсілдерді бөлуге болады: адам өзінің мінез-құлқын реттейтін жеке қағидалар мен ұрандар, ескертулер т.б. екіншіден – сезімдерге бағытталған тәсілдер: өзін-өзі құптау, өзін-өзі мадақтау, өзін-өзі жұбату, өзін-өзі сынау және өзін-өзі жазалау және т.б. Үшіншіден – ерікке және іс-әрекет тәжірибесіне бағытталған тәсілдер: өзіне-өзі уәде беру, ниеттелу, өзін-өзі міндеттеу, ант ішу, өзіне-өзі қадағалау және т.б.
4. Өзін-өзі иландыру. Өзін-өзі иландыру – бұл сөздік ықпал құралдары арқылы өзінің психикалық жағдайларын өзін-өзі реттеу тәсілі.
Өзін-өзі иландыру ауру немесе түзелудің, кейде адам өлімінің себепшісі болуы мүмкін. Оған істің бастамасы да, барысы да, табысы да, адамның қарым-қатынас сипаты да тәуелді болады.
Адам шынымен де егер өзінің әлі жүзеге аспаған мүмкіндіктеріне сенсе күштірек болады, ал өмір қиындықтарын жеңе алмаймын деп ойлап қол қусырып отырса, керісінше әлсіреп қалады.
Өзін-өзі иландыруды тұлғаның өзін-өзі кез келген қасиеттер мен қабілеттерге тәрбиелеу үдерісінде, соның ішінде педагогикалық шеберлік негіздерін игеруде қолдануға болады. Дегенмен, өзін-өзі иландыру болашақ мұғалімге эмоциялық-еріктік жағдайларын реттеуде сезілерлі нәтиже береді.
Өзін-өзі тәрбиелеудің барлық тәсілдері мен әдістерінің негізінде өз еркімен өткізілетін, тұлғаның өзіне бағытталған жаттығулар жатыр.Осы жаттығулар адамның өзіндік «Менінің» тілектерін мінез бітістерінің нақты қасиеттеріне айналдыруды қамтамасыз етеді.
Адам әрқашан да нақты істегі көрсететін мүмкіндігінен артық істей алады. Үнемі алда жүзеге асырылмаған резервтер болады. Педагогикалық міндеттерді шешу, оқу-педагогикалық ойындарға қатысу, әлеуметтік-психологиялық тренинг – студент пен болашақ мұғалімнің өздерінің педагогикалық құзіреттілігін арттыру, педагогикалық икемділіктерін дамыту мақсатымен жүргізетін жұмыстарының құралдары мен әдістері болып табылады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттілігі мен мәні неде?
2. Өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күштері қандай?
3. Сіздер өзін-өзі тәрбиелеу туралы ойланасыздар ма?
4. Сіздер өздеріңізді қай тұрғыдан жақсы жаққа өзгерткіңіз келеді?
5. Өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінде көмекке мұқтажсыз ба?
6. Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру бойынша өзіңіздің жолдастарыңызға кеңес бере аласыздар ма?
7. Сіздер өзін-өзі тәрбиелеуге түрткі болған кітаптар немесе нақыл сөздер оқыдыңыздар ма?
8. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін атаңыздар.
9. Өздеріңізді тәрбиелеу бағдаламасын жасап көріңіздер. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға тырысыңыздар. Көмекші құрал ретінде күнделік жүргізген ыңғайлы.
Түйін
Тарих барысында және педагогика ғылымының өзінің даму үдерісінде тәрбие теориясы мен тәжірибесін түсіну елеулі өзгерістерге ұшырады. Ең әуелі, тәрбие феноменін әлеуметтік функция тұрғысынан зерттеу басталды, тіпті оны әлеуметтендірумен ұштастырды, бұл - қисынсыз.
Сонымен, қазіргі кезде тәрбиені былай деп түсінеді:
-
әлеуметтің тәжірибені және әлемдік мәдениетті жеткізу;
-
адамға, адамдар тобына немесе ұжымға (тікелей және жанама, аралық түрде) тәрбиелік ықпал ету;
-
тәрбиеленушінің өмір сүру тұрпаты мен іс-әрекетін ұйымдастыру;
-
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара ықпал етуі;
-
тәрбиеленуші тұлғасының дамуы үшін жағдайлар жасау, яғни оған отбасылық ауыртпалықтар, оқуда қиындықтар, кәсіби қызметі немесе біреулермен қарым-қатынасында мәселелер туындағанда жәрдемдесу.
Тәрбиенің мәнін ашуда болмаса анықтауда алуан-түрлі көзқарас пен пікірлердің болуы осы құбылыстың санқырлылығын байқатады.
Жалпы алғанда тәрбие негізгі құрамдас бөліктері тәрбиеші (тәрбиешіліер тобы) мен тәрбмеленуші (тәрбиеленушілер тобы), жоғарыда көрсетілген үдерісс және оның жүргізілу шарттары саналатын тәрбиелік акт болып табылады.
Тәрбие үдерісінің құрылымы қойылған мақсаттар, мазмұны және нәтижеге жету тәсілдерінің тұтастығымен ашылады.
Тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен оның мақсаттарын жүзеге асыру отбасы, мектеп, жоғары оқу орны, музей, партия фракциясы, көше ортасы, кәсіпорын, қамау орындары және т.б. жағдайларда орындалуы мүмкін.
Тәрбиелеуде, көпфакторлы үдерісс ретінде, объективті және субъективті шарттар айрықша маңызды. Мұның себебі аталмыш үдерісстің «адам мен адам» қатынасы жүйесінде іске асатындығында ғана емес, сондай-ақ тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы субъективті өзара тәуелділіктің үлес салмағы басым келетіндігінде. Сондықтан тәрбиенің заңдылықтарын белгілеу барынша қиынға соғады.
Тарихи және дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, тәрбиенің басты мақсаты бүгінгі қоғамда дербес өмір сүруге қабілетті, келешекте осы қоғамның құндылықтарын бөлісіп, арттыра білуге қабілетті, жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастыру.
Адамның үйлесімді және жан-жақты дамуы мақсатында ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, құқықтық, азаматтық, азаматтық, экономикалық, экологиялық тәрбиелерді жүзеге асырады.
Тәрбиенің нәтижелері ретінде өмір сүру тұрпаты мен мінез-құлық стартегиясын айқындауды, заманауи мәдениет тілінен хабардар болуын мүмкін ететін дүниетаным мен құндылықтар арақатынасы жүйесін түйсіну және өзгертумен байланысты тұлғалық жаңғырулар пайда болады. Бұл адамзаттық және әлеуметтік кеңістікте «жақсылық-зұлымдық», «ақиқат-жалған», «сұлулық-келбетсіздік», «адалдық-бұлтақтық», «махаббат-жеккөрініштілік», «достық-сатқындық», «құқықтар мен міндеттер» әрқашан адаммен бірге қалатындығын білдіреді.
Тәрбие социотарлық, әлеуметтік-психологиялық, тұлғааралық және интра кісілік деңгейлерде жүргізілуі мүмкін.
Әдебиеттер
-
Абдуллина О. А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования: для пед.спец. вузов.- 2-е изд. – М.: Просвещение, 1990. – 141 с.
-
Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. Төртінші том. – Алматы. 1998 . – 285 б.
-
Ахметова Г. Ұстаз даярлаудың өзекті мәселері. Алматы: Ғылым, 1998. - 154 б.
-
Ақылдың кені. /Құраст. Қ.Жарықбаев.- Алматы: Қазақстан, 1991. - 256 б.
-
Алдамұратов А. Жалпы психология - Алматы,1996. – 300 бет
-
Алтынсарин И. Собрание сочинений: В 3-х т. А.: Мектеп, 1976.- 423 с.
-
Амонашвили Ш. А. Как живете дети? Кн. для учителя – 2-е изд. – М.: Просвещение, 1991- 175 с.
-
Амонашвили Ш. А. Здравствуйте, дети! – М.: Политиздат, 1984. – 285 с.
-
Арет А. Я. Очерки по теории самовоспитания. - Фрунзе, 1961.
-
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. - Алматы. 2004. - 460 бет.
-
Даналардан шыққан сөз: Нақылдар жинағы. /Жинап, құраст., ауд. Ұ.Асылов. – Алматы: Мектеп, 1987. - 383 б.
-
Детская практическая психология. / Под редакцией Т. Д. Марцинковской. - М.: Гардарики, 2003. – 350 с.
-
Донцов И. А. Самовоспитание личности: Фил.-этич. проблемы – М.: Политиздат, 1984. – 285 с.
-
Елканов С. Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя. – М.: Просвещение, 1989. - 189 с.
-
Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
-
Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу түсінігінің мәні //Саясат-Policy, 2003, №10.- 28 б.
-
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан. – 1992. – 112 б.
-
Зимняя И. А. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы, 2005. - 359 бет
-
Зязин Б. Н. Профессиональное самовоспитание педагога. - М., 1988. - 208 с.
-
Ковалев С. М. Воспитание и савоспитание. - М.: Мысль, 1986. -287 с.
-
Ковалев А. Г. Личность воспитывает себя. - М.: Просвещение, 1991. - 175 с.
-
Колесников Л. Ф. Резервы эффективного педагогического труда – Новосибирск: Наука, 1985. – 263 с.
-
Кон И. С. В поисках себя: Личность и ее самосознание.- М.: Политиздат, 1984. - 335 с.
-
Крылова Н. Б. Формирование культуры будущего специалиста.- М.: Просвещение, 1980.
-
Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
-
Құрсабаев М. Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы балалар ұйымдарының тарихы һәм ұлттық тәрбие: Ғылыми-әдістемелік құрал. – Көкшетау, 2006. - 77 б.
-
Львова Ю. Л. Творческая лабаротория учителя: Из опыта работы. - М.: Просвещение, 1985. – 158 с.
-
Макаренко А. С. О воспитании. – М., 1990.
-
Немов Р. С. Путь к коллективу. –М., 1988.
-
Новикова Л. И. Педагогика детского коллектива . - М., 1978.
-
Намазбаева Ж. И. Психология : оқулық. – Алматы, 2005. - 430 бет.
-
Основы психологии: Практикум / Ред.-сост. Л. Д. Столяренко. Издание 2-е, доп. и перераб. - Ростов н/Д: «Феникс», 2001. – 704 с.
-
Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002. - 254 бет.
-
Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. - 350 бет.
-
Педагогический процесс как объект профессиональной подготовки учителей. А.:М.,1984.
-
Педагогическое наследие: Сборник: (Коменский Я. А., Локк Д., Руссо Ж. Ж., Песталоцци И. Г.). Сост. В. М. Кларин и А. Н. Джуринский.-М.: Педагогика, 1987.- 416 с.
-
Пискунов А. И. Хрестоматия по истории зарубежной педагогики: Уч. пособие для студ-в пед. инст-в. 2-е издание, перераб.- М.: Просвещение, 1981.- 528 с.
-
Психология самовоспитания: Уч.пос-е для пед.инс-в.-М.:Просвещение, 1982. - 143 с.
-
Раченко И. П. научн. орг-я пед. труда. – М.:Просвещение, 1989.-238 с.
-
Рогов Е. И. Наст. Книга прак-го психолога: Уч. пособие: В 2-х кн. – М.: Издательство Владос-пресс,2002.-Кн.2: Работа психолога со взрослыми. - 480 с.
-
Рувинский Л. И., Хохлов С. И. Как воспитать волю и характер. – М.: Просвещение, 1988. -160 с.
-
Рувинский Л. И., Соловьева А. Е. Психология самовоспитания. Уч. пособие для пед.инст.- М.: Просвещение, 1982.- 143 с.
-
Скульский Р. П. Учиться быть учителем. – М.:Педагогика, 1986.-143 с.
-
Сухомлинский В. А. О воспитании. – М.: Политиздат, 1985. – 270 с.
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет.
-
Учителю о педагогической технике [Ю.И.Турчанинова, В.А. Кан-Калик, В.П.Чихаев]. Под ред. Л.И.Рувинского – М.: Педагогика, 1987.-157 с.
-
Шварцман К. А. Философия и воспитание: Критический анализ немарксист. концепций. – М.: Политиздат, 1989. – 208 с.
-
Чехов А.П. Собрание сочинений: В 12 томах. Т.11. М., 1956. - 83-84 б.
Қосымша
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым-дамасы Білім және ғылым Министрінің 16 қараша 2009 жылғы № 521 бұйрығымен бекітіліп, Республиканың үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылады.
Кіріспе
Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес қоғамда өмір сүріп тіршілік ете білуді талап етеді. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік,белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзат-тық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден-саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбилеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында адамгершілік-жыныстық тәрбие беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республи касында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру үйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы (бұдан былай Тұжырымдама) тәрбие саласындағы мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетін, тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат болып табылады.
Тәрбиенің қазіргі жағдайы: аналитикалық шолу
Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік іс әрекетке осы заманғы көзқарастың ерекшелігі тәрбие үрдісіндегі жүйелілік және сол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін факторлар мен шарттардың біртұтас жиынтығы болып табылады.
Нормативті-құқықтық базаға жасалған талдау «жеке тұлғаның еркін дамуы», «адам құқы», «жеке тұлғаның мүддесі» және т.б. ұғымдардың жан-жақты қолданылатындығын көрсетті. Осылайша тұжырымдап айту алдымен білім беру ұйымдарының бастапқы деңгейін демократия-ландыруға мүмкіндік береді. Басым құндылықтар ретінде дербес даму, өзін-өзі табысты көрсету және өзін-өзі анықтау ерекшеленеді.Білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік сипат байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашыық қабілетті дамытуға бағытталған. Соның негізінде балаларды және жастарды мектеп жасына дейінгі, орта білім беретін, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім, қосымша білім берудің түрлі деңгейлерін қамтитын тәрбие жүйесі құрылуда.
Тәрбие үдерісі ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республика-сының білім беру ұйымдарында 2006-2011жылдарға арналған республикалық тәрбиенің кешенді бағдарламасы, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының аймақтық деңгейінде тәрбие беру бағдарламасы жасалып, енгізілді; авторлық бағдарламалар дайындалуда; тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалу мен жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейінің өлшемдері жасалды.
Тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүргізіліп келеді. Мектептердің, кәсіптік мектептер пен колледждің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, сынып жетекшілері, педагогтар-ұйымдастырушылар, аға вожатыйлар, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, еңбек ақылы сынып тәрбиешілері, қосымша білім беру педагогтары мен әдіскерлер штат бірліктеріне енгізілді.
Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді. Алайда, Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар, оларға мыналар кіреді:
- тұлғаға қоғамдағы әлеуметтік жағдайлардан жаңа талаптар жүйесі
туындауы;
- тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар жеткіліксіздігі;
- қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы;
- оқыту рөлінің жоғары бағаланып және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуындағы тәрбие рөлінің толық бағаланбауы;
- педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі;
- әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі;
- адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;
- бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы кері ықпал етуі;
- тәрбиенің жаңа парадигмасын ғылыми-әдістемелік жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
- педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі;
- балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі;
- еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы;
- балалар мен жастар қызығушылықтары бірлестіктер жүйесінің шектеулілігі (клубтар,үйірмелер, секциялар т.б.) және олардың іс-әрекеттерінің жеткіліксіздігі.
Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас ұрпақтың тәрбиесі осы заманғы қоғамды дамытудың және еліміз қауіпсіздігінің негізін мен мемлекеттік саясатын құрай-тын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс.
Бүгінгі күні үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туып отыр. Тұжырымдама Қазақстандағы тәрбие саясатының Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және бақылаусыздық пен панасыздықтың алдын алу» Заңы, Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi «туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ - ның алдын алу « туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы , Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға арналған Стратегиялық жоспары, 2015 жылға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Тұжырымдамасы анықтаған негізгі қағидаларын дамытады және т.б. Тұжырымдама тәрбиенің жалпыұлттық басымдылық екендігін айқындайды. Ұсынылып отырған тәрбие Тұжырымдамасы білім беру ұйымдарын біріңғай жүйелі басқарудың құрамдыжүйесінің элементі болады.Осы дайындалған Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жоспары әзірленеді.
Тұжырымдама құрылымы:
1. Кіріспе.
2 Тәрбиенің қазіргі жағдайы: Аналитикалық шолу.
3. Тәрбие құндылықтары.
4. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.
5. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық негізі
6. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны.
7. Тұжырымдаманы іске асыру шарттары.
8. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер.
9. Сөздік.
Достарыңызбен бөлісу: |