Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті


тақырып. Музыкалық мәдениетінің морфологиясы: әдіс-



Pdf көрінісі
бет20/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

 
11 тақырып. Музыкалық мәдениетінің морфологиясы: әдіс- 
нама мәселері 
Тақырыптың мақсаты: Музыкалық мәдениетінің морфология- 
сың сипаттау 
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: морфология, 
қасиетті, мәдениет типологиясы, мәдениеттің трансляциялау түрі, 
коммуникациялық технологиялар 
Музыкалық мәдениетінің морфологиясы: әдіснама мәселері 
тақырыбы бойынша сұрақтар: 
1. Музыкалық мәдениетінің морфологиясы (жалпы сипаттама) 
2. Мәдениет типологиясы туралы жалпы түсінік 
Дәріс: 
1. Музыкалық мәдениетінің морфологиясы (жалпы сипаттама) 
Мәдениет – бұл бүкіл әлемді рухани мазмұнмен толтыратын 
мағынаны қалыптастыру процесі және нәтижесі. Мәдениеттің өзегі
желі ретіндегі рухани көз қайнарының басымдылығы салмақты себеп- 
терге ие және біртұтас өріс теориясына негізделген қазіргі заманғы 
классикалық емес ғылымның деректерімен расталады. Оған сәйкес 
«әлем өзінің барлық көріністерінде – физикалық, биологиялық немесе 
психологиялық – бір-біріне ұқсас жасалынған». Мұны, біріншіден, ең 
ежелгі (миф, дін, мораль, өнер) мәдени нысандардың генетикалық 
байланысынан көруге болады. 
Екіншіден, мәдениеттің табиғи руханилығы фактісі мәдени 
игіліктер, яғни материалдық заттар ұзақ өмірлік тәжірибе барысында 
жасалынып басталғанымен расталады. Және де адамзат тарихының 
алғашқы кезеңінде олар рухтандырлып, қасиетті мағынаға ие екенің 
айтып ескеру өте маңызды. 
Бұл жерде қасиетті «жалпыға ортақ, оның көріністері әртүрлі 
және адам мәдениетінің ықпал ету терең категорияларының бірі» 
екенін атап өткен жөн. Адамда қасиеттілік сезімі өзіне тән, оның 
тасымалдаушыларының сенімі бойынша, сыртқы табиғаттан тыс 
(құдайлық) пайда болған. Қасиетті ғылыми тұрғыдан талдауынан, бір 
жағынан, діни қасиеттің бөлінуі анықталды. 
Ғылымда қабылданған қасиетті саралау, сакрадьді (діни) мәде- 
ниетке және зайырлы (ақ сүйекті) мәдениетке оппозициясына негіз- 
делген мәдениеттің типологиясының қалыптасуына да әсер етті. 


57 
Қасиетті мәдениет архаикалық дәуірден бастау алады. Бұл тарихи 
тұрғыдан мәдениеттің культ, яғни табыну ретіндегі алғашқы мағына- 
сы; шығарылған дәстүрлерді құрметтеу, ұқыпты сақтау. Сакральды – 
қасиетті, киелі; ең маңызды дүниелік көзқарас және әлемді түсіну, 
оған сәйкес барлық нәрсе құнды болады. 
Бұл мағыналы код мәдениеттің алғашқы түрлерінде (миф, мораль, 
өнер, дін) іске асырылды. Адам өмір болмысының тарихи феномені 
ретінде бұл тип сезімтал-бейнелі андау, яғни пайымдау мәдениетін 
білдіреді (Ницше, Шпенглер, Бергсон, Ортега и Гассет, Нурланова 
және басқалар). Оның мәні еш қашанда өту мүмкін емес, өйткені онда 
жалпы адамзаттық мәдениеттің мәңгілік негізін құрайтын идеялар бар. 
Шынында да, конфуцилық-даоистік, үнді-буддалық, ислам және 
христиан мәдени түрлерінде діни құрастырушысы шешуші болып 
табылады (Попов). Мәдениеттердің бұл түрлері үшін әлем екі бағытқа 
бөлінеді – зайырлы (құдайға жатпайтын) және қасиетті (киелі), олар- 
ды діни сана антагонистердің, яғни бітіспестіктердің ұстанымдарына 
қойылған. Мұндай оппозицияның негізі, Дюркгеймнің пікірінше, 
қасиеттінің маңызды белгісі – оның қол сұғылмауы, бөлінуі, тыйым 
салынуы. 
Тәңірлікке келетін болсақ, ондай қатаң антагонизм жоқ. Оның 
ерекшелігі – бұл өмір салты мен мәдениет, бүкіл Ғалам қасиетті 
энергиямен шоғырланған. Басқаша айтқанда, бүкіл әлем рухтанды- 
рылған қасиетті шындық ретінде қабылданады. 
Жоғарыда айтылғаның Әбіл-Ғази түрік шежіресінен тарихи мысал 
келтіріп, айқын суреттейді: Шыңғыс хан Бұхара тұрғындарының 
ислам діні туралы сұрастырғанда олар: «Мекке қаласы бар, біз оған 
барамыз, егер күштер рұқсат етсе, Құдайға табынамыз», – деді. 
Шыңғысхан мұны мақұлдамады: «бүкіл әлем Құдайдың мекені: неге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет