Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті


тақырып. Музыкатану (музыка туралы ғылым) пән



Pdf көрінісі
бет28/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

17 тақырып. Музыкатану (музыка туралы ғылым) пән 
аясында 
Тақырыптың мақсаты: Музыкатану туралы пән аясында жалпы 
түсінік беру 
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: музыкатану, алдын-
ала жасалған ғылыми көріністер, рухани білім, сарын, қоңыр үн, қара 
өлең, сегіз қырлы, бір сырлы 
Музыкатану (музыка туралы ғылым) тақырып бойынша 
сұрақтар: 
1. Музыкатану ғылыми пән ретінде: жалпы сипаттама 
2. Қазақ музыкатануы (жалпы түсінік) 
 
Дәріс: 
1. Музыкатану ғылыми пән ретінде: жалпы сипаттама 
Музыкатану (музыкология) – музыкалық өнерді оның әлеуметтік-
тарихи шындыққа қатынасына, сонымен қатар адамзаттық рухани 
мәдениетінің басқа да салаларына оның ішкі заңдылықтары, ерекшеле- 
рі бойынша зерттейтін ғылым. Бұл гуманитарлық, әлеуметтік таным- 
ның күрделі, біртұтас жүйесі; музыкалық өнердің кешегі, бүгінгі және 
келешегі, оның мәні, қызметтері, даму логикасы мен музыкалық 
өнердің, білімнің және ғылымның ұйымдастыру туралы көп қырларды 
енгізетін ілім. Басқаша айтқанда, ол шындықты бейнелейтін, адамның 
эмоциялары мен сезімдеріне, ой-пікірлері мен қылығына әсер тигізе- 
тін музыка әлемі туралы интеграцияланған, яғни ықпалдастырылған 
ғылым. 
Музыкатану өнертанудың бір саласы ретінде бірқатар гуманитар- 
лық ғылымдардың арасында маңызды орын алады және де бір-бірімен 
тығыз байланысты пәндерге бөлінеді. Оның жіктелуі ішкі ауқымды- 


89 
лығына және басқа ғылымдармен әртүрлі байланыста болғандықтан 
күрделі. Түрлі авторлардың еңбектерінде жіктеу ұстанымдары музыка- 
танулық тарихи жағдайына, автордың өз позициясына байланысты 
болып әртүрлі дәлелденеді. Алыстағы шетелдіктерде Адлердің 
классификациясы кең таралды. Ол музыкатануды тарихи және жүйелі 
деп қарастырады. Кеңес ғылымында (К.А. Кузнецов, Ю.В. Келдыш, 
Л.А. Мазель және басқалар) тарихи және теориялық түрлерге бөлінеді. 
Және де олар ғылыми пәндердің кешенін білдіретін ортақтық пен 
біріктірілген. 
Музыкатану оқулы пәні ретінде шығармашылық университеттерде 
де, музыкалық-педагогикалық жоғары оқу орындарында да мамандарды 
даярлау жүйесінде маңызды орын алады. Творчестволық оқу орында- 
рында, атап айтқанда, консерватория, музыка академиясы және өнер 
университетінде Музыкатану пәнінің мазмұны орындаушылық маман- 
дықтарға, музыкатану және композицияға бағдарланады. Ал музыкалық-
педагогикалық білімінде білім беру кеңістігіндегі өзекті мәселеріне 
аса көңіл аударған жөн болып табылады. Себебі қазіргі дәуірде 
мәдениеттің негізгі түрі білім беру деп мінезделеді. Ғалымдар оны 
ақпараттық қоғам немесе білім қоғамы деп де анықтайды. Бұл қазіргі 
кезеңде білім беру мәдениеттің жетекші формасы ретінде сипаттала- 
тындығына байланысты. Қазіргі дәуірді ғалымдар ақпараттық қоғам 
немесе білім қоғамы ретінде анықтауы кездейсоқ емес. Сонымен, 
музыкалық-педагогикалық білім беруде курсты үйренудің ерекшелігі 
мұнда екі компоненттің баламалы екендігімен анықталады. Бұл 
музыкатану мен педагогика, дәлірек айтсақ, музыкалық білім беру. 
Орыс тілінде бұрын музыковедение болған, қазір музыкознание 
басыңқырақ; өзгеріс білімнің культімен, яғни білімге табынушылықпен, 
білім-центризммен, немесе білім-орталықтықпен байланысты. Осындай 
жағдайда курстың рухани-адамгершілік мазмұны шеткері болады. 
Қазақша бір ғана атау бар – Музыкатану және де ол музыковедениенің 
мағынасына сәйкес келеді. 
Сонымен қатар қазіргі кезеңде музыкатануына ғылыми пән 
ретінде композитор-центризммен, яғни композитор-орталықтықпен 
сипатталады. Осындай түрде мінездеме беруіне музыкознание пәнінің 
мазмұны композиторлық шығармашылығын, композиторлардың шыға- 
рған музыкасын зерттеумен шектелетіндігін айтамыз. Алайда ғылым, 
оның ішінде музыковедение де бір түрінде өзгеріссіз қатып қалған 
сала емес. Себебі музыкалық өнерді зерттеу тақырыбын нақтылайтын 
және кеңейтетін көптеген жаңа мәліметтер пайда болып табылады. 
Қысқаша талдап көрсетілгендей, композиторлық практикадан 
мыңдаған жылдар бұрын және қазіргі уақытта онымен бірге өмір 


90 
сүріп келе жатқан дәстүрлі акустикалық қабат дамуын жалғастыруда. 
Бұл феномен қысқаша музыкалық фольклормен, этномузытакануымен 
зерттелген халықтардың музыкалық мәдениеті деп белгіленеді. Алайда 
композиторлық практика секілді терең зерттелмейді. Жоғарыда айтыл- 
ғандарға сүйене отырып, монографиясың тақырыбы аясында музыка 
ғылымы туралы авторлық ұстанымы келтіріледі. Атап айтқанда, 
музыка ғылымының пәнің екі бағыт құрастырады: ауызша музыкалық 
дәстүр мен композиторлық практика. 
Ерекше әлеуметтік институт сияқты ғылымның қаз-қаз тұрып 
кетуіне алдын-ала жасалған ғылыми көріністер жол салған еді. Ал 
ондай көріністер адамгершілік принциптерді, тәжірибелік дағды мен 
іскерлікті қамти отырып, ауызша мәдениетте пайда болды. Алдын ала 
жасалған ғылыми білім әлі өзіндік теориялық жинақталуға түспеді, 
сондықтан рухани тәжірибешілік түрде болып, өмірдің барлық жақта- 
рын қамтыды. Осындай ұсыным жұрнақтары қазақтарда, олардың 
есімдерінде, жағырапиялық атауларда, 3, 5, 7, 9 сынды тақ сандарда 
сақталынған. Мәселен, Үшбай, Бесбай, Жетібай, Тоғызбай есімдері 
жоғары дәрежелі сиқырлық күшпен байланысты. Бүгінгі күнге дейін 
көптеген түрлі нақыл сөздер жетті: Бес асыл, бес дүшпан. Жеті жетім: 
Тыңдалмаған сөз жетім, айтылмаған ой жетім, киюсіз тозған бөз 
жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, жерінен 
айрылған ер жетім, замандасы қалмаған – бәрінен де сол жетім. Бізге 
бұлар көнеден жеткен ескерткіш ретінде ғана емес, бүгінгі күні де 
халықтың қымбатты игілігі болып қалады. 
Алдын ала жасалған білімнің ең биік жоғарғы рухани мазмұны 
оның қызмет атқару жағдайына себепші болды. Білім ежелден қадірлі 
де қасиетті болған, әрі оны тек қана жоғары дәрежеге көтерілген 
адамдардың білуі мүмкін еді. Олардың құпиялығы есімдеу рәсімінде 
қамтамасыз етілген және ұзақ уақыт көп халықтарда сақталған. Рәсімге 
бағынбаған немесе қандай да бір жол тауып, жасырынған білімді 
меңгерген өлу керек болатын. 
Дәрежеге көтеру салт-жоралары өзгеріссіз қалмады. Әртүрлі 
тарихқа толы дәуір, ел соған өз өзгерілерін қосты. Этнографиялық 
мәліметтерге негізделген көптеген ғалымдардың көрсетуінше, өте 
ежелгі есімдеу рәсімінде біреуді азапқа ұшырату болып түрған. Ал 
еңді Ежелгі Мысыр елінде мұндай ұрып-соғулар кең көлемді сахна- 
ланған көріністермен алмасады. Онда белгілі бір жолды ұстаған 
абыздарға қасиетті құпияларды ашуға болмайтындығы ескертілген. 
Мұндай бағыттағы рәсімделген іс-әрекеттер барысы Б. Прустың 
«Фараон» деген тарихи романында тамаша суреттелген: Ұлы абыз 
қолына ұлкен қасық алып, қазаннан ыстық шайырды көсеп жіберіп: 


91 
– Кім қасиетті құпияны ашып қойса, сол осылай қаза табады, – 
деп дауыстайды. Осы сөздерді айтып, ол еденнің тесігіне шайырды 
құйып жібереді, – сонда жердің астынан зар дауыс естіледі. Прус Б. 
Фараон – Алма-Ата: Жазушы, 1988 – 165 б. Қасиетті Білімді айтып 
қойған кұнжар, сатқындырдың рөлін бірінші болып діни сахнаның 
қатысушылары – әртістер ойнады. Бұл құбылыстың жаңғырығы көпке 
дейін адамдардың сезімінде болды, оған халық шеберлерінің жасырын 
кәсіпшілігі дәлел. Этнографиялық және көркем әдебиеттерде мынадай 
оқиғалар көптен келтіріледі: елшілер, балгер, бақсылар, теміршілер, 
зергерлер өзінің кәсіби құпияларын айтпады, керісінше, өздерімен ана 
дүниеге алып кетеді. Оған себеп – қасиетті Білімге барып тірелетін 
ежелгі ойын-сауық түрлері. Мүмкін, олардың алғашқы мағыналары 
жойылған да шығар, бірақ ерекше бір нәрсені мойындамаған қастерлі 
діріл ортақтығы, қорқыныш сезімі сақталғанын әркім біле бермейді. 
2. Қазақ музыкатануы (жалпы түсінік) 
Музыкалық мәдениеттің морфологиясы: әдіснамалық мәселері 
тақырыпта көрсетілгендей, типологиялық негізде мәдениет қасиетті 
(діни) және зайырлы (ақ сұйектер) деп бөлінеді. Ғылымға дейінгі 
музыкатанудың генетикалық негізі ретінде өзінің музыкалық терми- 
нологиясын, қасиетті мәдениеттегі ажырамас рухани білімді құрайтын 
музыкалық жанрлардың өзіндік жүйесін жасады. Бұл «саз», «күй», 
«жыр», «ән», «айтыс», «үн», «бақсы», «устаз», «сал-сері», «сегіз 
қырлы, бір қырлы» сияқты терминдер. және тағы басқалар. 
Мысалы, күйтану сияқты бірқатар жаңа ғылыми пәндердің 
қалыптасуы қазақ музыкатануының, кеңірек – әлеуметтік-гуманитар- 
лық білімнің жетістігін айғақтайды. Жыр, айтыс пен ән секілді күй де 
Кеңес заманында фольклорлық жанры ретінде сипатталған. Тек 
постномадалық, яғни номадтықтан кейін кезеңнен бастап ол қазіргі 
заманғы ғылыми білімнің қазақтың аспаптық музыкасының шыңы 
ретінде қарастырылады. 
Қазақ музыкатанудың ерекшелігі – оның пәнаралық сипаты. 
Филологтардың, мәдениеттанушылардың, философтардың, көшпен- 
діліктанушылардің және басқалардың еңбектері қазақтың музыкалық 
мәдениетін жалпыға ортақ және ерекше ретінде қайта құруға ықпал 
етеді, бұл зерттеу пәніне салмақтылық және тереңдік береді. Мысал 
ретінде «үн» анықтамасын 5.1-ші тақырыптағы К.Ш. Нұрланованың 
авторлық интерпретациясында музыкалық философия пәні ретінде 
келтірілгенің еске түсіруге болады. Бұл ғылыми ереже, бір жағынан, 
«сарын» – ырымдық сиқырлы әуен сияқты терминнің мәнін ашқан 
музыкатанушылардың әзірлемелерімен растайды. Оны: 1. бақсы; 
2. Батыс Қазақстанның дәстүрлі үйлену тойындағы қалыңдықтағы 


92 
келін; 3. жырау орындайды. Екінші жағынан, олар «үн» терминді 
туындысы ретінде зерттеуге, яғни сары үннен шыққанға ықпал етеді. 
Сары – бұл халықаралық константа: барлық ежелгі халықтар 
үшін терең құрметті құдай болған күннің бейнелі атауы. Буряттардың, 
моңғолдардың, тувалардың және басқа моңғол тілдес халықтардың 
арасында оны Сааган Сар деп атайды. Сар – Күннен, шеңбер (шар), 
басқаша айтқанда – айналмалы уақыт. Өйткені мәдениеттің тәңірлік 
күнтізбесінде уақыт бір сәт емес, кең және анағұрлым ауқымды 
тұжырымдама. Онда барлық модустар – өткен, қазіргі және болашақ – 
бір жазықтықта орналасқан және қабылдау мәңгілік цикл ретінде 
өмірді түсінуге бағындырылған. Осылайша, сарын, сары үн деген өмір 
мағынасында әмбебап масштаб алады. 
«Коңыр үн» – бұл әлемді жаратқанға дейінгі алғашқы үн. Демек, 
«домбыраның қоңыр сазы» – жүректен шыққан қасиетті домбыраның 
тыныш дыбыстары, сол себепті күйдің өзі «қоңыр күй» деп аталады. 
«Қоңыр дауыс» – обертондарға бай сабырлы, жуан дауыс. Қармақшы 
мектебінің (Қызылорда облысы) жыраулары төменгі негізгі тондарды 
шығаруға негізделген тамақпен ән айту техникасын қолданады. 
Сонымен қатар бай дауысты «қоңыр дауыс», ал обертондардың, яғни 
жоғары дыбысталатын тондардың өзін «қоңырау» деп атайды. Сондай- 
ақ «қоңырау» дегеніміз – қорғаныс функциясын атқаратын қоңырау- 
лар және басқа да өздігінен дыбыс шығаратын металл салпыншақтар. 
Олар бақсының киіміне тігіліп, қобыздың басына ілінген. Бақсылықты 
жою процесінде олар балалар ойыншықтарына айналады. 
«Қоңыр тіршілік» – болмыстың шексіздігін философиялық 
тұрғыдан анықтасақ ырғақты бір қалыптағы тіршілік. Қорытындылай 
келе, «Қоңыр» сөзінің кең мағыналық өрісінде құпия мағына бар 
екенін атап өтуге болады. Және де көбінесе «мұн», қайғы сөзімен 
кездесетіні де заңды. Түбегейлі өзгерістер кезінде «Қоңыр» сөзі көңіл-
күй символының мағынасын, әрине, әсемдікке ие болды, сонымен 
қатар қиыншылықтарды жеңуге деген тынысу еркі мен ұмтылысты 
қамтиды. Мұндай көңіл-күйлерді ең алдымен ақындар, ойшылдар, 
қоғам қайраткерлері қолдап насихаттады [Мұрат Әуезов]. 
Біздің ата-бабаларымыз Әлемнің әмбебап рухани қосығыштарына 
сәйкес терең, асыл тембрлі, яғни бояуы бар дыбысты қоңыр дейді. 
Сонымен қатар қоңыр деген әншілік және аспаптық мәдениеттердің 
жанры. Әндерді, домбыра мен қобызға арналған күйлерді «Қоңыр», 
«Қоңыржай», «Жайқоңыр» деп аталынады немесе Дина Нұрпейісованың 
«Әсемқоңыр» күйі секілді балалық шақтын мұнсыз бейнесін суреттей- 
ді. Өмір туралы барлық түсініктер, кейде оның қиын сәттері, өткен 
өмір, осы сәт, болашақ туралы терең, ойлы, байсалды, шоғырланған 


93 
шешім қабылдау сәтін көрсететін күй. Төкпе және шертпе дәстүрінде 
де кездеседі. «Қоңыр үнді қара домбра», «қоңыр бұрау», «қоңыр күй», 
«қоңыр дауыс» ұғымдары қазақтардың домбыра музыкасында синоним 
болып табылады, бұл домбыраның тембрінің дыбыстық диапазонын 
да, кең мағынада күй философиясын да білдіреді. Ән айту мәдениетін- 
де мәдениет реңктерін көрсету үшін жұмсақ, байсалды, әдемі дауыс, 
сабырлы ән, сабырлы әуен деген мағыналарды қолданылады. 
Ақын – қазақтарда суырыпсалма ақын әрі әнші. Сөздің мағынасы 
«ақ» + «үн»-деген яғни қасиетті дыбыс мағынасында. «Ақ» бастапқы 
негізі – ақ тазалық, рухани тазалық мағынасында тәңірлік мәдениетінің 
көптеген сөздерде кездеседі: ақсақал; Ақсақ құлан; Ақ қу; Ақ Қаз; Ақ 
сұйек, ақ бата, ақ сут ... Ақын кең тарамды лирикалы, эпикалық ән 
репертуарын орындаушы. Олардың негізгі іс-әрекеті айтыстарға 
қатысу және рәсімді белгіленген салт жорасы бойынша отбасылық-
тұрмыстық дәстүрлерді өткізу болды. Ақынның мәдени-шығармаш- 
ылық іс-әрекеті ой тереңдігімен, қорыта білу қабілетімен ерекше- 
ленетін қайталанбас тұлғаның жарқындығын көрсетеді. Бұл үрдісті 
ақын шығармашылығының барлық даму кезеңінде байқауға және 
философиялық-эстетикалық ерекшелік ретінде атап өтуге болады 
(Ә. Мұхамбетова, Қ. Нұрланова). Түптеп келгенде, «үн», «сарын», 
«ақын», «қоңыр үн» терминдерінің ортақтығын, ұқсастығын бір мағы- 
насын қамтитын көрсетеді. 
Көпмағыналы мәдени әмбебап «қара» сөзінің де әртүрлі мәндік 
деңгейлері бар. «Қара жер, қара шаңырақ, қара сөз, қара домбыра» 
және т.б. тіркестер тұрақты, мәңгі, уақытқа бағынышты емес дегенді 
білдіреді; ә) жанрдың атауында қара сөзі бастапқы, басты, қарапайым, 
ұлы, күшті, қарымды, қасиетті өлең сияқты бірқатар коннотацияларға 
(сөздің қосымша мағынасына, яғни көп мағыналарға) ие. Сонымен, 
«қара өлең», «қара домбыра» дүниетанымдық константалары ата-
бабаларымыздың рухани мәдениетінің өмірлік мәні бар және мағына 
жасаушы мәнін көрсетеді және білдіреді. 
Осылайша «Қара» дегеніміз – өмір мен мәдениеттің тұтастығы, 
мәдениетті табыну ретінде түсіну деген жер болмыстың, яғни бүкіл 
әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәңісін 
білдіретін анықтамасы. «Қара» халықтың тек материалдық болмыс 
ретінде ғана емес, керісінше рухын білдіретін мәдени коды, 
аудиовизуалдық рәмізі болып табылады. 
Қорыта келе, қазақша, кеңірек – түркі музыкалық терминология- 
сына қысқаша шолу жасай отырып, қазіргі ғылыми танымда бұл тек 
қазақ музыкатануының ғана емес, сонымен бірге музыкалық түркіта- 
нуының да саласы болып табылатындығын атап өтеміз (С. Жансейітова, 
С. Аязбекова, А. Бердібай, С. Өтеғалиева және басқалар). 


94 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет