Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы – бұл
2. Мәдениеттің әлеуметтікдинамикасының негізгі кезеңдері
3. Архаикалық акустикалық мәдениет – бұл
4. Архаикалық акустикалық мәдениеттің негізгі қасиеттері
5. Ерте фольклорлық интонациялау
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі:
1. Кокумбаева Б.Д. Неисчерпаемый мир музыки Великой Степи: моног-
рафия / Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ППУ, 2020. – 155 с. – сс. 86-89.
http://кітапха на.қаз/catalog/201101/201101.htm
103
2. Гулякина Н.Е. (Смирнова) Социально-философский анализ музыкаль-
ного творчества в казахской культуре – Автореферат канд.дис. – Алматы,
2010.
3. Кокумбаева Б., Сағындықұлы Б., Кокумбаева Л. Мәдениеттану
негіздері. Оқулық. – Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2002. – 144 б. – 14-17 бб., 85-
89 бб.
4. Мәдениет динамикасы https://ikaz.info/m-deniet-dinamikasy/
5. Социодинамика культуры https://studme.org/129205225583/kulturolo
giya/sotsiodinamika_kultury
20 тақырып. Дәстүрлі акустикалық мәдениеттің әлеуметтік-
динамикасы (жалпы сипаттамасы)
Тақырыптың мақсаты: дәстүрлі акустикалық мәдениеттің
әлеуметтікдинамикасы туралы жалпы сипаттама
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: дәстүрлі акустика-
лық мәдениет, индустриалдыққа дейін, саз мәдениеті, музыкалық-
шығармашылық іс-әрекет, номадшылық
Дәстүрлі акустикалық мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы
(жалпы сипаттамасы) тақырып бойынша сұрақтар:
1. Дәстүрлі акустикалық мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы
туралы жалпы сипаттама
2. Номадшылдық өмір сүру бейнесі және мәдениет ретінде
Дәріс:
1. Дәстүрлі акустикалық мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы
туралы жалпы сипаттама
Халықаралық ғылыми қоғамдастықта қабылданған консенсусқа,
яғни жалпы келісімге сәйкес, адамзат дамудың екі кезеңінен өтіп,
үшінші дәуірге енді. Ежелгі және орта ғасырларды қамтитын бірінші
кезең – дәстүрлі (индустриалдыққа дейінгі кезең)); екінші – индуст-
риалдық өркениет және үшінші дәуір – постиндустриалдық, яғни
индустриалдақтан кейінгі кезең.
Ғылыми қоғамдастықта бірінші кезең екі түрлі аталынады:
дәстүрлі және индустриалдыққа дейінгі. Біздің ойымызша, «дәстүрлі»
ұғымы адамзат тарихының бастауы ретінде осы әлеуметтік-мәдени
шындықтың (ӘМШ) мәндік негіздері мен сапалы табиғатын барынша
білдіреді. Бұл – адамзаттың балалық шақ кезеңі; алғашқы Адам қор-
шаған табиғи ортадан, өзінің Ғарыштық үйінен уақыт өте алыстайтын
және бөлінетін дәуір. Социоантропогенез (адаммен қоғамның пайда
болу үдерісі), дәлірек: қоғам мен адамның шығу тегі, қалыпты,
салмақты өмір салты мен ойлау стилі болды. Оны «индустриалдыққа
104
дейінгі кезең» деп бұл сатыны әлеуметтану, экономика және саясат-
тану тұрғысынан түсіндіретін постиндустриалды қоғам теоретиктері
ұсынды. Бұл ұстаным мәдениет саласына да экстраполяцияланады,
яғни таратылады. Нәтижесінде дәстүрлі дәуірдің мәдени-тарихи мәні
әлі де ашылып түсіндірілген жоқ.
Айтқаның дәлелі, рухани қазынасының негізгі, жалпыадамзаттық
маңызды константалары әзірленген архаикалық акустикалық ауызша
мәдениеттің тағдыры. Саналы өмірдің бірінші қадамдарынан-ақ,
ежелгі адам ақылды, табиғатпен тату, өз тайпа-руымен және өз-өзімен
келісті өмір сүруге ынталанды. Алғашқы акустикалық ауызша
мәдениеттің тарихи маңызы сол, бұл дәуірде жалпы адамзаттық
маңызы бар рухани қазынаның тұрақты шамалары өндірілді. Оның
алғашқысы – тіл. Тіл – тұрақты жүйе, соның арқасында дәуірлер мен
ұрпақтардың түсінісуі жүзеге асады. Еңді бірі – өз бойында ауқымды,
жалпы адамзаттық өнегесін қамтитын әдеп өлшемі. Ақырында, бұл –
діни-мифологиялық жүйе, ал одан рухани іс-әрекеттің бүкіл бөлшек-
тері: емшілік, ғылым, өнер, ұстазшылық, әдебиет және т.б. бастау
алады. Демек, алғашқы қауымдық дәуірде көне қоғам дәрежесіндегі
қажетті мәдениет үлгісі құрылды және ол адамзаттың одан әрі
дамуына негізгі тірек болды.
«Шығыстардың» көптігіне бөлінетін Шығыс мәдениетінде
акустикалық ауызша дәстүрдің базистік негіздері біртіндеп дамып
келеді (Л.Н. Гумилев). Шығыстың алуан түрлі әлемі а) шаруашылық-
мәдени түрі бойынша (көшпенді және отырықшылық-егіншілік);
ә) мәдениетті трансляциялау тәсілі бойынша (ауызша акустикалық;
ауызша және жазбаша үйлесімі түрінде; жазбаша); б) рухани-діни
негіздері бойынша (буддалық, ислам, тәңірлік және т.б.) өзгешеленеді.
Ұзақ және дәйекті даму нәтижесінде мұнда саз мәдениеті дамиды,
ол бір жағынан тұтас жалпы шығыстық феномен болып табылады.
Екінші жағынан, мазмұны мен форманың әртүрлілігін, дыбыс
палитрасының байлығы мен әсемдігін таңдайтын өзіндік музыкалық-
мәдени әлемдерге бөлінеді.
Батыс дәстүріне келсек, ол үшін отырықшы егіншілік, грек-рим
өркениеті мен христиандық рухани-діни негіздерден бастап басым-
дыққа ие болатын мәдениеттің жазбаша түрі тән. Сонымен, осында
жаңа еуропалық уақытта жоғары деңгейге гүлденіп және ұлттық
композиторлық мектептің қалыптасуына әсер етіп, музыкалық
мәдениет қалыптасады және дамиды.
Орта ғасырдың мәдениетіне жалпы тән – айқын байқалатын
дифференциация, яғни музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттердің
түрлеріне бөлінуі. Алғашында музыканы қабылдайтын тыңдаушы мен
105
музыкалық-поэтикалық мәтінді шығарушы және орындаушы (әнші
және сүйемелдеуші) интеллектуалдық-шығармашылық тұлға іс-әрекет-
теріне, сондай-ақ ұстаз іс-әрекетін қоса атқаратын бөлінуі болған
кезде, бұл үдеріс ұзақ тарихи уақытқа созылды.
Сонымен қатар отырықшылық-егіншілік және номадтық мәде-
ниеттердің әлеуметтдинамикасында айырмашылықтар байқалады.
Мәдениеттің шығыс, не болсама, батыс түрлерінде, егіншілік өрке-
ниеттерде діни құрамдауыш, жер өмірінің өзге аспан әлемі ретінде
қарама-қарсы жеке рухани шындыққа айналады. Осылайша егіншілік
мәдениетте әлем екі салаға бөлінеді – діни санасымен антагонист, яғни
бітіспестік жағдайына қойылған, қасиетті (киелі) және дүниелі
(құдайлы емес). Мұндай оппозицияның негізі, Дюркгеймге сәйкес,
киелі рухтың маңызды белгісі – оның қол сұғылмаушылығы, бөлінуі,
тыйым салуы болып табылады.
Орталық Азия түркілерінің көшпенділі әлемінде осындай қатал
антагонизм жоқ. Оның ерекшелігі өмір сүру және мәдениет, барлық
Универсум қасиетті жігерге толы тұтастықты құрайды. Осы айтыл-
ғандардың себептері номадизмде өмір салты мен мәдениет ретінде
жатыр, бұл келесі тақырыпқа жан-жақты баяндалады.
2. Номадшылдық өмір сүру бейнесі және мәдениет ретінде
Динамика әлемі мен статика әлемі... Осылай Мурат Ауэзов
«Энкидиада». Көшпенділік және отырықшылық әлемдерінің бірлігі
мәселесіне» зерттеуінде номадтар әлемі мен аграрлық әлемді осылай-
ша сипаттаған еді. Осы екі әртүрлі өмір бейнесі, екі дербес мәдени-
тарихи жүйе адам заманнан қатар өмір сүрген.
Мәдениеттің белгілі бір түрінің қалыптасуына шаруашылық негіз –
көшпелі мал шаруашылығы немесе отырықшы егіншілік басты әсер
етті. Оның маңыздылығы соншалықты, тіпті мысалы, түркі тілдес,
бірақ отырықшы өзбектермен салыстырғанда қазақтардың мәдениеті
көшпелі моңғолдармен ұқсастықтары көп болған. Яғни, тіл ортақты-
ғынан гөрі шаруашылық-мәдени түрі маңыздырақ рөл атқарған.
Көшпелілер әлемі мен егіншілік өркениетінің өзара әрекеттесуі
әлемдік мәдени тарихының бүтіндей дамуының бұрынғы және логика-
лық құбылысы, бұл қазақ материалында жақсы байқалады. Қазақстан-
ның аумақ жағынан кең таралған мәдениеті дәстүрлік қоғам мен
индустриалды өркениеттің елесті өрбуімен, осылардың шектеулі үйле-
сімі өз негізінде сан алуан бірыңғай мәдени-тарихи жүйені құрайды.
Ішкі тұтастық, орасан зор географиялық кеңістіктің өзара байла-
нысы мәдени тарихымен ерекшеленетін жүздер ұстанымында көріні-
сін тапқан. Ұлы жүздің аумағы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда
шектелген, осында көшпелі мал шаруашылығы бұрыннан отырықшы
егіншілікпен үйлесіп отырды. Орта ғасырда осы аймақ қалалық өрке-
106
ниеттің, сауда өткелі мен суарылатын егіншілік ірі орталықтарының
бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға монғол шапқыншы-
лығы қарсаңында мұсылман өркениетінің саяси-экономикалық ошағы
болды.
Ұлы жүзге қарағанда, Орта және Кіші жүздің жері араб-ислам-
дықтың тікелей әсерінен алшақ болды. Орта және Солтүстік-Шығыс
Қазақстанда орналасқан Орта жүз үшін көшпелі малшылық пен
отырықшы егіншіліктен басқасына металлургия, тау кен ісі, қала
өркениетінің дамуы тән еді. Орта ғасырда пайда болған осындағы
қуатты мемлекеттерінің бірі Дешті Қыпшақ еді. Осыдан барып, қазіргі
қазақ тілінің негізі түркі тілдері тобының қыпшақ диалектісі арқылы
қаланды.
Кіші жүз, яғни, Батыс Қазақстан әлемнің еуропа мен азия бөлігінің
шекарасын алып жатыр. Ол қатал табиғи-климаттық жағдайларымен –
аязды қысымен, ыстық жазымен, судың тапшылығымен, ұшы-қыйыр-
сыз даласымен, шөлейтімен – сипатталады. Бұл аумақта жыл бойына
созылған көшіп жүру өрістеді, осындағы қайта көшіп қону маршрут-
тары бір жаққа мыңға немесе мыңнан астам шақырымға созылатын
еді. Мұнда номадшылдық, яғни көшпенділік, ХХ ғасырдың басына
дейін сақталды. Өйткені ол негізінен, халықтың әлеуметтік-экономика-
лық жағдайларын қамтамасыз етті.
Қысқаша шолу қазақ мәдениеттің көп ғасырлық дамуында адам-
затқа белгілі мәдени-тарихи құндылықтардың барлық түрлері жүзеге
асырылғанын көрсетеді. Өз бойына Ұлы Даланың көптеген этноста-
рының мыңжылдық даналығын, өнегелі тазалығын және шығармашы-
лық күшін шоғырлаған, ондағы көшпелі мәдениет ерекше өзектілікке
ие болған (Ақышев К., Марғұлан Ә., Байпақов К., Қадырбаев М.,
Ерзакович Л., Қозыбаев М.). Соңғысы рухани топталуынан тұруы
соншалық, тіпті материалдық қажеттілікке құлшынған индустриалды
қоғам түсіне алмауы мүмкін (Тұрсынов Е., Мұхамбетова Ә., Жиһан
Желтоқсан – Е. Шаймерденұлы, Әуезов М., Қарақұлов Б., Нұрланова
Қ., Коқымбаева Б. және т.б.).
Ұлы даланың таралу аймағы осы міндетті анықтау үшін ең
берекелі объект болып табылатыны туралы ереженің пайдасына
мәдени-тарихи себептер кешені куәландырады:
1. Қазақстан аумағы – көшпелі скиф-сақ мәдени дәстүрі пайда
болған және дәйекті дамыған ареал.
2. Соңғы бүгінгі күнге дейін реликтілік емес, яғни ескінің қалдығы
емес, тірі жаңды құбылыс, өйткені ертедегі көшпенділер дәстүрлерінің
сабақтастығы мәдени-тарихи жүйеде, көптеген түркі-моңғол халықта-
рының менталитетінде, яғни ділінде сақталуда.
107
3. Отандық көшпенділіктану ғылымының дамуы, оның нәтижесі
номадшылықты типтік-жинақтық жүйе ретінде қарауды айғақтайды.
Бұл жүйе аса ірі тарихи-мәдени бөліктерін одан әрі және кең көлемде
іздестіруге жол аша алады.
Көшпеліктің тарихи-мәдети тұрғыдан зерттелуі ұзақ мерзімді
қамтыды және үздік-создық сипатта ие болды. Көшпеліктің өмір
мәдениетін дербес мәдени феномен ретінде түсіну бірте-бірте пайда
болды және фактологиялық мәліметтердің сандық дәрежесінің артуына
сүйенілді. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары Қазақстан ғылымының
саңлақтары көшпелілер мәдениетін зерттеуді мақсатты бағытта өрбіді.
Оған отандық археологияның нәтижелері, әсіресе, ғасырдың таңда-
нарлық оқиғасы – Есік қорғанда «Алтын» адамның табылуы себепкер
болды. Бүгін бүкіл әлем қазақ мәдениетінің тұтас бейнесін қалпына
келтіруге ықпал ете отырып, әртүрлі бағыттағы, көркем әдебиеттегі
мамандардың зерттеулерінде жан-жақты көрініс табатын осы
олжаларға таңданады.
Орыс тілінде мәдениеттану сипатында шығарылып жарқын түрде
қорытылған «Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным
казахским искусством» – «Көшпенділер. Эстетика: дәстүрлі қазақ
өнерімен әлемді тану» еңбегі. Мұнда концептуалдық мәселелер, атап
айтқанда: көшпенділер-қазақтардың әдептік-эстетикалық көзқарасы
қойылған және шешілген. Белгілі бір тұрғыдан қайта талданып,
жаратылған материалдық және рухани дәстүрлер Ұлы Даланың
тарихи-мәдени эволюциясының, яғни қалыпты даму үрдістерін терең
және толық айқындауға мүмкіндік береді.
«Көшпенділік әлем бейнесі ретінде» (С. Аязбекова), үйлесімді
тұтастық, дәйекті рухани эволюция тән дала менталитетіне әсер етті.
А. Нысанбаевтың айтуынша, көшпелі мәдениет «руханилықты сыйғы-
затын және қалыптастыратын бастама» секілді, осыдан – Болмыстың
бірлігі мен дүниетанымдық идеалдардың рухани биіктігін сақтауға
ұмтылуы.
Іргелі категориялар қатарына рухани-құндылық аспектілердің
экономикалық шындықтан гөрі, адамдардың өмірінде анағұрлым көп
мәнді білдіретін көшпенділіктің сапалы, өзгеше мәдениетін жатқызған
жөн. «Басты
Рухани өндіріс жүйесі, материалдық өндірістің өткінші факторла-
рына қарағанда, ең тұрақты болады», – деп жазады М. Орынбеков.
Ой-пікірлер көркем немесе діни тұрпатта құрылған дәстүрлі
жанрға бөлінгенде, философиялық емес пайымдаулар нысанының
басымдылығы тұжырымдалатын, шығыс, сонымен қатар қазақ
философиясының бірегейлігі авторлар тарапынан дұрыс түсіндіріледі.
108
Осы тәрізді хрестоматикалық үлгі – орыс тілді оқырманға Абай
Құнанбаевтың «Қара сөздері» «Слова назидания» ретінде белгілі.
Қазақ көшпелі қоғамының басқа да ерекшелігі айырмашылық-
тары болып әрбір адамның өмірі жарықпен рухтанған ажарланған,
өзгеше рухани өзара байланыстың, тегіс қамтитын қарым-қатынас
идеясың өткір көзқарасы болып табылады. Бұл мәселелерді Ә.
Мұхамбетова, Қ. Нұрланова, Б. Қарақұлов, М. Мұқанов әзірледі.
Жұртқа мәлім, Ұлы даланың тұрғындарының өзіне тән мәдениеті
көшпелі дәстүрлер мен қалалық отырықшы-жер шаруашылығы
өркениетінің қатар өмір сүруімен, аймақтың бірыңғай мәдени-тарихи
жүйесін құраған өзара ықпалымен тұжырымдалады. Монғол-жоңғар
шапқыншылығың аласапыран кезеңінде Қазақ қалалары қайғылы
жағдайға тап болды. Тарих доңғалағы он мыңнан аса кітап қоры болған
кітапхананы аяусыз жер бетінен жойып жіберді. Қазақ кітаптарының
тарихын зерттеген А.М. Жиреншіннің мәлімдеуінше, ежелгі және
ортағасырлық кітап пен қолжазба қоры бір жола жойылды. Әлдеқалай
сақталған бірлі жарым даналары Париж бен Лондон, Копенгаген мен
Ыстамбұл, Қайыр және Тегеран, Ватикан, Берлин және Дрезден
кітапханаларында сақталуда.
Қазақ халқының жоғары рухани күшінің топтастырылған көрісі-
нің жеке нысаны ретінде көшпенділіктің өткінші емес тәжірибесін
білдіретіндер ауызша мәдениет болады. Дәстүрлі акустикалық мәде-
ниетке негізделген Ұлы Дала көшпенділерінің музыкалық-шығарма-
шылық іс-әрекеті киелі-мифологиялық тәжірибе (бақсылық), халықтық
(фольклорлық) дәстүр және ауызша-кәсіби шығармашылық ретінде
қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |