Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті


Ұсынылған әдебиеттердің тізімі



Pdf көрінісі
бет29/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

Ұсынылған әдебиеттердің тізімі: 
1. Тақырып бойынша Б.Ж. Қоқымбаеваның 2 видеодәрістері: Канал: 
Музыкознание Лекция 1. https://youtu.be/J_XVty4bbI0 лекция 2. https://youtu 
.be/zrYPnGfDPw4 
2. Кокумбаева Б.Д. Неисчерпаемый мир музыки Великой Степи: 
монография / Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ППУ, 2020. – 155 с. – сс. 66-72. 
http://кітапхана.қаз/catalog/201101/201101.htm 
18 тақырып. Әл-Фараби, Абай Құнанбаевтың және Шәкәрім 
Құдайбердіұлының музыкалық эстетикасы 
Тақырыптың мақсаты: қазақ эстетикасы, соның ішінде музыка- 
лық эстетикасы туралы атақты тұлғамымыздың көзқарастарымен 
танысу 
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: музыкалық эстетика, 
«Музыка туралы үлкен кітап, «Ойлы күй», «Есті ән», ақыл-ой 
Әл-Фараби, Абай Құнанбаевтың және Шәкәрім Құдайберді- 
ұлының музыкалық эстетикасы тақырып бойынша сұрақтар: 
1. Қазақ эстетикасының қалыптасуы. Әл-Фарабидің эстетикалық 
көзқарастары 
2. Музыкалық эстетикасының негізін қалаған Абай және Шәкәрім 
 
Дәріс: 
1. Қазақ эстетикасының қалыптасуы 
Музыкатанудың тағы бір бағытын, атап айтқанда: әл-Фараби, 
Абай және Шәкәрімнің музыкалық эстетикасың қысқаша сипаттайық. 
Қазақ мәдениетіне көркемдік-эстетикалық бастама тән болғандықтан, 
қазақ музыкатануына да енеді, өйткені бұл зерттеу пәнінің ерекшелігі 
болып табылады. Айтқаны музыкалық терминологияның ұғымды түр- 
дегі емес, керісінше, бейнелік-көркемдік формасымен сипатталады. 
Мұндай, яғни бейнелік-көркемділік бастама көптеген ғалымдардың 
еңбектерінің стилдерінде ұсынылған. Мәселен, ғылыми-көркем новелла- 
лар болып табылатын А. Жұбановтың «Замана бұлбұлдары», «Ғасырлар 
пернесі» монографияларына келтірейік. К.Ш. Нұрланованың еңбекте- 
рің алсақ, ғалымның қазақ халқының ауыз мәдениетінің эстетикасы 
зерттеу пәні ретінде негізгі және маңызды орын алады. Соңғы мысал – 
«Көшпенділер. Дәстүрлі қазақ өнері арқылы әлемді тану эстетикасы» 
тақырыбындағы ұжымдық монографиясы. Бұл қызық жинақта жетекші 
музыкатанушылар Б. Қарақұлов пен А. Мұхамбетованың құнды 
мақалалары да бар. 
Музыкалық эстетикасының, кеңірек – орта ғасырдың көрнекті 
ойшылы әл-Фарабидің музыка теориясына қысқаша сипаттамасына 


95 
тоқтала отырып, оның ғылыми еңбектері әдемі өлеңдер сияқты екенін 
айту керек. Зерттеушілер дұрыс атап өткендей, «сұлулық туралы 
идеялар мен пікірлер болуы мүмкін, сонымен қатар пікірлердің де 
сұлулығы болуы мүмкін. Әбу Насыр әл-Фарабиде біз біріншіні де, 
екіншісін де кездестіреміз». Әл-Фарабидің сұлулығы көп жағдайда 
жақсылыққа, қоғамдық игілікке және әділеттілікке сәйкес келеді, 
өйткені ол белгілі бір дәрежеде эстетикалық және этикалықты өзара 
байланыста және бірлікте қарастырады. Әл-Фарабидің сұлулығы – бұл 
үйлесімділік, бөліктер мен қасиеттердің шамалас, сай келушілікті, 
басқаша айтқанда, сұлулық шамасын сезінуінде көрінеді. 
Музыканың мәселелерін көрнекті түркі ойшылы, классикалық 
мұсылман ғылымының қалыптасуындағы негізгі өкілдерінің бірі әлем 
туралы идеялармен байланыстырып зерттеді. Шығыстағы музыка 
ғылымының негізін салушылардың бірі, тіпті кейінгі орта ғасырларға 
дейін оған тереңдігі мен жан-жақтылығы көзқарасына сәйкес ешкім 
келмеген әл-Фараби музыкатануының дамуындағы екі дәуірдің 
арасындағы өзіндік шекарасын белгіледі. Оның ғылыми шығармашы- 
лығы, бір жағынан, антикалық ежелгі мұраны игеру кезеңін аяқтады. 
Екінші жағынан, мұсылман ғалымдарының еңбектерінде музыка 
мәселелерін одан әрі түпнұсқалық түсіндіруге жол ашты. 
«Музыка туралы үлкен кітабының» алғы сөзінде ол ежелгі 
кезеңдердегі «теориялық өнерде» музыканың анықталған «іргелі 
қағидалары» мен музыканың «таным» жолдарының жоқтығына назар 
аударады. Және музыкалық ғылымның негіздері мен әдістерін өзінің 
шығармасының басты мақсаты ретінде анықтайды. Сөйтіп, «Музыка- 
ның үлкен кітабында» бұл мәселені әрі қарай талқылау әл-Фарабидің 
музыка туралы теориялық білімнің мәні мен оның әдіснамасы туралы 
пікірінің негізделуі ретінде көрінеді. Түптеп келгенде, ғалымның 
«білімнің» мәні мен «таным» жолдары туралы пайымдауының жалпы 
аясында оның шығармашылығының жетекші тақырыптарының біріне 
сәйкес келеді. 
Трактатқа кіріспе музыкалық-теориялық тұжырымдаманың осы 
аспектісін зерттеуде ерекше маңыздылыққа ие болды: кіріспе мәселе- 
лері мен лексикасы, автордың өзінің философиялық еңбектері мен 
Аристотельдің «Екінші аналитикасына» сілтемелері музыка ілімінің 
философиялық ұстанымдарын кең зерттеуге жол ашты, өйткені әл-
Фарабидің негізгі ережелеріне, идеяларына сүйенеді. 
Әл-Фарабидің зерттелген пәнге деген көзқарасының тағы бір 
ерекшелігі – ғалымның дүниетанымының көрінісі болып табылатын 
музыкалық өнер, бұл пәнді ол «ақыл-ойдың заты ғана емес, ойлау 
субстанциясы ретінде, яғни мән, негізде жататын бірдеме деп 


96 
түсіндіруінде. Музыкалық өнер болмысының себептік байланыстарын 
қайта құруға ғылыми конструкцияның үйлесімділігі мен дәлелдеудің 
ұтымдылығы бағытталған теориялық тұрғыдан қарастыру қолданылады. 
Тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстандағы музыка туралы қазіргі 
кездегі тану объективті себептермен музыка ғылымының ортағасыр- 
лық, философиялық-эстетикалық бағытымен сабақтастықта болған 
жоқ. Неге десе, ғылыми тақырып ретінде орта ғасырлар дәуірі айтар- 
лықтай жабық болды» Джумакова У., б. 16. Демек, орта ғасырларда 
пайда болған ғылыми бағыт нақты қазақ музыкасын зерттеумен 
байланысты болмады. Соның ішінде әл-Фарабидің музыкалық 
эстетикасымен де байланысы жоқ. 
2. Музыкалық эстетикасының негізін қалаған Абай және Шәкәрім 
Бүкіл әлем 175 жылдығын 2020 жылы атап өтетін қазақ халқы- 
ның атақты ұлы Абай Құнанбаев – көрнекті ақын, әнші-композитор, 
ағартушы, ойшыл. Бір жағынан, Абай ауызша мәдениеттің тасымал- 
даушысы, оның би іс-әрекеті, сонымен қатар халық сүйетін Абай 
әндері де растайды. Сонымен бірге Абай қазақтың жазба мәдениетінің 
негізін қалаушы, атап айтқанда: әдебиет пен философиясың. Осылай- 
ша оның іс-әрекетінің екі салалары да әмбебап байланыс сәті ретінде 
сабақтастықпен сипатталады. 
Арқа стиліндегі қазақ әнінің дамудың жаңа кезеңі Абай Құнанбаев 
шығармашылығынан басталады. Абайдың реформалық іс-әрекеті 
әннің жаңа көркемдік-эстетикалық үлгісіне бет бұруына Абайдың 
жазба дәстүрдің ақыны ретінде қалыптасуы маңызды рөл атқарды. 
Ә. Сабырованың айтуынша, жазба мәтіннен талап етілетін ерекше 
толықтық, өлең мен әуеннің интонациялық үндестігін саналы түрде 
іздеумен бірге, басқа көркемдік құралдарын іздестіруге әкелді. 
Бұл процестердің тереңдеуі жергілікті Сарыарқаның ән дәстүрінде 
жалғасын тауып, Шәкәрім мен Абайдың реформаларымен байланыс- 
ты түбегейлі бетбұрысқа жетті. 
Олар жаңашыл деп жариялаған жаңа стильді «Бұл ән бұрынғы 
әннен өзгерек», «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән» өлеңдерінде 
реформалардың ережелерінде айқындады. Оларда поэтикалық және 
музыкалық жаңашылдықтар бір-бірін толықтырып дамыды, және 
поэтикалық ережелер музыкадағы реформалық принциптерді дәл 
түсіндіру ретінде қызмет етті. Поэтикалық тұжырымдардан ақындар- 
дың жазбаша поэтикалық дәстүрге жататындығы олардың шығарма- 
шылық әдістерінің жаңалығын айқындағаны көрінеді. «Көңіл құсы 
құйқылжыр шартарапқа» өлеңінде Абай алғаш рет ән реформасы 
туралы: «Сөз түзелді тыңдаушы сен де түзел» деп, жаңаға бет бұруды 
білдіреді. 


97 
Абай мен Шәкәрімнің жаңару реформасының өзегі әннің 
музыкалық-поэтикалық синтезінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде 
сыйымды, терең поэтикалық сөзге деген көңіл аударуында («Ойлы 
күй», «Есті ән»), сондықтан сөзді музыкалық интонациямен байланыс- 
тыру орындаушы үшін ең маңызды талапқа айналады. 
Жаңа әннің сапалықтарын анықтай отырып, Абай мен Шәкәрім 
оның қажетті қасиеттерін анықтайды. Олар форманы жетілдіруді ғана 
емес, сонымен бірге мазмұнның тереңдігін де қамтиды («тәтті ән» – 
ойлы күй», «есті ән» – ақылды, саналы ән, күй деген мағыналарында). 
Әннің астарлы мағынасы бар, олар ақындардың пікірінше, тек 
«таңдалғандарға» ғана түсінікті. Ән өзіндік құпияның («сыр») түрі 
ретінде түсініледі, мұнда әншілік пен әннің сыртқы параметрлерінен 
гөрі, ішкі мәні маңыздырақ. 
Абай мен Шәкәрімнің айтуы бойынша, әннің көркемдігі форма 
мен мазмұнның екеуі де бірдей маңызды, сондықтан мәтіннің 
артикуляциялау жеткізген ойлау қабілеттері бар орындаушылар мен 
тыңдаушыларды тәрбиелеуге ықпал етеді («Ой көз», «Жақсы ән мен 
тәтті күй, көңілге түрлі ой салар»). 
Ойшылдар өз өлеңдерінде музыканы тыңдау туралы ой-пікірлерің 
айтады. Олар тыңдауды үш сатылы процесс ретінде қарастырып 
маңыздылығын көрсетеді: 1) дайындық кезеңі, 2) тыңдау, 3) пост- 
стадиалдық кезең, яғни тыңдаудан кейінгі кезең. Ғалымдар тыңдау ең 
алдымен адамға тәрбиелік әсер етеді дейді, сондықтан тыңдаушының 
моральдық-этикалық қасиеттеріне назар аударылады. Олай дегендері, 
тыңдау тек эстетикалық ләззат ретінде ғана емес, терең мағынада 
түсінгендерің көрсетеді. Музыканы ақындардың сипаттамасы бойынша 
«кемел адам» (толық адам) қасиеттері бар тұлға ғана толық бағалы 
қабылдайды. Абай мен Шәкәрім мұндай қасиеттерге ішінде 
эмоционалды (жүрек пен жан) және рационалды (ақыл-ой «ақыл») бар 
«ақыл», «қайрат», «жүректі» енгізеді. 
Тыңдаудың нәтижесі – ағзаның және қан тамырларының 
жұмсаруы, тазартудың көз жасы. Бұл рухани жайлылықтың «балқуы», 
«еруі» көңіл-күйлері, көңіл ашарымен тән дейді ойшылдар. Осылайша, 
көркемдік коммуникацияның, яғни қатынастың, байланыстың нәти- 
жесі үлкен ішкі зияткерлік жұмысқа серпін болды. 
Абайдың жаңашыл шығармашылығы өз заманының түсінігінен 
туған. Болашаққа бағытталған қазақстандық қоғамның терең, өмірлік 
рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы ізбасарлар мектебі 
дүниеге келді. Солардың ішіндегі ең көзге түскені - Шәкәрім. Абаймен 
тек қан ғана емес, сонымен бірге рухани туыстық байланыстыра 
отырып, философия, поэзия және әншілік саласындағы дәстүрлерін 
жалғастырды. Дәстүрлі музыкалық тілде түбегейлі өзгерістер жасаған 


98 
екі ұлы тұлғаның шығармашылығы қазақ әнінің дамуында жаңа 
көкжиектерге жол ашты. 
Олардың қазақ әнінің стилін, музыкалық және стилистикалық 
ерекшеліктерін дамыту XX ғасырда қазақ музыкалық мәдениетінің 
барлық жанрларында дамуы мен көрінісін алды. Абай мен Шәкәрім ән 
өнерінің мағыналық негіздері ретінде белгілеген «өнердің жайы», 
«әннің жайы», «әннің мәні» категориялары авторлардың эстетикалық 
тұғырнамасын құрайды және музицирование, яғни музыкамен айна- 
лысу: музыканы тыңдау, орындау және шығару процестерін түсінудің 
кілтін береді. 
Көшпенді өмір салты дағдарысымен, саяси және әлеуметтік-мәдени 
тұрақсыздықпен, халықтық толқулармен бірге уақыттың тыныс-
тіршілігін дәл көрсететін жаңа ән стиліне табиғи бетбұрыс Абайдың 
рационалдық, яғни ақыл деген мағынадан шығармашылығың өнімі 
ретінде «есті әні» болды. Жаңа стиль туған мәдениеттің негізінде өсті, 
XIX ғасырдың ортасында қалыптасқан бұрынғы қазақтың музыкалық 
дәстүрлерімен тығыз байланысты. Осылайша, Абай мен Шәкәрімнің 
әндерінің мазмұны саз мәдениетінің рухани ортасын, этикалық көзқа- 
расын, биік жалпылау жолдарын, философиялық ойлаудың даналық- 
тарын бейнеледі. Нәтижесінде жыр философиясы Абай мен Шәкәрімнің 
өмірбаянды әндерде, нақыл әндерде және қоштасу әндерде жаңа тыныс 
алды. 
Сонымен 2-ші модульде қазақ музыкалық мәдениетінің морфо- 
логиясына жалпыланған аналитикалық сипаттамасы берілген. Оның 
құрылымы Ұлы даладағы мәдени-тарихи процестің жалпы бағытын 
бейнелейтінің және білдіретінің көрсетілген. Осылайша еліміздің 
музыкалық мәдениетінің құрылымы екі еселік тұтастық ретінде 
көрінеді. Ұлы Дала мәдениетінің бастауы, шығыс ауызша мәдениеттің 
жалпы түрі саз құрастырады. Екіншісі – қазақ мәдениетінің жаңа бір 
қабаты – жазба түрдегі батыс мәдениеті негізінде қалыптасады. Әр 
қабатта еліміздің мәдени морфологиясы өзіне тән заңдылықтарымен 
сипатталды. Ұлы Даланың үн әлемің алсақ, мәдени біртұтастық пен 
ерекшеленеді. Айтылғанды саз өнері, білім беру және музыкалық 
ғылым, дәлірек, алдың ала ғылым бойынша талдадық. Екінші – еліміз 
үшін жаңа қабатта аталған мәдени формалар европалық дәстүрінде 
жалғасын тапты. Және де жаңа мәдени-тарихи жағдайда қалыптасып 
дамыды. Заманауи Қазақстанда ғылыми, яғни теориялық тұрғыда саз 
мәдениеті арнайы зертелінеді. 
Сөйтіп, ұлттық музыкалық мәдениеті шығыс сазы да, батыс 
музыкасың да енгізіп, олардың шығармашылық интерпретациясы 
қазақ музыкасының қайталанбас әлемін құрастырады. 


99 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет