Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. «Қазақ музыкалық мәдениеті» қандай пәндермен пәнаралық
байланыста?
2. Мәдениеттану пәніне сипаттама?
14
3. Түркітану пәнінің «Қазақ музыкалық мәдениеті» пәні үшін
қандай қатысы бар?
4. Көшпеліліктану қай елде қалыптасты, оның өкілдері?
5. Пән аясында ірі ауқымында қазақ музыкалық мәдениеті неше
және қандай кезеңдерге бөлінеді?
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі:
1. Кокумбаева Б.Д. Неисчерпаемый мир музыки Великой Степи:
монография / Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ППУ, 2020. – 155 с. – сс. 16-26.
http://кітапхана.қаз/catalog/201101/201101.htm
2. Тақырып бойынша Б.Ж. Қоқымбаеваның 2-ші видеодәрісі Модуль 1.
Лекция 2. https://youtu.be/UWEwMEtVgl0
3. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы: Ұлы даланың жеті
қыры http://www.syrboyi.kz/negizginews/26177-r-prezident-nrsltan-nazarbaevty
-maalasy-ly-dalany-zhet-yry.html
4. Түркітану https://kk.wikipedia.org/wiki/
5. Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің орысша-қазақша-
ағылшынша сөздігі // Құрастырушылар: Б.Ж. Қоқымбаева, Е.Ю. Личман,
Б.У. Итемгенова. Аудармашылар: У.М. Мақұлов, А. Личман, А. Хасенов,
Р. Хасенова. – Павлодар, ПМПИ, 2013. – 200 б http://кітапхана.қаз/catalog/
130815/130815-003.htm – 89 б., 93-94 бб., 97 б.
3 тақырып Ұлы Даланың сарқылмас үн әлемінің ауызша
тарихнамасы
Тақырыптың мақсаты: жаңа ДАТ – Даланың ауызша тарих-
намасы ғылыми пәнді тақырып аясында сипаттау
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: ДАТ, музыкалық
фольклористика, ауызша кәсіби музыкалық мәдениет
Ұлы Даланың сарқылмас үн әлемінің ауызша тарихнамасы
тақырып бойынша сұрақтар:
1. Даланың ауызша тарихнамасы (ДАТ): жалпы сипаттама
2. ДАТ және музыкалық фольклористикасы қазақтың жазба
тарихнамасының алғы шарты және жағдайы ретінде
Дәріс:
1. Даланың ауызша тарихнамасы (ДАТ): жалпы сипаттама
«Тарих дегеніміз – адамзаттың қоғамдық жады, адамзаттың
өзін-өзі тануы және өзі туралы пайымдауы, өткен өмірдің санада
жаңғыруы. Уақыт пен кеңістік аясында өткен құбылыстың бәрінің
тарихы бар. Демек, өз алдына дербес ғылым ретінде тарихтың мазмұны
өзінен-өзі тарихи үрдістер (процесс, тенденция) тарихы болмақ.
15
Былайша айтқанда, адамзат тіршілігінің дамуы мен адамзат әрекетінің
нәтижесі тарихи танымның объектісі болып табылады. Тарих тек қана
деректер жиынтығы емес, адам қоғамына философиялық зердемен ден
қою болса ғана мәнді» (А. Сейдімбек).
Тарих өткен өмірді сөз еткенімен, оның барша тағылымы бүгін
мен болашаққа қызмет етеді. «Біздің заманымыз – өткен заманның
баласы, келер заманның атасы» (А. Байтұрсынов).
Тарих туралы нақтылы ұғым-түсінік қалыптастырғысы келген
адам алдымен деректемелерге (источники) ден қояды. Деректеме-
лердің, яғни дерек көздерінің санатына тарихи айғақ-куәнің бәрін
жатқызуға болады. Атап айтқанда, археологиялық, этнографиялық,
ауызша, жазбаша, заттық айғақтардың қай-қайсысы да белгілі бір
заман мен қоғам туралы таным-түсінік қалыптастыруға себін тигізеді.
Деректемелердің бары мен жоғын пайымдап, оның мән-мазмұның
саралаудың өзі дербес ғылым саласы ретінде пайымдалады. Оны
ғылым тілінде «деректану» немесе «дерекнама» (источниковедение)
дейді.
Тарих мәселесі сөз болғанда, әсіресе қазақтың музыкалық
мәдениетінің тарихпен шендестіре зерделегенде, алдымен «қазақ
шежірешілдігін, яғни, қазақтың қария сөздеріндегі төлтума тарихна-
малық танымды айналып өтуге әсте болмайды. Қазақ шежіресі өзінің
тарихи деректерге қанықтығы мен шыншылдығы жөнінен тарихи
таным үшін мейлінше құнды дерек көзі болып табылады», – дейді
А. Сейдімбек.
2. ДАТ және музыкалық фольклористика (музыкалық этнография)
қазақтың жазба тарихнамасының алғы шарты және жағдайы ретінде
Өкінішке орай, ежелгі мәдени қабаттарды зерттегенде, ресми
ғылым тұрғысынан археологиялық деректер мен жазбаша деректер
ғана ғылыми болып есептеледі. Мұндай тәсіл адамзаттың музыкалық
мәдениетінің жалпыға ортақ қайнарлары туралы барабар ойды
қамтамасыз етпейді. Мәселе нота жазбаның кейінгі тарихи кезеңнің
құбылысымен байланысты, атап айтқанда: 10-12 ғасырлар. Оның
үстіне, ол кейінірек, 14-15 ғасырда да ғана кең таралды. Мұндай
жағдайда түпнұсқадағы, яғни ауызша түріндегі трансляциясы шынайы
материалдың ғылыми төңкерісін енгізу эквивалентті көрініс алуға
мүмкіндік береді.
Бұл жағдай проблеманы шешудің түрлі тәсілдерін ұсынатын
ғалымдар арасында кеңінен танылуда. Сөйтіп музыкалық фольклор-
тануы деген жаңа ғылыми пән қалыптасады. Оның маңызды бағыты –
музыкалық мәтіндерді жазу болып табылады. О дегені: музыкалық,
ауызша мәтіндерді енгізеді, сонымен қатар дыбыстық жазба мәтінде-
16
рін кейін транскрипциялау, яғни нотаға түсіру деген мағынада; бір
елді мекеннің орналасқан орындаушылары, жазылған әндері, билері,
әуендері, әлеуметтік, этникалық және мәдени тарихы туралы мәлімет-
тер. Жазбадан кейін материалдарды жүйелеу және оны мұрағаттық
өңдеу жүзеге асырылады, оның нәтижелері музыкалық-этнографиялық
басылымдарда жарияланады.
Қазақстанда музыкалық фольклористиканың, кеңірек музыка
ғылымының қарқынды дамуы жаңа табыстарға жол ашты. Себебі саз
мәдениеті ұжымдық халықтық өнерімен қатар өзіндік қабатын енгізеді
деген ұстаным дәлелденді. О дегені жанрлық құрамында вокалдық-
аспаптық өнер ән, аспаптық шығарма – күй, эпикалық қазына – жыр
және музыкалық-поэтикалық жарыстар – айтысы бар ауызша кәсіби
музыкалық мәдениет болып табылады. Осылайша, Ұлы дала саз
мәдениеті дала фольклорының тереңінде орын алды және өзара байла-
нысты. Атап айтқанда, сөзбен саздың тығыз байланысы, трансляция-
ның ауызша тәсілі, жалпылық, зияткерлік-шығармашылық іс-әрекеттің
жеке табиғаты, импровизация (суырып салмалық). Оның мәдени-
тарихи маңыздылығы ауызша кәсіби музыкалық практиканың бастапқы
әмбебап негіздері сақталғандығында жатыр. Екіншіден, музыка мәде-
ниетінің бірізді дамуы ауызша кәсіби музыкалық практика сияқты
толыққанды және аса құнды феноменнің қалыптасуына ықпал етті.
Сонымен қазақ саз мәдениеті, немесе ғалымдар «қазақ халқының
дәстүрлі музыкасы» деген феномен, тек ұжымдық фольклормен
шектелмейді. Мұнда әнші, күйші, жыраулар мен жыршылар, ақындар-
дың авторлық шығармашылығы мен музыкалық фольклор бір-бірін
толықтыра және байыта отырып, өзара байланысады.
Қайраткерлер туралы толығырақ сипаттама келесі тақырыптарда
беріледі. Бұл жерде біз жазбаша, яғни композиторлық практикадан
айырмашылығы саз мәдениеті біртұтас феномен екенін ескертеміз. Ол
үшін саз және ауызша мәтінді шығарушы мен бір адам әнші де,
аспаптаушыда болған орындаушы тән.
Жоғарыда айтылғандар музыкалық зерттеулердің пәні болып
табылады, оны біздің көзқарасымыз бойынша музыкалық тарихнама
деп анықтауға мүмкін. Музыкалық фольклор ғылым ретінде фольклор
мен музыка ғылымының тоғысында орын алған сияқты қазақ
музыкалық тарихнамасы ДАТ – даланың ауызша тарихнаманың және
музыкалық фольклордың жаңа ғылыми пәнінің бірігуімен сипатталады.
Тарихнаманың толық атауы – «Даланың ауызша тарихнамасы»
деп В.П. Юдин ұсынған. «Оған мифология, дін және рәсімдерді
енгізетін ауызша қасиетті жинағы; жыраулардың шығармашылығы
және де басқа ертегілерді енгізетін ауызша эпикалық жинағы; өлең
17
хабарлары мен генеалогиясынан, аңыздарды еңгізуімен құрастырылған
тарихи-әдеби жинағы» деп анықтайды В.П. Юдин. Оның тұжырымда-
масына негіздеп, философ А. Кодар ДАТ терминің жазба тарихнама-
сыдан айырмашылығын нақты көрсету үшін анықтамасын ғылыми
айналымға енгізді.
Қазақ саз мәдениетіне келетін болсақ, музыкалық ДАТ-ттың
зерттеу пәні – қазақ халқымыздың ауызша феномені, яғни жоғарыда
талқылағандай, дала фольклоры мен ауызша кәсіби шығармашылықты
қамтиды. Қазақ саз мәдениеттің зерттеуін үш кезенге бөлуге болады.
Бірінші кезең эмпирикалық материалды жинастырып жүйелеумен және
арнайы ғылымдар ұстанымнан позиция ұғынуымен мінезделеді. Осы
кезеңнің жалпы үрдісі қазақ музыкасың тек қана фольклор ретінде
анықтау болып табылады. Және де мұндай көзқарас барлық мұраға
экстраполяцияланған, яғни таратылған. Атап айтқанда, фольклорлық
жанрларына да, сонымен қатар айтыс, жыр, ән, күй секілді ауызша
кәсіби түрлеріне де тән. Бұл кезеңнің ерекшелігі, гуманитарлық білім-
нің қандай да болсын саласында: фольклористикада, филологияда,
әдебиеттануда, музыкатануда еуропоорталық ұстаным басыңқырақ
болды. О деген, ауызша мұраны композиторлық практика, опера,
симфония, балет, камералық шығармашылық секілді жоғары жазба
кәсібилік дәстүрлері үшін қарапайым құбылыс ретінде, яғни шикізат
түрінде анықтауы.
Бұл бір жағынан, қазақтың ауызша салт-дәстүрінің құбылмалы
кезеңі болды, оны зерттеушілер, мысалы А.В. Затаевич қазақ туралы
халық ретінде, интеллектуалдық тұрғыдан бай және ауызша шығар-
машылықтың әртүрлілігі мен мазмұндылығымен ерекшеленетін ой-
пікірлерің қалдырды. Белгілі ғалымның айтуынша, олардың «өмір
салтындағы ерекше маңызы» әдебиет пен музыка болды.
Сонымен бірге советтік кезеңде ауызша мәдениеттең гөрі жазбаша
өркениет көбірек дамып орын алады. Себебі ҚСР-да үлкен кеңес
одағының құрамына еңген мәдени саясат дәстүрлі құндылықтар мен
мәдениетті, ауызша шығармашылықты жоққа шығаруға негізделген.
Жаңа әлеуметтік-мәдени құндылықтардың қалыптасуының алғашқы
негізі ретінде кеңестік жазба мәдениетінің өзегін құрған марксизм-
ленинизм ілімі бекітілді.
Нәтижесінде, Ұлы Даланың музыка әлемін талдағанда бұл кезең-
де таптық және әдебицентрлік негіздері басым болады. Айтқаның
мысалы Қысқаша энциклопедияның 4-томындағы «қазақ фольклоры»
атты мақала болып табылады. Онда мақал-мәтелдерден бастап жырға
дейінгі барлық жанрлардың жиынтығында қазақ ауызша мәдениетінің
жалпылама шолуы беріледі. Және де таптық тәсілдің ережелеріне
18
сәйкес Қорқыт, Сыпыра жырау, Асан Қайғы және басқа да зияткерлік-
шығармашылық қайраткерлері «фольклор дәстүрінің әншілер мен
ақындары» ретінде сипатталады.
Сонымен ауызша саз мәдениеті ХХ ғасырдың басында туған
ортада басым орын алғанына қарамастан, өз ортасының шеткі аймағы
ретінде тіршілік етеді. Мәдени саясат жаңа жазба өркениетті құруға
бағытталған жағдайда, адекватты, яғни барабар теориялық-әдіснама-
лық тәсілдерің іздестіру міндет қою және шешілуі мүмкін емес еді.
Сондықтан сандық жағынан деректану базасы көп болғанына қара-
мастан, Ұлы Даланың музыка әлемі әліде өзінің көптеген аса маңызды
түрлері бойынша танылған жоқ.
Отандық ғылымның бірінші кезеңінің позитивтілігі бірлескен күш-
жігермен кейінгі ғылыми ізденістер үшін құнды нақты мәліметтер
жинақталғаны болып табылады. Сол арқылы табыстар кезеңі ретінде
анықталатын екінші кезең басталады. Бірінші және екінші кезеңдер
арасындағы шекаралық шет ХХ ғасырдың екінші жартысындағы
алпысыншы жылдық, өзіндік осьтік уақыт кезеңі болып табылады.
Осы кезеңде қазақ интеллигенциясы ұлттық тарих пен мәдениет
бойынша «жабық» тақырыптарды ашуға бар күш-жігерін жұмсайды.
Зияткерлік күш-жігердің арқасында қазақ музыкалық өнеріне, жалпы
алғанда, рухани мұраға өткен тарихи ескерткіш ретінде ғана емес,
дамып келе жатқан феноменге деген көзқарас қалыптасады.
Перспективалы деп бағаланған үшінші кезең Қазақстан Респуб-
ликасының кезеңін қамтиды және оның егде жасында. Осы кезең
туралы толығырақ Тәуелсіздік талдау келесі тақырыптарда берілетін
болады. Ал мұнда тек глобалды/ ауқымды, аймақтық және ұлттық
рухани-мәдени идентичность/ бірдейлік тұрғысынан талап етілетін
революциялық-шығармашылық әрекет, импульс ретіндегі өзектілігін
айтып кетейік (Ж.К. Урманбетова).
Достарыңызбен бөлісу: |