Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті


Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет8/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Қазақ саз мәдениетінің ежелгі кезеңінің ерекшеліктері 
2. Тақырып аясында мифке сипаттама 
3. Қазақ саз мәдениетінің ежелгі кезеңінің негізгі ұғымдары 
4. Күйлерін Ә. Мұхамбетованың және А. Сейдімбектің классифи- 
кациялары: салыстырмалы талдау 
5. Қобыздың әлем мәдениетінде орны және мәні туралы ғалым- 
дардың көз қарастары 
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі: 
1. Кокумбаева Б.Д. Неисчерпаемый мир музыки Великой Степи: 
монография / Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ППУ, 2020. – 155 с. – сс. 112-
118. http://кітапхана.қаз/catalog/201101/201101.htm 
2. Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің орысша-қазақша-
ағылшынша сөздігі // Құрастырушылар: Б.Ж. Қоқымбаева, Е.Ю. Личман, 
Б.У. Итемгенова. Аудармашылар: У.М. Мақұлов, А. Личман, А. Хасенов, Р. 
Хасенова. – Павлодар, ПМПИ, 2013. – 200 б http://кітапхана.қаз/catalog/ 
130815/130815-003.htm - 93-94 бб., 102 б., 153-154 бб. 
3. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі: Қазақтың халық сазгерлерінің өмірі 
мен шығармашылығы туралы очерктер. 
– 
Алматы:Дайк-Пресс, 2002. 
– 
203 б. 
4. Тақырып бойынша Б.Ж. Қоқымбаеваның 5-ші видеодәрісі Модуль 1. 
Лекция 5. https://youtu.be/ss9eUw8l33k
5. Шертпе күйдің аймақтық ұялары https://zharar.kz/id/9868 
6 тақырып. Қазақ Хандығының саз мәдениеті: 3-ші кезең 
Тақырыптың мақсаты: Қазақ Хандығының саз мәдениетін 
сипаттау 
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: жүз, күй, жыр, 
жырау, толғау, арнау, терме 
Қазақ Хандығының саз мәдениеті тақырып бойынша 
сұрақтар: 
1. Қазақ Хандығы: қысқаша жалпы сипаттама 
2. Қазақ Хандығының саз мәдениеті 
 
Дәріс: 
1. Қазақ Хандығы: қысқаша жалпы сипаттама 
XIV ғасырда көшпелі өркениеттің әйгілі ойшылы Асан Қайғы 
өзінің «Жерұйық» рухани ілімінде үш жүздің бірігуі туралы 
мәңгілікке айналған ойларды қалдырды. Ұлы Даланың данышпаны өз 
көзқарастарын көркем-бейнелі тілде: «Қарындасты жамандап, туысты 
қайдан табасын» деп білдірді.


30 
Бұл афоризмде, яғни қысқа сөзде түйінделген тиянақты, бейнелі 
ой кең, терең мағынада бауырласу деген синонимін мағынасы ретінде 
қолданылады. Түптеп келгенде «қарындас» сөзі салттық нан ретінде 
пайдаланатын, «бауырсақ» деген ұғымына синоним болып қолданы- 
лады, бір кездері туысты болып кеткен тайпалар онымен бауырласып, 
ант берді. 
Асан Қайғы ілімінің тағдыршештігін Төле би, Қазыбек би, 
Әйтеке би айқын түсініп, Жерұйықты сыртқы жаулардан қорғап, ұлы 
ойшылдың ісін жалғастыруды көздеді. Қорытындылай келе, ата-
бабаларымыз бейбітшілікті тек аймақтық (мемлекеттік) шекараларда 
ғана емес, кең мағынада алға тартты және қорғады. 
Ата-бабаларымыздың бітімгершілік ниеттерінің дәлелі – бірлік 
деңгейінде сұранысқа ие, «жүз», «жерұйық» халықаралық ұғымдары. 
Әртүрлі қақтығыстарға қарамастан, дала тұрғындары әрқашан барлық 
көршілес халықтармен және мемлекеттермен тату қарым-қатынасқа 
ұмтылды. Заманауи қазақстандық қоғамда бейбіт бастамалар дәйекті 
түрде жүзеге асырылуда. Тәуелсіздік Қазақстан әрқашан бейбітшілік 
пен келісім аумағының орнын сақтайды деп үміттенеміз. 
Жоғарыда айтылғандай, орта ғасырлардағы Ұлы Дала тарихы 
Түрік қағанаты жағдайында өтті. XIV-ХV ғасырларда Қазақстанды 
мекендеген рулар мен тайпалар тіл мен мәдениет ортақтығының 
қалыптасуы мен нығаюының барлық кезеңдерінен өтті. Еуразиядағы 
ең күшті мемлекет болған Алтын Орданы бірнеше хандықтар: Ақ орда 
мен Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы және Әбілхайыр 
хандығы алмастырады. Уақыт өте келе үш қазақ жүзінің этносаяси 
бірлестігі Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен Жәнібек пен 
Керей хандарының айналасына топтасып келеді. 
Бұл жерде заманауи ғылыми-зерттеулер үдерісінде «Қазақстан 
мемлекеттілігі тарихының жаңа тұжырымдамасы алғаш рет ұсынылға- 
нын атап өткен жөн. Оның мәні қазақ мемлекеттілігінің бастауы – 
Жошы хан мен оның үлкен ағасы Орда құрған Ақ Орда мемлекеті 
болып табылады. Ал 1465 жылы Жәнібек пен Керей құрған Қазақ 
хандығы Ақ Орданың жаңа сапасындағы тікелей жалғасы және мұра- 
гері болды». Бұл тұжырымдаманың негізін К.А. Пищулина «Юго-
Восточный Казахстан во второй половине XIV - начале ХV вв.» (1997) 
монографиясында белгілеген. «Дәл осы Шыңғыс хан құрған ұлы 
мемлекетінің бір тірегі Ақ Орда Орда-Ежен, Орыс-хан және олардың 
төре ұрпақтарының Қазақ хандығының тікелей қатысы бар». Тәуелсіз- 
дік алғаннан бері елімізде осы тақырыпқа тікелей байланысты басқа 
да көп ғылыми деректер қосулыда. 
Қазақ Хандығының құрылуы көшпенділердің де, отырықшы 
халықтың да бір қоғамдық-саяси тұтастыққа бірігуіне әсер етті. 


31 
Еліміздің аймағы үш жүзді құрады. «Жүз» деген халықаралық сөз көп 
мағыналы және бет, жүз, буын, тамыр, ұрпақ деп аударылады. Оның 
тамыр, буын, тізе ретіндегі мағынасы фин, эстон тілдерінде сақталды. 
Коми тілінде халық, көпшілік, адамдар; тәжік тілінде – шығарылым, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет