эпикалық ракурс пен эпикалық қашықтықты анықтайды. Эпикалық ракурс – автордың оқиғаларды бейнелеудегі өзін-өзі көрсетуі. Көркем уақыт – сюжет пен фабулаға қатарласа жүретін ұғым. Сюжеттік уақыт дегеніміз – уақыттың нақты сәттерінің шығармада автордың суреттеуімен белгілі бір тәртіппен орналасуы. Автор сюжеттік уақытты түрліше ұйымдастырады. Кей кезде оқиға барысында өткенге қайта оралудың қажеттігі немесе көркем уақыт ішінде оқиғаның өтуінің бәсеңдеуі кездесіп отырады. Осыған байланысты әңгімелеушінің белгілі бір түрі қалыптасады. Әңгімелеуші оқиғаларды жай сырттай бақылаушы түрінде болуы мүмкін, не жай баяндамай, оқиғаға қызу араласуы мүмкін. Осыған байланысты сөйлеудің белгілі бір түрі қалыптасады. Мысалы, автор жай бақылаушы ретіндегі суреттеу түрін таңдаса, әңгімелеуші автор әңгімелеу түрін таңдайды. Сөйтіп, эпикалық ракурс шығарманың композициялық-тілдік жүйесінің құрылымдық тұлғасын қалыптастырады. Эпикалық қашықтық - әңгімелеуші – автордың шығармадағы баяндалып жатқан оқиғалардан белгілі бір мезгілдік немесе кеңістік ара қашықтықта орналасуы. Оған белгілі бір баяндау формасы аясында өзгерістер енгізіліп, түрлендіріледі. Кеңістік ара қашықтық оқиғаның тұтастай немесе даралай тұрғыда алып көрсетуден байқалады. Ол үш түрлі болуы мүмкін: шығармадағы оқиғаның баяндау кезімен сәйкес келмеуі, шығармадағы оқиғаның баяндау сәтімен сәйкес келуі және олардың аралығында мезгілдік қатынастың мүлде болмауы
Көркем шығарманы тақырыбы мен идеясына талдау
Тақырып – барлық әдеби мәтінге тән ұғым. Көркем мәтіңңің жалпы тақырыбымен қатар оның жеке бөліктерінің де өз тақырыбы болатынына мысал көп. Айналып келгенде олардың бәрі жиналып негізгі тақырыпқа бағынады деген пікірдің жаны бар. «Қан мен тер» трилогиясында екі тақырып бар, олар туындының атауында тұр. Трилогияда тер төгілетін бейбіт өмірмен бірге қан төгілетін соғыс картиналары араласып отырады. Осы екі тақырып қосыла келіп ғасырлар тоғысындағы қазақ қоғамындағы ахуалды, адам өмірінің қыр-сырын ашуға бағытталған. Оған қоса махаббат, отбасы тағдыры, балықшылар тірлігі, Арал мәселесі де негізгі тақырыппен тығыз байланысқан. Мұны жүзеге асыруда автор қолданған амал-тәсілдерді арнайы тексерудің ғылыми мәні бар.
Әдеби шығарманың мазмұнын жете түсіну және бағалау үшін көптеген ұғымдар мен түсініктерге сүйенуге тура келеді. ХХ ғасырда әдебиеттануда «идеялық-тақырыптық негіз», «деялық мазмұн» деген тіркестердің ғылыми ықпалы көп болды. «Идея» терминінің «мазмұн» ұғымынан гөрі мағынасы тарлау деген көзқарасты көпшілік мойындаған. Идея дегеніміз – автордың тақырыпты түсінуі және оны басқаларға түсіндіру жолындағы іс-әрекеті деген анықтамалардың түп-төркініне тереңірек бойламаса болмайды. Көркем әдебиеттегі идеяның ғылыми зерттеудегі идеялардан түбегейлі айырмашылықтары бар. Ғылымдағы идея болмыстың құбылыстары жөніндегі жиынтық көзқарас болса, ал өнердегі идея – автор ойы, жеке шешім, ол көркем мәтіннің элементтерінің ішкі бірлігінен тұрады. Көркем шығарма идея тудыру үшін емес, оқырманды идеяға алып келу, идеяны оқырманға жақындату үшін жазылатынын есте ұстау керек.
ЕҰУ ПРО 3.09 - KV - 22 - 05. Емтихан билеті. Екінші басылым
Достарыңызбен бөлісу: |