Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет147/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   153
suraganova turizm inf

Туристiк нарық – туристiк қызмет саласында тауарлар (жұмыстар, 
қызмет көрсетулер) жəне ақша айналысы.
Туристiк оператор – коммерциялық мақсаттағы туристiк өнiмдi 
жоспарлауға, өндiруге, жүзеге асыруға, өткiзуге қатысатын туристiк 
нарықтың белсендi субъектiсi.
Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - 
қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан əрi – ту-
роператорлар) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну жəне 
туристiк агенттер туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi.
Туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, 
кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар 
жəне туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын 
басқа да үй-жайлар мен ғимараттар.
Туристiк өнiм – саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру 
үшiн жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.
Туристiк өнiмдi ұсыну – туристiк қызмет көрсету жарнама, арнау-
лы көрмелер мен жəрмеңкелерге қатысу, туристiк өнiмдi өткiзу жөнiндегi 
туристiк ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер 
шығару жəне оны таратуға бағытталған шаралар кешенi.


278
Туристiк қорлар – көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи, климаттық
тарихи, əлеуметтiк-мəдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң 
рухани қажеттерiн қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына 
келтiрiп, дамытуға жəрдемдесетiн өзге де объектiлер.
Туристiк тактика – белгiлi мақсаттардағы нақты шарттарға жетудегi 
нақты тəсiлдер мен шаралар.
Туристiк тасымал – негiзгi туристiк қызмет түрi, туристi тұрғылықты 
мекен жайынан туристiк мекенге жеткiзу қызметi.
Туристiк ұйымдар – кызметтiң негiзгi түрi туристiк қызмет болып 
табылатын заңды тұлғалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет