Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет148/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153
suraganova turizm inf

Туристiк экспорт – елге турист арқылы ақша түсiмiмен қатар туристiк 
əсерлердiң əкетiлуi.
Туристік қызығушылық объектілері – табиғи немесе жасанды 
жақтарымен (табиғат, ауа райы жағдайлары, əдемі жерлер, т.б.) туристерді 
тартатын жерлер.
Уəкiлеттi орган – туристiк қызмет саласында мемлекеттiк басқару 
функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының үкiметi 
белгiлейтiн орталық атқарушы орган.
Ұлттық саябақ - популяциялар, табиғи ескерткiштер, ландшафтының 
түрлерi, қорғауға алынған табиғи аумақтар. Рекреацияның кейбiр түрлерi 
рұқсат етiлген.
 
Ұлттық туристiк өнiм – елдiң туристiк операторлары өндiрген 
туристiк өнiмдердiң жиынтығы.
Халықаралық ұшу – белгілі бір мемлекет шекарасынан ұшақпен 
өту, яғни басқа мемлекеттің ауа кеңістігінде ұшу. Халықаралық ұшулар 
тұрақты, кесте бойынша, кестеге қосымша, бір реттік болып бөлінеді. Олар 
өздері чартер жəне арнайы болып бөлінеді.
Халықаралық туризм – туристік қызметтер мен туристік өнімді мемле-
кет аумағында жəне шетелде ұсыну, туризм саласындағы кəсіпорындардың 
бағытталған жəне жүйеленген қызметі.
Халықаралық турқызметті іске асыратын лицензия – халықаралық 
турқызметтің белгілі бір елдің толық аумағында жəне белгіленген уақыт 
мерзімінде іске асыруын рұқсат ететін жəне осы іске асырудың шарттарын 
анықтайтын құжат.
Хостел - арзан қызмет көрсететiн студенттік қонақүй.
Халықаралық туризм – туристердiң өз елi аумағынан тыс 
ұйымдастырған туризмнiң түрi. Елге келу жəне елден кету туристiк 
процестердiң жиынтығынан тұрады.
Фотель – судың үстiндегi арнайы жабдықталған кемеден тұратын 
үлкен жүзбелi қонақүй, ол кейде судағы курорт деп аталады.
Циклдық мəзір - статикалық мəзірге толығымен қарама-қарсы. Бұл 
меню тұтынушыларға кең мүмкiндiк бередi. Циклдық мəзір тұтынушыларға 
күнделiктi салат түрлерiн, ет, балық тағамдарын, жеңiл астар мен 
десерттердi ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет