Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет96/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   153
suraganova turizm inf

11-тақырып. Туристік салада жалпы қолдану нысандары
Мақсаты: Туристік емес сала нысанының мəні мен мағынасын 
ашу, олардың туристік қызметтер жүйесіндегі рөлі.
Жоспар: 
1. Туристер қолданатын туристік емес саланың нысандары.
2. Жалпы мемлекеттік коммуникациялары.
3. Көпшілік тамақтанудың, транспорттың, тұрмыс қызмет-те-
рінің муниципалдық қызметтері.


177
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Туристік емес 
саланың обьектілері, туристік тасымалдаулар, орналастыру құ-
ралдары, көлік коммуникациялар, меншіктер жəне т.б.
1. Туристер қолданатын туристік емес саланың нысандары
Туристерді тасымалдау, туристік өнім құрамының маңыздысы 
болып келеді. Бұл саяхатшылардың демалыс орнына немесе 
экскурсияға жəне де үйіне қайтып оралуын қамтамасыз етеді. 
Көлікпен қамтамасыз ету туристік инфрақұрылымның негізгі 
кешеніне кіреді. Туризм саласында көліктің 3 түрі қолданылады: 
құрлықтық, су көлігі, əуе көлігі. Құрлықтық көліктің ішінде ең 
танымал болып келетіні - темір жол жəне автокөлік.
Автокөлік туризмде жиі қолданылады, себебі ол туристерді 
«Есіктен есікке» жеткізеді. Темір жол көлігі туристерді жылдам 
жəне ыңғайлы жағдайда жоғары жылдамдықпен жеткізеді жəне 
де қолжетімді бағамен қызықтырады.
Су көлігі: су асты көлігі (экскурсиялық су асты қайықтары) 
жəне су үсті көлігі (теплоходтар, паромдар, яхталар жəне т.б.) бо-
лып бөлінеді.
Əуе көліктеріне алуан түрлі көліктер жатады: азаматтық 
ұшақтардан бастап үрлемелі шар, дельтаплан сияқты экзотикалық 
көлік түрлері.
Туризмде көліктік қызмет көрсету жүйесіне: 
- турға қосатын негізгі туристік қызметтер кешеніне кіретін 
туристік тасымалдау: туристерді белгіленген жерден тұрғылықты 
жеріне жəне керісінше тасымалдау; 
- трансферт - туристерді күту-шығарып салу үшін берілетін 
көліктік құрал;
- турлар бойынша мерейтойларға көліктік қызмет көрсету: 
экскурсиялық қызмет көрсету; бағдарламалық мерейтойларға 
шығу, жақын аймақтарға саяхат, маршрут бойынша тасымалдау 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет