Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»


Қозғалтқыш жұмысының үнемділігі



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Әдістемелік нұсқау

Қозғалтқыш жұмысының үнемділігі отынның меншікті шығынымен 
сипатталады. Отынның меншікті шығыны отынның сағаттық шығынын 
қозғалтқыштың тиімді қуатын бӛлумен анықталады 
 
Бақылауға арналған сұрақтар 
 
1. Қозғалтқыштың даму тарихы туралы не білесіз? 
2. Тӛрт ырғақты іштен жану қозғалқышың жұмыс циклы. 
3. Екі және тӛрт ырғақты қозғалтқыштарының жұмыс үдерістерінде қандай 
айырмашылық болады? 
4. Іштен жану қозғалтқыштарының цилиндрлерінің қандай кӛлемдерін білесіз? 
5. Іштен жану қозғалтқыштарының қандай механизмдері мен жүйелерін 
білесіз? 
6. Қозғалтқыштардың қандай тиімді кӛрсеткіштері болады? 
7. Иінді білікті шатунды механизмнің қажеттілігі қандай? 
8. Газ бӛлістіру механизмнің қажеттілігі қандай? 
9. Салқындату, майлау, қоректендіру жүйелерінің қажеттілігі және жұмыс 
принципі. 
10. Индикаторлық, тиімді қуат анықтамалары. 
 
 
 
 


13 
 
 
2. Иінді білікті шатунды және газбӛлістіру механизмдері. 
Қозғалтқыш блогы. Цилиндрлер 
 
Блок-картер негіз қызметін атқарады, оның ішінде және сыртында 
қозғалтқыштың механизмдері мен жүйелерінің бӛлшектері орналастырылған. 
Трактор қозғалтқыштарының блок-картері ӛзара жылжымайтындай 
бекітілген бӛліктерден құралады. Қозғалтқыштың түріне және қуатына 
байланысты, олардың құрамдас бӛліктерінің құрылымдық ерекшеліктері 
болады, бірақ негізінен ӛзара ұқсас. Блок-картер – кӛп цилиндрлі 
қозғалтқыштың негізгі бӛлігі болып табылады (сурет 4). 
а 
1 – блок-картер; 2 – картер түбі; 3 – алдыңғы тірек; 4 – бӛлістіру 
шестерняларының картері; 5 –цилиндрлер қалпағы; 6 –қалпақ; 7 – қақпақ; 8 – 
сермер картері; 9 – артқы тірек; 10 – трактор қаңқасы. 
Сурет 4 – Блок-картер 
Қазіргі қозғалтқыштардың кӛпшілігінде ол біртұтас құйма ретінде 
дайындалған. Блок-картер қаттылығын жоғарылату және оны бірнеше 
қуыстар бӛліктеріне бӛлу мақсатында қабырғалар жасалған. Горизонталь 
қабырға 2 (сурет 4б) блок- картерді екі бӛлікке бӛледі. Жоғарғы –цилиндрлер 
блогы және тӛменгі – картер. Блокта цилиндрлер гильзасы орнатылады, олар 
жоғарғы плитаның және горизонталь қабырғалардың тесіктеріне тығыз 
кіреді.
Цилиндрлер қалпағы 5 (сурет 4) – блок-картерді жоғарғы жағынан 
жабатын қалың шойын плита түрінде болады. Қақпақтың тӛменгі бӛлігі 
мұқият ӛңделген, ол цилиндірлердің жану камераларының да қақпағы 
болады. Қақпақта клапандар, форсункалар, штангалар, кіргізу және шығару 
каналдарының тесіктері жасалған. 


14 
Қақпақтың жоғарғы бӛлігінде (жазықтығында) клапандардың жетегінің 
бӛлшектері бекітіледі де, қақпақпен 7 жабылады. Блок-картердің тӛменгі 
жазықтығына түп 2 (сурет 5) бекітілген, ол май үшін сиымдылық қызметін 
атқарумен қатар қозғалтқыштың тӛменгі жағын жабады. 
б 
1 – цилиндрлер блогы; 2 – горизонталь қабырға; 3 – картер; 4 –картердің 
қоршау қабырғасы; 5 – бӛлістіру білігі үшін тесік; 6 – вертикаль қабырға; 7 – 
камера-штанг. 
Сурет 5 – Цилиндрлер блогы 
Бӛлістіру шестерняларының картері 4 иінді біліктен бӛлістіру білігіне
отын және май сорғыларының жетектеріне айналыс беретін шестерняларды 
жабады. 
Блок- картердің артқы жазықтығында сермерді орналастыруға арналған 
сермер картері бекітіледі. 
Трактор қозғалтқыштарының бӛлшектері (түптен басқасы) әдетте 
шойыннан құйылады. 
Жеке дайындалған цилиндрді гильза деп атайды. Гильзалар әдетте 
легирленген шойыннан дайындалады. Гильзаның ішкі бетін айна деп атайды. 
Ішкі диаметрлері бойынша гильзаларды үш ӛлшемдік топтарға бӛлістіреді: Б, 
С и М (үлкен, орташа және кіші). Сыртқы беті салқындату сұйығымен 
шайылатын (жанасатын) гильзаларды “ылғалды” деп атайды (сурет 6а). 
Ауамен салқындатылатын қозғалтқыштардың цилиндрлерінің сыртында 
салқындату қабырғалары 5 болады (сурет 6б). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет