9
Ол бӛлістіргіш біліктен 14, оның жетегінің тісті дӛңгелектерінен 13,
итергіштер мен штангалардан 16, иіннен 2, клапандардан 4,5, серіппелерден
құралады.
Қоректендіру жүйесі жанар қоспаны дайындауға, оны цилиндрге алып
келуге (карбюраторлы және газ қозғалтқыштарында) немесе цилиндрді
ауамен толтыруға және онда жоғарғы қысыммен отын беруге (дизельде)
арналған.
Салқындату жүйесі қозғалтқыштың оптималды жылу режимін қолдауға
арналған. Қозғалтқыш бӛлшектерінен артық жылуды алып кететін зат- жылу
алып жүруші сұйық немесе ауа болуы мұмкін.
Майлау жүйесі үйкеліс беттерін бӛлуге, салқындатуға,
коррозиядан
сақтауға және қажалу ӛнімдерін жуып алып кету мақсатында , оларға майлау
материалын (мотор майын) алып келуге арналған.
Іске қосу жүйесі – қозғалтқыштардың цилиндрлеріндегі жұмыс
циклының тұрақты басталуын қамтамасыздандыратын ӛзара әсерлесетін
механизмдер мен жүйелер жыйынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: