Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»


Қозғалтқыштың жұмыс циклы



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Әдістемелік нұсқау

1.3 Қозғалтқыштың жұмыс циклы 
Тӛртырғақты дизельдің жұмыс циклын және жұмыс істееп тұрған 
дизельдің цилиндрлерінің бірінде не болып жатқанын қарастырайық (сурет 
2). 
 
Сурет 2 – Тӛрт ырғақты бір цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс схемасы 
 


10 
Кіргізу тактысы (Сурет 2,а). Поршень ЖӚН- нен ТӚН-ге қозғалғанда 
кіргізу клапаны ашық. Ырғақ соңында қысым 0,08…0,09 МПа, ауа 
температурасы 30…50
0
С шамасында. 
Қысу ырғағы (сурет 2,б). Екі клапанда жабық. Поршень ТӚН- нен 
ЖӚН- ге ауаны қыса қозғалады. Үлкен қысу дәрежесі негізінде (14…18 
шамасында) бұл ырғақтың соңында қысым 3,5…4,0 МПа, ал температура 
отынның ӛздігінен тұтану темпаратурасынан жоғарылап - (550…750
0
С) 
шегіне жетеді. Поршеннің ЖӚН- ге жақын жағдайында жоғарғы қысым 
сорғысымен цилиндрге берілетін отын форсункамен бүркіледі.
Цилндрге бүркілген отын ауа мен жанған газдар қалдығымен араласып 
жұмысшы қоспаны құрайды. Отынның кӛп бӛлігі тұтанып, жанады. 
Газдардың қысымы 5,5…9,0 МПа, ал температура 2000
0
С- ға жетеді.
Кеңею ырғағы. Екі клапан да жабық. Поршень кеңейген газдар 
қысымымен ЖӚН- нен ТӚН- ге қозғалады (сурет 2в). Кеңею ырғағының 
басында отынның қалған бӛлігі жанады. Кеңею ырғағының соңында қысым 
0,2…0,3 Мпа- ға дейін, температура 300
0
С-ға дейін тӛмендейді.
Шығару ырғағы. Шығару клапаны ашық. Поршень ТӚН-нен ЖӚН-ге 
қозғалып (сурет 2в) ашық клапан арқылы жанып біткен газдар цилиндрден 
атмосфераға шығарылады. Бұл ырғақ соңында газдар қысымы 11…0,12 МПа, 
температура 65…90
0
С болады. 
Бұдан кейін жұмыс циклы қайталанады. 
Енді екі ырғақты қозғалтқыштың жұмыс циклын қарастырайық. Екі 
ырғақты, карбюраторлы иінді үрленетін камералы қозғалтқыштың 
құрылысының және жұмысының схемасы сурет 3- те келтірілген. 
1 – тұтандыру білтесі (свеча); 2 – поршень; 3 – шығару терезесі; 4 – 
карбюратор; 5 – кіргізу терезесі; 6 – иінді камера; 7 - үрлеу каналы; 8 – 
цилиндр; 9 – шығару құбыры; 10 – картер. 
Сурет 3. Екі ырғақты қозғалтқыштың жұмыс схемасы 


11 
Бұл түрдегі қозғалтқыштардың цилиндрінің 8 қабырғасында кіргізу 5, 
үрлеу 7, шығару 3 терезелері жасалған. Қозғалтқыш картері (иін камерасы 6) 
атмосферамен байланыспаған. Кіргізу терезесі 5 карбюратормен 4, үрлеу 
терезесі канал 7 арқылы қозғалтқыштың иін камерасымен 6 байланысқан. 
Екі ырғақты карбюраторлы қозғалтқыштың жұмыс циклы келесі ретте 
жүзеге асады. Поршень 2 ТӚН- нен ЖӚН-ге (сурет 3а) алғашқыда үрлеу 
терезесін 7 содан шығару терезесін 3 жаба қозғалады. Бұдан кейін 
цилиндрдегі 8 жұмысшы қоспаны қыса бастайды. Бұл уақытта иінді камерада 
6 қысымсыздану туындайды, поршеннің тӛменгі кемері кіргізу терезесін 5 
ашысымен, ол арқылы карбюратордан 4 иін камерасына жанар қоспа сорыла 
бастайды. 
Поршеннің ЖӚН-ге жақын жағдайында қысылған жұмысшы қоспа 
білтеден 1 берілген электр ұшқынынан тұтанады. Қоспа жана бастағанда 
газдар қысымы күрт ӛседі. Газдардың қысымымен поршень ТӚН-ге қарай 
жылжиды (сурет 3б). Ол кіргізу терезесін 5 жабысымен иінді камерада 6 
ертерек кіргізілген жанар қоспаны қысу басталады.
Поршень жүрісінің соңында шығару терезесін 3 (сурет 3в), содан кейін 
үрлеу терезесін 7 ашады. Ашылған шығару терезесі арқылы жұмыс істеп 
біткен газдар үлкен жылдамдықпен атмосфераға шығады. Цилиндрдегі 
газдардың қысымы тез тӛмендейді. Үрлеу терезесінің ашылу сәтінде иін 
камерасындағы қысылған жанар қоспа қысымы цилиндрдегі жұмыс істеп 
біткен газдардың қысымынан үлкен болады. Сондықтан жанар қоспа иін 
камерасынан канал 7 бойынша цилиндрге кіреді де, шығару терезесі арқылы 
жұмыс істеп біткен газдардың қалдықтарын сыртқа қысымдап шығарып, 
цилиндрді жаңа қоспамен толтырады. Бұдан ары үрдіс осылай тізбекті 
жалғасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет