Б. Т. Панзабек 1, Зухал Юксел



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата08.05.2024
өлшемі2.1 Mb.
#500725
  1   2   3   4   5
gime-zhanryny-zerttelu-tarihy



Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 3 (79), 2019
 
119 
ҒТАХР 17.82.32
 
ӘҢГІМЕ ЖАНРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 
 
Б.Т.Панзабек
1
, Зухал Юксел
2

 

6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс PhD докторанты 
2
PhD доктор, профессор

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,
2
Анкара Қажы Байрам Уәли университеті,Түркия, Анкара қ. 
email: bagyla05@gmail.com 
Мақалада әңгіме жанрының зерттелу тарихы, маңызы және әңгімені оқытудағы мәселелер 
айқындалады. Әңгімедегі ұлттық құндылықтар қарастырылады. Қазақ әдебиетінде әңгіме жанры зерттеген 
ғалымдар мен шетелдік ғалымдардың да пікірлері сарапталады. Қазіргі кезде заман талабынай сай әңгімеге 
қатысты көркем ізденістер, поэтикалық байланыстар, оқыту-талдау мәселелері кеңінен зерттеуді талап етеді. 
Соған орай мақалада әңгімедегі теориялық ой-пікірлерді жүйелеуге, бұрыннан белгілі деректер мен 
пікірлерді басқа қырынан тануға, жаңаша бағалауға, жүйелі талқылауға зерттеу жасайды. 
Түйін сөздер: әңгіме, мәтін, түсіндіру, ақпарат, әдістер 
Әңгіме – қазақтың рухани дүниесі, рухани сусыны. Қазақ әдебиетінде шағын жанрдағы әңгіме 
шынтуайтында қазақы ұғымға негізделеді. Әңгіме әр ұлттың дәстүріне байланысты үнемі дамып, 
жетіліп отырады. 
Ұлттық 
әдебиетімізде әңгіменің бастауына ертегі, аңыздар, шешендік сөздер 
жазушыларымызға үлгі бола алды. Одан беріде Ыбырай Алтынсариннің қалдырған сүрлеуі, 
өнегесі халқымыздың рухани тарихында шоқтығы биік. Яғни, әңгіме жанрының дамуына ауыз 
әдебиеті мен Ыбырай қалдырған мұра ықпал жасағаны ақиқат. Қазақ халық әдебиетінде ауызша 
әңгімелер сан жағынан да, сапа жағынан да елеулі орын алады. Қазақтың ауызша әңгімелері 
шындыққа негізделген, құрылысы, көркемдігі жағынан тарихи, тәрбиелік мәні зор, оларды қазақы 
дүниетаным тұрғысынан мән бере отырып, қазақтың ұлттық табиғатына байланысты туындатты. 
Әуел баста көрген-білгендерінен жеке әңгімешілер, тілмәр шешендер шығарған аңыз әңгімелер
әңгімеге айналған. Жазушы М.Әуезов: «Қазақ ауыз әдебиетінде тамаша реалистік әңгімелер бар, 
олардың қайсыбіреулері көркем әңгіме, повестерден кем емес. Қазіргі қазақ прозасы солардың 
дайын үлгісімен, өнегесімен өсіп жетілді...» [1; 314 ] – десе, А.Байтұрсын: «Жазу әдебиеті 
негізінде үшке бөлінеді: 1. Ертек (әңгіме). 2. Толғау. 3. Айтыс-тартыс» [2; 283] деген пікірлері 
көптеген ғылыми еңбектерге негіз болады. Бұл ауызша әңгімелердің ғылыми айналымға толық 
түспеуінің себептері, біріншіден, сол кездегі ауыз әдебиетінің ғылыми жүйеленбеуі, екіншіден
аталған әңгімелердің шындыққа негізделген, саяси мәнді болуы, әңгіме әдебиет жанры болып 
қалыптасып, әңгіме тек әдебиеттануда деген ұғым мен қолданыстың болуы. Жалпы, ауызша 
әңгіме – таным тұрғысынан эстетикалық құндылығы бар жанр. Ауызша әңгімелер – қолма-қол 
әрекет ететін жанр, болған оқиғаға тез баға береді. Ауызша әңгімелердегі кейіпкерлер қазақ 
әдебиетінде, түркі тілдерінің әдебиетінде белгілі, өзіндік ерекшеліктерімен танылған. Күлдіргі 
әңгімелердегі Алдар Көсе мен Қожанасыр бейнесі өткір, алғыр, шешен, ұтқыр, жолтапқыш. Бұл 
бейнелердің өміршеңдігі зерттелу деңгейінен көрінеді. Бұдан өзге Қазыбек, Төле, Тайкелтір, 
Көбей, Толыбай сияқты тарихи тұлғалар осы ауызша әңгімелердің зерттелу қажеттілігін арттырып 
тұр. Ауызша әңгімелердегі ақпарат негізінен ұлттық дүниетанымға, салт-дәстүрге, ұлттық 
тәрбиеге, ұлттық характерге, ұлттық қағидаттарға сүйенеді.
Халқымыз өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып, бір 
рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын-тойларда айтылған, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты 
сюжетке айналып, арнайы дәстүрлі жанрға өзгереді. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет