Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет37/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   244
Жалпы педагогика 2005

позитивистік  бағыт  пайда  болды.  Бұл  бағыт  өкілдері  табиғаттану 
пəндері  мен  оларда  қолданылатын  əдістерді  əсіре  дəріптеп,  сандық 
зерттелген дəйектерді ғана дұрыс та дəлелді деп таниды. Таптық күрес, 


қоғам 
дамуы, 
əлеуметтік 
қайшылықтармен 
байланысты 
проблемаларды  тіпті  де  жалған,  ғылыми  деректеуге  келмейді  деп 
жариялады.  Позитивистер    үшін  бірден  бір  мəнді  ғылымдар – бұл 
математика  мен  табиғаттану,  ал  қоғамдық  ғылымдар-  шындыққа 
сиыспайтын ертегі. 
Неопозитивизм  мəндік  тұрғыдан  өз  негізі  позитивизмді  қолдай 
отырып, қазіргі заман ұғымдары мен терминдерін пайдалануымен осы 
дəуір  философиясында  елеулі  орын  иеледі.  Педагогика  əлсіздігін, 
неопозитивистер,  оның  шынайы  деректермен  іс-əрекеттерге  орынды 
мəн  бермей,  пайдасыз  идеялар  мен  абстракцияға  бой  ұрғандығынан 
көреді. Олар білім беру жолында мазмұнға  емес, əдістерге елеулі мəн 
беріп, оқу мен тəрбиеде негізгі нəрсе «білім емес, ал оны ұғу мен игеру 
əдістері» - деген тұжырымды алға тартты. Неопозитивизмнің  көрнекті 
өкілі-  ірі  атомшы  ғалым,  АҚШ-тың  саяси  қайраткері – Дж.  Конант
Оның  «Бүгінгі  Америка  орта  мектебі», «Американ  мұғалімдерін 
дайындау»  атты  еңбектері  АҚШ  педагогикасының  өркендеуіне  зор 
үлесін қосты. 
Прагматизм  философиялық  ағым  ретінде XIX-XX ғ.ғ.  шектерінде 
пайда  болды.  Ғылым,  техника  жəне  өндірістің  қарқынды  дамуы 
материалистік  философияның  тұғырын  бекіте  түсіп,  абсолюттік 
идеализмнің  негіздеріне  ақау  салды.  Прагматистік  бағытты 
қалаушылар  идеализм  мен  материализмнен  бөлектенген  жаңа 
философияны  ұстанатынын  жария  етті.  Прагматизмдегі  басты  ұғым- 
«тəжірибе», «іс»(грекше  «прагма»),  осыдан  олар  болмыс  танудың 
негізі жеке адамның іс-тəжірибесінде деп біледі де объектив білімдерді 
мойындаудан  бас  тартады.  Олардың  пікірінше,  адамның  практикалық 
іс-əрекетінің  нəтижесінде  алынған,  ол  үшін  құндылықты  болған 
білімдер ғана шынайы сипатта болуы мүмкін. 
Прагматизмнің  аса  көрнекті  өкілі-  американдық  ғалым-Дж.Дьюи. 
Оның  шығармашылығымен  жүзеге  келген  прагматикалық  педагогика 
көптеген  елдердің,  əсіресе  АҚШ-тың  мектептік  білім  жүйесінің 
қалыпқа  түсіп,  өркендеуіне  зор  ықпал  жасады,  əлі  де  ықпал  жасауда. 
Өзінің  көптеген  педагогикалық  еңбектерінде  Дж.Дьюи  ескі, 
схоластикалық  мектепті  сынай  отырып,  оқу  мен  тəрбиеге  орай  аса 
маңызды болған бірқатар принциптерді алға тартты. Олардың ішіндегі 
бала  белсенділігін  дамыту,  бала  оқуының  ықпалды  мотиві-  қызығуға 
дем  беру  принциптерінің  орындалуын  білім  игертудегі  басты  міндет 
деп есептеді. 
Прагматизмнің тірек ұғымы «тəжірибеге» сүйене отырып, Дж.Дьюи 
оқу  процесінің  негізі    баланың  жекеленген  іс-əрекеттік  тəжірибесінде 
болатынын  уағыздады.  Оның  ойынша,  оқу-білім  мақсаты  балаға 
тумадан  берілген  инстинкттер  мен  қабілеттердің  өзіндік  көрінуіне 
ықпал жасау. Дж.Дьюи жəне оның ізбасарлары (Т.Брамельд, А.Маслоу, 


Э.Келли  жəне  т.б.)  инабаттылық  тəрбиесі    мəселелерін  де  осы 
жекеленген  тəжірибе  тұрғысынан  қарастыруды  дəріптейді.  Адам  өз 
əрекет-қылығын  басқаруда  алдын  ала  жоспарланған  принциптер  мен 
ережелерге  тəуелді    болмай,  нақты  жағдай  мен  көзделген  мақсатқа 
орай  белгілі  əрекетке  кірісуі  қажет  екендігін  мақұлдайды.  Жеке 
табысқа  жету  жолында  жəрдем  бергеннің  бəрін  прагматистер  ізгілік 
нышаны ретінде таниды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет