Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысы пәнаралық сипатта болғандықтан, оның теориялық және әдіснамалық негізі ретінде
салалық терминология бойынша А. Байтұрсынұлы [2], M. Cabrė [3], Ө. Айтбайұлы [4], Б. Қалиұлы [5], Ш. Құрманбайұлы [6], Ж. Бейсенова [7], Е. Әбдірәсілов [8], А. Әбділманов [9], К. Бухарбаева [10];
аударматану және салғастырмалы тіл білімі бойынша P. Newmark [11], M. Snell-Hornby [12], И. Убоженко [13], Р. Загидуллин [14], Д. Алтайбаева [15], А. Худайбергенова [16], К. Джолчибекова [17], А. Сулькарнаева [18], А. Смагулова [19], А. Насыритдинова [20];
компьютерлік лексикография,компьютерлік аударма және тезаурус бойынша: К. Бектаев, Р. Пиотровский [21], А. Федотов [22, 23], Ж. Тусупов [24], А. Шәріпбаев [25], Р. Кенжетаева [26], Н. Лукашевич [27], М. Самбетбаева [28], Д. Рахимова [29], А. Қартбаев [30], Л. Жеткенбайдың [31] теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі тау‑кен терминологиясының қалыптасуы мен аударылуын зерттеу арқылы тау-кен терминдерінің жаңа буынды көптілді басқарылмалы интероперабельді тезаурусын құрастыру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:
Қазақ тіліндегі тау-кен терминологиясының қалыптасу жолдарын зерттеу, ұлттық сипаттағы терминдерінің сөздік қордағы орнын анықтау, тау-кен терминдерінің қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі аудармаларының сәйкестігін анықтау және белгілеу.
Салалық терминологияның даму кезеңдерін айқындап, цифрландыру жағдайындағы салалық терминологияның аударматанудағы жаңа кезеңін айқындау және белгілеу.
Машиналық (MT) және автоматтандырылған (CAT) аудармаға қажетті көптілді терминдер тезаурусын құрастырудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу.
Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі тау-кен терминдерінің жаңа буын тезаурусын құрастыру.
Тау-кен терминдерінің көптілді басқарылмалы тезаурусын құрастырудың аудармашыларға арналған алгоритмін әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |