Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет27/41
Дата15.12.2023
өлшемі359.41 Kb.
#486617
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
treatise4937

б) 0,1 н қымыздық қышқылы ерітіндісін дайындау
H2C2O4 өлшендісін техникалық таразыда өлшегеннен кейін, 250 мл-лік өлшеуіш колбада аз мөлшерде су құйып ерітеді, белгіге дейін дистилденген сумен толтырады.
Калий перманганатының титрі мен эквиваленттік концентрациясын (нормалдылығын) анықтау үшін қымыздық қышқылынан басқа калий гексацианоферраты, калий иодиді, темір (ІІ) сульфаты, металдық темірді пайдалануға болады.

в) KMnO4 ерітіндісін стандарттау схемасы
Титрлеуге арналған колбаға 15-20 мл күкірт қышқылының ерітіндісін құяды, оны 70-800С-қа дейін қыздырады. Осы ерітіндінің үстіне пипеткамен бастапқы заттың Na2C2O4 немесе H2C2O4. 2H2O қосылысының ерітіндісінің 10см 3 –ге тең көлемін өлшеп алып құяды.
Бюретканы калий перманганатының ерітіндісімен нөлге дейін толтырады.
Бастапқы ыстық ерітіндіге тамшылатып бюреткадағы KMnO4 ерітіндісінен тамызады. Алғашқы тамшының түсі жоғалғаннан кейін ғана келесі тамшыны тамызады. Өйткені KМnO4 ерітіндісінің алғашқы тамшылары өте баяу түссізденеді. Ерітіндіде Mn2+ -иондарының мөлшері көбейген кезде түссіздену жылдам жүре бастайды, себебі пайда болған Mn2+ - иондары катализатор қызметін атқарады.
Титрлеуді тамызылған калий перманганатының бір тамшысынан ерітінді ашық қызыл түске боялғанда және бояудың түсі 30 секундтай жоғалмай сақталса ғана аяқтайды.
Титрлеу нәтижелерін кестеге толтырады.
Титрлеуге жұмсалған KMnO4 ерітіндісінің көлемі бойынша бастапқы заттың эквиваленттік концентрациясы (нормалдылығы) мен титрін ескеріп, калий перманганатының титрі мен эквиваленттік концентрациясын (нормалдығын) табады: М(Э(KMnO4)) =31,61 г/моль; М(Э(Na2C2O4))=67,0 г/моль).
N( KMnO4)∙V( KMnO4) =N( Na2C2O4) ∙V( Na2C2O4);
T=N.Э/1000
9.2. Йодометриялық титрлеу
Йодометриялық титрлеу әдісі тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды анықтауда қолданылады.
I2+2е→2I- − тотықсыздандырғыштар үшін;
2I 2е→I2 − тотықтырғыштар үшін.
Е =+0,54 В
Йодометриялық титрлеу әдісінде титрант ретінде йодтың ерітіндісі және натрий тиосульфаты, ал индикатор ретінде − крахмал ерітіндісі қолданылады.
а) 0,1 н йод ерітіндісін дайындау
Лабораториялық жағдайда сублимация жолымен химиялық таза йодты алуға болады, сондықтан йодтың дәл өлшендісінен ерітінді дайындайды. Йод суда аз ериді, сондықтан йодты концентрленген калий йодидінің ерітіндісінде ерітеді. Осы кезде комплексті тұз K[I3] түзіледі, бұл қосылыс суда жақсы ериді. КІ үш есе артық мөлшерде алынады. Алдымен КІ-тың өлшендісін бюкспен техникалық таразыда өлшеп алып, содан кейін йодты өлшеп , араластырады. Осыдан кейін аналитикалық таразыда тағы да өлшейді. Йодтың салмағын екі өлшендінің айырымы бойынша табады. Бюкстегі өлшендіні воронка арқылы 250 мл-лік өлшеуіш колбаға салып, бюксті сумен шаяды. Аз мөлшерде су құйып ерітеді және белгіге дейін дистилденген сумен толтырады.

б) Натрий тиосульфатының жұмысшы ерітіндісін дайындау
Натрий тиосульфаты − Na2S2O3∙5H2O ұзақ уақыт бойынша сақталса, құрамындағы кристаллизациялық суының біраз бөлігін жоғалтады.
Натрий тиосульфатының йодпен реакциясы мына теңдеу арқылы өрнектеледі:
2S2O32- + I2 = S4O6 2- + 2I-;
М(Э(Na2S2O3∙5H2O)) = М /1=248,17 г/моль.
Натрий тиосульфатының жаңа дайындалған ерітіндісінің титрі оттектің, жарықтың, тиобактерияның әсерінен S, HSO3-, SO42- ке дейін өзгереді. Натрий тиосульфатының ерітіндісінің титрі мен (эквиваленттік концентрациясын (нормальдылығын) 8-10 күн өткеннен кейін анықтайды.
Өлшендіні өлшеп алғаннан кейін 250 мл-лік өлшеуіш колбада аз мөлшерде су құйып ерітеді, белгіге дейін дистилденген сумен толтырады. Ерітіндінің тұрақтылығын сақтау үшін Na2CO3 ерітіндісін аз мөлшерде қосады. Дайындалған натрий тиосульфатының ерітіндісін шыны ыдыста сақтайды. Ыдыстың аузын натронды ізбесі бар тығынмен бекітеді. Ерітіндідегі натрий тиосульфаты ауадағы оттекпен тотыға алады:
2Na2S2O3+O2=2Na2SO4+2S(k)
в) Натрий тиосульфатының ерітіндісін калий бихроматы бойынша стандарттау
K2Cr2O7 cтандартты ерітіндісін және КІ ерітіндісін пайдалану арқылы стандарттауды жүргізеді. Қышқылдық ортада K2Cr2O7 ерітіндісі КІ ерітіндісімен әрекеттескенде түзілген йодты натрий тиосульфатының ерітіндісімен титрлейді. Бюретканы натрий тиосульфаты ерітіндісімен толтырады. Титрлеуге арналған колбаға калий бихроматынан 15 мл алып, үстіне 15 мл 2 н күкірт қышқылынан және 5 мл 5%-дық КІ ерітіндісінен құйып, аузын тығынмен бекітіп, қараңғы жерге 5 минутқа қояды. Содан кейін колбаға 50 мл дистилденген су қосып, натрий тиосульфатының ерітіндісімен индикатор қатысынсыз ашық сары түске дейін өткенше титрлейді. Содан кейін үстіне 3 мл 0,1%-дық крахмал ерітіндісінен тамызып, титрлеуді ерітіндінің түсі көк түстен ашық жасыл түске өткенге дейін жалғастырады. Титрлеуге кеткен натрий тиосульфаты мен бастапқы заттың көлемдерін, бастапқы заттың эквиваленттік концентрациясы (нормалдылығы) мен титрін ескеріп, натрий тиосульфатының эквиваленттік концентрациясы (нормалдылығы) мен титрін есептеңіздер:
N1.V1=N2.V2.

  1. Келесі жартылай реакциялардың екі бөлігінде заряд тең болу үшін қажеттілігіне қарай электрон (e-) қосыңыздар және әрбір аяқталған жартылай реакцияның тотығу немесе тотықсыздану реакциясы екенін көрсетіңіздер.

а) К → К+;
ә) Н2 → 2Н+;
б) О → О-2;
в) Сг → Сг3+;
г) Ni3+ → Ni;
д) Cd → Cd2+
е) Se → Se2-.
2. Келесі мысалдардағы элементтердің тотығу дәрежелерін жазыңыздар:
Ag+, Br2, AgCI, BaS, CaCI2, AI2O3, SO42-, NO3-, PCI3, PCI5, PO43-, KMnO4, H2SeO4, HCIO3, HCIO3, BaCI2, KBrO3, H2S, H2SO3, CO2.
3. Төменде келтірілген галогендердің қатысуымен жүретін реакциялардың барлығы тотығу-тотықсыздану реакциялары. Әрбір реакциядағы тотықтырғышты және тотықсыздандырғышты анықтаңыздар, сонымен қатар элементтердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тотығу дәрежелерін анықтаңыздар:
а) CI2 +2Br- →2CI- +Br2;
ә) 2Fe + CI2 → FeCI2;
б) H2 + CI2 → 2HCI;
в) 2FeCI2 + CI2→2FeCI3;
г) CI2 + KI → KCI + I2;
д) 2H2O + 2F2 → 4HF + O2.
4. Кейбір тотығу-тотықсыздану реакцияларында бір элемент әрі тотығады, әрі тотықсызданады.
Мысалы, CI2 + 2NaOH → NaCIO + NaCI + H2O
Бұл реакцияда хлордың тотығу дәрежесі екі түрлі болып өзгерді: +1 және −1, демек хлордың бір атомы тотықты, бір атомы тотықсызданды. Оттектің тотығу дәрежесі өзгерген жоқ. Сутектің тотығу дәрежесі өзгерген жоқ. Осы мысалға сүйеніп, келесі реакциялардағы элементтердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тотығу дәрежелерін анықтаңыздар және әрбір элементтің тотыққанын немесе тотықсызданғанын анықтаңыздар. Қандай элементтер әрі тотықты, әрі тотықсызданды? Қандай элементтер өзгеріссіз қалды?
а) Cu2O + 2H+ → Cu2+ + Cu + H2O
ә) 3Br2 + 6OH- → BrO3- + 5Br- +3 H2O
б) 4IO3- → 3IO4- + I-
5. Тотығу дәрежелерінің мәндерін пайдаланып, келесі иондар мен қосылыстарды атаңыздар:
SnO; Cu2O; SO42- ; SnO2; Mn(OH)2; MnO4-; FeCI2; NO3-; CrO4-; FeCI3; VO3-; SO32-; Fe(ОН)2; СаCI2; PbCI4.
6. Әрбір жағдайда теріс зарядты ионның заряды «минус» 1(-1) екенін ескеріп, келесі қосылыстардың формулаларын жазыңыздар.
Калий хлораты (ІІІ);
Натрий хлораты (V);
Темір (ІІІ) гидроксиді;
Мыс (ІІ) нитраты (V).

10 зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет