Қорыта айтқанда, бағалы қағаздарды жоғарыда келтірілген суреттердегідей жіктеу қазіргі нарықта олардың сан алуан түрлерінің бар екенін білуге мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
-
Жалған капитал деген ұғым және оның экономикадағы мәні.
-
Бағалы қағаздардың жалған капитал аталуына себепші жағдайлар.
-
Жалған капиталдың нақты және қарыз капиталынан өзгешеліктері неде?
-
Акционерлік қоғамның анықтамасы, оның ел экономикасындағы маңызы.
-
АҚ-ның құрылтайшылары, жарғысы, акционерінің кұкықтары мен міндеттері.
-
АҚ-ның органдары: жоғары, басқару, атқарушы және бақылаушы.
-
Акциялардың бақылау бумасы деген не?
-
АҚ-ның құрылу жолдары: қайта құру, біріктіру, қосу бөлу, бөліп шығару және өзгерту.
-
Қоғамды тарату. Оның мүлкін бөлу кезектілігі.
-
Қарыз міндеттемелерінің анықтамалары.
-
Субъектіні қаржымен қамтамасыз етудің үш тәсілі қандай?
-
Бағалы қағаздар неге байланысты жіктелуі мүмкін?
-
Ақша нарығы және капитал нарығы деген ұғым.
ІІ ТАРАУ Корпоративтік бағалы қағаздар және
олардың сипаттамасы
2.1. Корпоративтік бағалы қағаздар түсінігі
Корпоративтік бағалы қағаздар деген эмитенттері акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар және басқа да ұйымдық-құқықтық меншік формасындағы мекемелер, сондай-ақ банктер, инвестициялық компаниялар және қорлар болатын бағалы қағаздар. Корпоративтік бағалы қағаздар қарызды, үлесті және туынды бағалы қағаздар болып үшке бөлінеді.
Қарызды бағалы қағаздар - ол ақша қаражатын белгілі-бір мерзімге қолдануға алып, оны қайтарғанда қарыз қаражатын қолданғаны үшін алдын-ала келісілген процент түріндегі өсімақы төлеу қажет екендігін білдіретін құжат. Қарыз қатынастарынан туындайтын корпоративтік бағалы қағаздардың түрлеріне облигациялар мен вексельдер, банктердің депозиттік және жинақ сертификаттары жатады. Үлесті бағалы қағаздар акция түрінде шығарылады, оны ұстаушы акционерлік қоғам мүлкінің белгілі-бір үлесін иемденуге құқылы. Туынды бағалы қағаздар - ол базистік активтің (яғни осы бағалы қағаздың негізі болатын актив) бағасының өзгеруіне байланысты туындап, мүліктік құқықты білдіретін құжатсыз бағалы қағаз. Базистік активке тауарлар (астық, ет, мұнай, алтын, көмір және т.б.) және негізгі бағалы қағаздар (акция, облигация) жатады. Туынды бағалы қағаздардың түрлері: фьючерстік шарттар (тауарлы, валюталы, проценттік, индекстік және б.) және еркін айналыстағы опциондар.
Корпоративтік бағалы қағаздар:
-
акционерлік қоғам құрылғанда және акцияларды құрылтайшылар арасында орналастырғанда;
-
қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін ұлғайтқанда;
-
облигациялар шығару арқылы қарыз капиталын тартқанда шығарылады.
Қалыпты жұмыс істеп тұрған қор нарығы негізгі екі нарықтан: негізінен кәсіпорындар мен банктердің акцияларынан тұратын корпоративтік бағалы қағаздар нарығы және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығынан тұрады. Бұл нарықтар көптеген елдердегі тәрізді бір-біріне 1.2 арақатынасымен біркелкі дамуы тиіс. Алайда, қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы қарқынды дамуда. Қазақстанда корпоративтік бағалы қағаздар нарығының баяу дамуының негізгі себептері - өндірістің құлдырауы және инфляцияның қарқындауы, сондай-ақ ірі отандық кәсіпорындардың акциясының бақылау бумаларын шетелдік баскарушы фирмаларға сатудың әсері. Соңғы айтылған фактіні практикалық тұрғыдан алғанда корпоративтік бағалы қағаздар нарығын қарқанды дамыту оның басқа нышандарын дамытуға қарағанда (мыс.Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігін құру, нарықты реттейтін құқықтық-нормативтік актілерді шығару және т.б.) маңыздырақ. Себебі ірі өндірістік кәсіпорындар тобының (олар көбінесе экономиканың өндіріп шығаратын секторындагы кәсіпорындар) бағалы қағаздары Қазақстан қор нарығының базасы болуы керек. Ондай кәсіпорындардың жоғары инвестициялық тартымдылығы өтімді әрі сенімді корпоративтік бағалы қағаздар шығаруға мүмкіндік береді.
Сайып келгенде корпоративтік бағалы қағаздар нарығын дамыту инвесторлардың бос қаражатын тартуға және оны ұтымды пайдалануға, сөйтіп шаруашылық салалары арасында қайта белуге, нәтижесінде ел экономикасын көтеруге қызмет етуі тиіс.
2.2. Вексельдер
Корпоративтік бағалы қағаздардың түрлерін тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, вексель - шаруашылықта қолданылған бағалы қағаздардың ең алғашқы формасы. Ертеден вексель есеп айырысуда ең қолайлы құрал ретінде, төлем құралы және тауарды қарызға сатып алғанда несие алу құралы ретінде қолданылған. Вексель міндеттемені орындауда және қарызды қайтаруда ұтымды нарықтық құрал болып есептеледі. Вексель қарыз алушының қолхатына байланысты пайда болған. Бастапқыда вексель опе-рацияларына қатысушылар біріне-бірі сенгендіктен қарыз қатынастарына түссе, кейіннен ол қатынастар құқықтық міндеттемелер сипатына ие болды. Сөйтіп вексель туралы алғашқы заңдар Еуропа елдерінде XVII-XVIII ғасырларда шыққан.
Вексельдер туралы заңнамалық актілерде барлық вексельдік құқықтық қатынастарды реттейтін мағлұматтар көрсетіледі. Олар: вексельдің формасы; оны төлемге берудің және төлеудің айналыс тәртібі; вексель мәмілесіндегі жақтардың құқығы және міндеттері.
Тауарлы-ақшалы қатынастардың дамуына және одан әрі күрделенуіне байланысты вексель бірте-бірте несиелік есептесудің әмбебап құралына айналды. Вексельмен несие қатынастары рәсімделеді, сонда ол несие ақшасы ретінде айналыста жүреді және ақшаның төлем құралы қызметін атқарады. Бағалы қағаз ретінде вексель әртүрлі мәмілелердің, яғни сатып алу-сату, есептеу, кепілдікке салу және басқа да іс-әрекеттер объектісіне айналады. Вексельді коммерциялық және банктік практикада, оның ішінде сыртқы саудада және халықаралық есеп айырысуда кең қолдану, сондай-ақ халықаралық вексельдік қатынастарда кездесетін қиындықтарды жою мақсатында әрбір елдің вексель туралы заңнамасын бір ізге келтіру қажет болды.
XVIII-XIX ғасырларда Еуропа елдері вексель туралы ұлттық заңдарды біріктіруге бірнеше мәрте ұмтылып, 1910 және 1912 жылдары 33 мемлекеттің өкілдері қатысқан Гаага конференциясында вексель туралы жалпы заңның тексті жазылып дайындалды. Алайда, заңдарды біріктіру туралы конвенцияны қабылдауға бірінші дүниежүзілік соғыс кедергі жасады. Тек 1930 жылы 7 тамызда Женевалық вексельдік конфенцияда 1868 жылғы Жалпыгермандық вексельдік жарғы негіз болған «Аудармалы және жай вексельдер туралы» Біртектес вексельдік заң қабылданды. Қазіргі вексель айналысының құқықтық негіздері болып осы заң саналады. Вексельдің үлгісі және оның кейбір құқықтық өзгешеліктері әрбір мемлекеттің ұлттық зандарына сәйкес толтырылады. Қазақстан Республикасында «Вексель айналысы туралы» Заң 1997 жылы 28 сәуірде қабылданды.
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі - вексель беріледі.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем мін-деттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығару және оны пайдалануды дамыту ертеден несие - қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге сауда-саттық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы - ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші ақшалай төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, я болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк сатып алады.
Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда қолданылатын ең бір басты қаржы құралы. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25 %-ін құрайды). Қазіргі кезде электрондық несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны бір сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспестігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар-ақша айналымын жеделдетеді. Қазақстан Республикасында қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасу кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстарының үзілуі және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген ынта арта түсуде. Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің өзінде вексель айналымын реттейтін бірсыпыра ереже-құжаттар пайда болды. Вексель төлем дағдарысын реттеп, тауар қорларының айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есеп айырысуды тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізі - серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару және оны айналымға түсіруге жасасқан келісімнің мәні мен маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ал вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем кабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар, ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтагы қаржы мүмкіншілігін де бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа ақшалы қарыз міндеттемелерінен бағалы қағаз ретіндегі вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни вексельде қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан вексельді міндетті түрде өтеу керек;
Үшіншіден, вексельдің айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель, немесе тратта болып екіге бөлінеді (7,8,9,10 қосымшалар). Жай вексельді төлеуші, яки вексель беруші жазады (2.1. Сурет). Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай сомаға толтырылды, қай уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп, вексель ием-денушіге береді. Сонымен бірге, онда вексель берушінің аты-жөні жазылып, қолы қойылады.
Вексель беруші (сатып алушы -телеуші)
|
1
|
Вексель иемденуші(сатушы, төлем алушы - несие беруші)
|
2
|
3
|
4
|
|
2.1. Сурет. Жай вексельдің айналысы
Жай вексельдің айналысы 2.1. Суреттегідей төрт кезеңнен тұрады.
-
Вексельді тауар сатып алушы тауар сатушыға береді (вексель беруші - вексель иемденушіге);
-
Сатушы тауарды жөнелтеді немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді (вексель берушіге);
-
Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынады,
-
Сатып алушы сатып алынған тауарға немесе көрсетілген қызметке ақы төлейді - вексельді өтейді.
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ (контрагенттер) өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші делдалды қатыстырмай-ақ өзі белгіленген уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель (яғни тратта) пайдаланылса, онда вексель айна-лысында бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Әлбетте үш, төрт және одан да көп контрагенттер қатысуы мүмкін.
Аудармалы вексель деп вексель берушінің (трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы үшінші жаққа (ремитентке)төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады.Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі.
Акцепт деген есеп айырысуда төлеушінің (акцепттанттың) өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Демек, акцепт - есеп айырысудың бір түрі.
1. Вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа), яғни қарыздарға тауарды және траттаны (аудармалы вексельді) береді;
-
Төлеуші (трассат) вексель бойынша акцепт беріп, оны вексель берушіге (трассантқа) қайтарады;
-
Вексель беруші (трассант) акцепттелген вексельді ремитентке - аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді;
-
Ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемді өтеуге жібереді;
-
Трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қойып жібереді;
6. Ремитент вексельді несие берушіге жібереді;
7. Несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың банкіне жібереді;
8. Ақша трассаттан несие берушіге қарызды өтеу ретінде түседі.
Төлем уақыты келгенде несие беруші несиені өтеу үшін трассатқа, яғни вексельді акцепттеген төлеушіге вексельді ұсы-нады. Трассат ақшаны несие берушіге аударған соң вексельді ұсынады. Трассат ақшаны несие берушіге аударған соң вексельді жояды. Өз кезегінде, несие беруші трассатқа (толеушіге) қарыздар болуы мүмкін, бұл жағдайда оған толеу үшін вексель жіберілуі тиіс. Онда трассат несие берушіге вексельді өтеу үшін қабылдағаны туралы айтады. Сол сияқты ремитент те несие берушіге қарыздар болуы мүмкін, бұл жағдайда ол вексельге вексельді басқа біреуге аударғаны туралы белгі жазып, несие берушіге берген өзінің міндеттемесін жояды.
Вексельді басқа біреуге пайдалануға берген жағдайда «индоссамент» деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яғни индоссант жазады, ал индоссаментті алған адам индоссат, вексельді өтеу үшін екінші, үшінші адамдарға аудару процесі индоссация деп аталады. Вексельді төлеуде басқа вексель иемденуші адамдармен катар индоссант та міндетті.
Біздің мысалда келтірілгендей ремитент вексельді екі түрлі пайдалануы:
-
төлеу үшін трассатқа ұсынуы;
-
я болмаса вексельдің сырт жағына аудару туралы белгі койып, басқа адамға төлеу құқығын беруі мүмкін.
Бұл жағдайда вексель иемденуші:
Біріншіден, төлем уақыты келгенше вексельді өзінде сақтап, ал төлем уақыты келгенде оны өтеуге ұсынуына;
Екіншіден, төлемді өтеу үшін вексельді үшінші адамға (ол адам басқаға) беруіне;
Үшіншіден, вексельді кепілге беріп, банктен несие алуына болады.
Вексельді толтырғанда кәсіпорын басшысы мен оның бас бухгалтері қол қояды. Егер вексельді жеке адам берсе, онда оның өзі қол қояды. Вексельде қажетті реквизиттер (мәліметтер) болуы шарт:
-
вексельдік таңба, яғни «вексель» деген құжаттың атауы кұжат толтырылған тілде;
-
төлемнің уақыты көрсетілуі;
-
міндеттеме бойынша келісілген соманы төлеу;
-
төлем өтейтін жер көрсетілуі керек;
-
кімге және кімнің үкімі бойынша төлем төленуі;
-
вексельді толтырған жер және уақыты көрсетілуі;
-
вексельді берушінің қолы қойылуы керек.
Осы айтылған мәліметтердің тек біреуі ғана көрсетілмеген жағдайда вексельдің құқықтық күші жойылады. Егер төлем уақыты көрсетілмесе, ондай вексельді ұсынған уақытта өтелетін деп қарау керек. Аудармалы вексель вексель берушінің «үкімімен» берілуі мүмкін. Ол сонымен қатар вексель берушінің өзіне беріліп, үшінші адамның есебіне жазылуы да мүмкін.
Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайына және олардың тауармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық, қазынашылық және жалған вексельдер болып та бөлінеді.
Коммерциялық (немесе саудалық) вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізінде айналысқа түседі. Бұндай вексель нақты тауар кепілдігіне, яғни ол сату операцияларын несиелендіру мақсатында беріледі. Келісім шарты жасалған шақта сатып алушының қажетті мөлшерде бос ақшасы болмаған жағдайда оның орнына сатушыға басқа төлем құралы - вексельді ұсынады. Ол өзінікі болумен қатар, басқанікі де, яғни индоссацияланған (басқаға аударылғаны туралы белгісі бар) болуы мүмкін. Әлбетте, вексель айналасының негізі - коммерциялық вексельдер.
Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәсімдеу қаржылық вексельдер деп есептеледі. Оған банктік, қазынашылық, траст және басқа да банк емес несие ұйымдарының вексельдері жатады. Бұған, мысалы, қаржы нарығында өзіне қаржы тарту мақсатымен бір банктің баска банкке берген тратталары дәлел бола алады.
Ал қазынашылық вексельдер деп мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерді айтады. Қазіргі уақытта вексельдің бұл түрі кең өріс алуда. Траст компаниялары ақша салушылардың өздеріне сенімін арттыру мақсатында олардың салымдары бойынша қарыз міндеттемелерін беруде. Әрине қазынашылык және басқа да қаржылық вексельдерді пайдаланғанда ол үшін өсім ақы төленеді.
Жалған вексельді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола (бронза), яғни құрқуыс және қарсы жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат.
Вексель айналысы жүйесінің негізгі элементі - вексельдің сенімділігі. Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылған. Оның біреуі - акцепт-авальды операциялар. Вексельдің акцепта деген төлеушінің вексельді өтеуге берген жазбаша келісімі. Сол сияқты, акцепттант (төлеуші) төлеуге келісім берген заңды немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Егер акцепттанттың рөлін банк атқарса, онда вексель бірінші класты (яғни қатерсіз) міндеттеме құқығын алады. Вексельдің акцепті міндетті емес, бірақ ол нарықта вексельдің еркін айналуына жағдай жасайды.
Вексельдік аваль - вексель бойынша кепілдік. Аваль беруші банк (авальшы) вексель беруші (егер жай вексель болған жағдайда) немесе акцепттант (аудармалы вексель болған жағдайда) тарапынан төлем төленбеген жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өзіне алады. Төлеу мерзімі келген кезде вексельді төлеу үшін тікелей банкке жібереді. «Аваль бойынша есептелсін» деген сөзді вексельдің бетжағына немесе қосымша қағазга (аллонжеге) жазады. Вексельді өтеудің бұл түрі - аваль акцептке қарағанда сиректеу қолданылады. Банктер вексель бойынша бұдан да басқа бірсыпыра операциялар жүргізеді. Мысалы, айналымдағы вексельдерді есептеуді коммерциялық банктер жүргізсе, оларды қайта есептеумен мемлекеттің Орталық банкі шұғылданады. Сол сияқты банк вексельді кепілдікке алып несие береді және вексельдермен комиссиялық операциялар да жүргізеді. Айта кететін жәйт, вексель-дерді есептеу және оны кепілдікке алу операцияларының негізінде коммерциялық несие формасынан оның екінші формасы - банктік несие пайда болады. Іс жүзінде банктің клиенті қолындагы вексельді банкке сатып, оның орнына қолма-қол ақша алады. Сөйтіп, «индоссамент» деген белгісі бар вексель банктің меншігіне айналады.
Қорыта айтқанда, банктер вексель бойынша бірнеше түрлі операция жүргізіп, бір жағынан олардың айналым жылдамдығын шапшаңдатса, екінші жағынан өздеріне пайда түсіреді.
2.3.Акциялар
Акция - акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз (1 қосымша). Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жүмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция - қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияда жазылған сома оның көрсетілген (номинал) құны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу-сату бағасын акцияның бағамы (курсы) деп атайды. Бұл баға акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Демек, акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын, сондай-ақ дивиденд мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады. Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі.
Жоғарыда (1.2. тарауда) жазылғандай акционерлік қоғам құрылғанда оның акциялары жарғылық капиталға қосқан салымына тең көлемде құрылтайшылар арасында орналастырылады. Сөйтіп акция:
-
жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық ка-питалын қалыптастырғанда;
-
меншікті акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
-
қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда шығарылады.
-
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
-
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.
-
Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция депте екіге бөлінеді (2.3.Сурет). Қоғам тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
-
Атаулы акция - иесі міндетті түрде когамның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында оны қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
-
Ұсынушы акциясы - иесінің аты-жөні қоғам кітабында тір-келмеген акция. Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.
Акция
|
|
|
|
Басқаға беру тәсілі бойынша
|
|
Басқаруға қатынасу құқығы бойынша
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |