Бағана клеткаларының қызметі, классификациясына сипатта беріңіз. Бағана клеткаларын культивирлеу қалай жүргізіледі?


Биобанктерді құру және олардың қызметінің ережелері. Жасушалардың бас банкіне және жасушалардың жұмыс банкіне анықтама беріңіз



бет7/14
Дата26.12.2023
өлшемі115.02 Kb.
#488014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Вопросы РК 2м

Биобанктерді құру және олардың қызметінің ережелері. Жасушалардың бас банкіне және жасушалардың жұмыс банкіне анықтама беріңіз.

Биобанк денсаулық сақтау ұйымының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының және ғылыми ұйымның негізінде құрылады.

Базасында биобанк құрылатын ғылыми зерттеу орталығына мынадай талаптар қойылады:


1. ғылыми және ғылыми техникалық қызмет субьектісі ретінде аккредиттеудің және медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы;
2. биологиялық және клиникалық зерттеулер жүргізу үшін ( биологиялық материалдарды биомедициналық мақсаттарда және клиникалық зерттеулерде пайдалану кезінде) және биобанктермен жұмыс істеу бойынша стандартты операциялық рәсімдердің болуы;
3. Тиісті фармацевтикалық практикалар стандарттарының медициналық білімі және тиісті клиникалық практика бойынша оқыту туралы құжаты бар персоналдың болуы;
4. Орталық комиссияның оң қорытындысының және Биоқауіпсіздік жөніндегі сарапшының оң қорытындысының болуы;
5. орындалатын рәсімдердің биологиялық тәуекелдерін бағалау хаттамасының болуы

Биобанк қызметі мыналарды қамтиды:


1. Биологиялық материалдардың үлгілерін жинау, кірісті көру арқылы сапаны бақылау, сақтау;
2. зерттеушілерге биологиялық материалдарды олар әзірлеген енгізу критерийлері бойынша беру
3. биологиялық материалдардың сақталған үлгілері мен ілеспе медициналық, демографиялық және зертханалық ақпараттың есебін жүргізу, электрондық мәліметтер базасын жүргізу;
4. биологиялық материалдар үлгілерінің жиналған коллекцияларының температуралық режимдерге сәйкес, жинақталған толық қауіпсіздігіне кепілдік беретін резервтік қуат көздерінің болуымен сақтау;
5. зерттеушілер мен ғылыми орталықтың ғылыми топтарына биологиялық материалдарды жинау , өңдеу, сақтау және талдау бойынша қызметтер ұсыну;
6. басқа қазақстандық және шетелдік биобанктермен өзара байланыс орнату;
7. биобанктер мен медициналық ұйымдар арасында биологиялық материалдар үлгілерін алмасу;

Жасушалардың бас банкі-белгілі бір жағдайда алынған жасушалардың бір түрден алынған аликвоталары.

Жасушалардың жұмыс банкі-ЖББ клеткаларын культивирлеуде алынған клеткалардың гомогенді суспензияларынан тұратын жұмыс банкі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет