Микроорганизм клеткаларын иммобилиздеудің физикалық әдістеріне толық сипаттама.
Иммобилизация – бұл ферментті қандайда бір ерімейтін тұтынушыға (носитель) бекіту. Фермент ерітіндімен субстрат жəне өнімнің молекулаларымен алмаса алады. Бұл əдіске жоғары баға беруге болады. Біріншіден, мұндай иммобилизацияланған ферментті бөліп алуға жəне бірнеше рет қолдану мүмкідігі бар. Екіншіден, мұндай фермент ұзақ уақыт бойына белсенділігін жоғалтпайды.
•Ферменттердің иммобилизациясы - олардың тұрақтылығын арттыру.
•Термин «иммобилизденген ферменттер» 1971 ж. Инженерлік Энзимология жетістіктеріне арналған 1-ші Халықаралық конференцияда (Хенникер қ., АҚШ) ресми түрінде қабылданған және де белокты молекуланың қандай болмасын қозғалысын шектеуін білдіреді.
Микроб клеткаларының иммобилиздеу процесстері химиялық, физикалық және механикалық әдістерге бөлінеді.
Физикалык адістер. Микроорганизм клеткаларынын физикалык иммобилиздеу эдістеріне - клеткалардын тасмалдаушыларга адсорбциялык бекіну жоне микроорганизмдердін бір-біріне бекініп агрегациялау, тасымалдаушынын релін клеткалардын оздері аткарады, агломераттар
(флокулалар) тузеді.
•1. Адсорбциялық иммобилиздеу кезінде, микроб клеткалар әртүрлі бетті - саңылаулы және тегіс құрылымды тасымалдаушыларға жабысу қабілеттіліктерімен бекінеді. Адсорбент ретінде әр түрлі органикалық және неорганикалық тасушылар қолданылуы мүмкін – әр түрлі полимерлер, керамика, құм.
2. Микроб клеткаларының агрегациялауы - тaсымaлдaушының рөлiн клеткaлaрдың өздері атқарады, микрooргaнизмдер клеткалары бір-біріне бекініп aглoмерaттaр (флокулалар) түзеді.
•3. Адгезия процесі клетка қабықшасынын құрамы және құрылымен байланысты, яғни, клеткалардың бірі-бірімен және түрлі субстраттарға бекінудің биологиялық қасиеттерімен байланысты қарастырады. Клетка қабықшасы клетканың бетін түгелдей жабады, өте жұқа және иілгіш. Клетка қабықшасының бетінде бактериофагтар, бактериоциндер үшін рецепторлар орналасады және де одан су, тұз және төмен молекулалы қосылыстар оңай өтеді. Клетка қабықшасының бетіндегі функционалды топтар дақылданған қоректік орта және микроб ерекшіліктерімен анықталынады.
•Бекінген микроорганизмдер клеткалары температураға, рН, қысымға, ортаның құрамының өзгерулеріне тұрақты, төзімділігі бірнеше есе артуы “Quorum Sensing» (QS) атау алды. Сонымен, белгілі мөлшерде топтасқан, яғни адгезияланған микроб клеткаларда, жаңа қасиеттер пайда болады, соның ішінде, қоршаған ортанының факторларына төзімділігі артады немесе микроб клеткаларының QS эффектісі деп аталады.
№2
Достарыңызбен бөлісу: |